"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚҰЛПЫНАЙ СОРТТАРЫН   МИКРОКӨБЕЙТУ ҮШІН  ФИТОГОРМОНДАР АРА



Pdf көрінісі
бет308/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   372
 
ҚҰЛПЫНАЙ СОРТТАРЫН   МИКРОКӨБЕЙТУ ҮШІН  ФИТОГОРМОНДАР АРА 
ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ 
 
Ниязбек П.Қ. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті 
n.piko@mail.ru
  
 
Бақша құлпынайы – жылдам вегетативті көбеюге, тез жеміс беруге, өнімділікке қабілеті бар кең 
таралған  жидек  дақылы.  Құлпынай  дақылы  əлемде  кең  таралғанымен,  оны  вегетативті  көбейтуде 


210 
 
жиырмадан  астам  ауру  түрлерімен  астам  залалданады.  Осыған  байланысты  аурулармен  күресудің 
негізгі əдісі –сауықтырылған көшет материалын қолдану болып табылады.  
Көшет  материалын  сауықтыру  үшін  биотехнологиялық  əдістер,  соның  ішінде  өсімдіктерді 
клондық микрокөбейту кеңінен қолданылады.  
Бастапқы  экспланттарды  алу  үшін  құлпынайдың    Зенга-  Зенгана,  Капабланка,  Дана  сорттары 
алынды.  In  vitro    қоректі  ортасына  енгізу  үшін  материал  ретінде  өсімдіктің  мұртшалары  жəне 
тамырланбаған 
розеткалары 
пайдаланылды. 
Зертханалық 
жағдайда 
өсімдік 
бөліктерін 
заласыздандыру  үшін  «Доместос»,  «Белизна»  жəне  HgCl

ерітінділері  əр  түрлі  қатынаста  жəне 
экспозияцияда қолданылды.  
Залалсыздандырылған құлпынай экспланттарын қоректік ортаға енгізу үшін құрамында БАП - 
0,1 мг/л, ИМҚ - 0, 1 мг/л, ГҚ - 0,01 мг/л бар, рН – 5,6 түрлендірілген Мурасиге жəне Скуг қоректік 
оратсына  отырғызылды,  қоректік  ортасына  3  апта  бойы  ұсталып,  құлпынай  өсімдігін  клондық 
микрокөбейту  жағдайына  фитогормондар  əсерін  анықтау    үшін  Мурасиге-Скуг  қоректік  ортасына 
БАП (0,5-1 мг/л), ИМҚ (0,2; 0,1 мг/л), ГҚ (0,05; 0,5 мг/л), сахароза (20; 30 г/л) қосылды. Экспланттар 
жарық  бөлмеде  16  сағаттық  фотопериодта,  23-25 
0
С    температурада  5-7  апта  өсірілді  жəне  5  күн 
сайын бақылаулар жүргізілді.  
Тəжірибе  нəтижесінде  залалсыздандыру  үшін  ең  жоғары  көрсеткіш  HgCl
2
  0,1%  3  минуттық 
уақыт экспозисиясы агенттер нұсқасында тірі қалған өсімдіктердің 80% құрады. 
Тəжірибеге  алынған  3  сорт  құрамында  0,5-1,0  мг/л  БАП,  0,1  мг/л  ИМҚ,  0,05  мг/л  ГҚ,  30  г/л 
сахароза  бар  Мурасиге  жəне  Скуг  қоректік  ортасында  жақсы  көбейді.  Ең  жоғарғы  көрсеткіш  Дана 
сортында болды, ең төменгі көрсеткіш 1,0 мг/л БАП; 0,2 мг/л ИМК; 0,5 мг/л ГК; 30 г/л сахароза құрам 
нұсқасында  Зенгана  сортында  болды.  Ерекшеленген  қоректік  орта  нұсқасында  өсімдіктердің 
ұзындығы,  олардың  дамуы,  жапырақтар саны  мен  түсі жоғары деңгейде болды.  ГҚ  0,5  мг/л  болған 
қоректік ортада каллустардың түзілуі байқалды. БАП 0,5 мг/л (төмен) болған жағдайда өсімдіктердің 
кобею коэффициенті төмендеді.  
Қорыта  келгенде,  клондық  микрокөбейту  үшін  құлпынай  өсімдіктерін  0,5-1,0  мг/л  БАП,  0,1 
мг/л ИМҚ, 0,05 мг/л ГҚ, 30 г/л сахароза бар  МС қоректік ортасында өсіру тиімділігі анықталды.  
Ғылыми жетекші:  б.ғ.к., профессор  Есмагул Куаныш 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет