"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТАР



Pdf көрінісі
бет310/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТАР 
 
Оралқан М., Керимкулова Ж. 
Шəкəрім атындағы Мемлекеттік Университеті 
m.oralkan@mail.ru
  
 
Қазіргі  кезде  флавоноид  тобына  жататын  заттар  фармакологтардың  қызығушылығын  күрт 
тудырады.  Оның  себебі  бұл  қосылыстар  көптеген  дəрілік  жəне  биологиялық  белсенді  қосымшалар 
(ББҚ)  құрамына  кіреді  жəне  адам  организмі  үшін  бірқатар  пайдалы  қасиеттері  бар.  Көптеген 
зерттеулер бойынша флавоноидтарға негізделген препараттар жоғары деңгейде ісікке қарсы құралдар 
болып табылады жəне жүрек қан-тамыр жүйесінің ауруларының қауіпін азайтады. Оның құрамында 
көптеген  əртүрлі  бояушы  пигменттер  болады  (флавондар,  флавонолдар,  антоциондар).  Бұл 
пигменттер өсімдіктердің жоғарғы жəне төменгі бөліктерінде көп мөлшерде кездесіп отырады. 
 Жоғары  биологиялық  белсенділігімен  бірге,  флавоноидтардың  құнды  ерекшелігі,  олардың 
уыттылығы төмен екенін ескерту керек. Өсімдік əлемінде флавоноидтар кеңінен таралған. 
Флавоноидтар  —  екі  бензол  сақиналары  бір  бірімен,  оттегі  бар  үшбұрышты  фрагментпен 
байланысқан,  кеңінен  таралған  табиғи  антиоксиданттар  тобы.  Кверцетин  –  5,7,3

,4

-
тетрагидроксифлавонол  –  флавоноидтар  қатарының  ең  кеңінен  таралған  табиғы  антиоксидант.  Ол 
көптеген  дəрілік  препараттардың  жəне  ББҚ-дың  құрамында  бар.  Флавоноидтар,  олардың  əртүрлі 
ерігіштігі,  сорбциялық  қабілеті,  сонымен  бірге  көрінетін  жəне  фильтрленген  ультракүлгін  сəуледе, 
түрлі  хромогенді  реагенттермен  айқындау  алдында  жəне  айқындаудан  соң,  заттардың  ерекше  өзіне 
тəн бояуларының арқасында, хроматографиялық талдауға өте ыңғайлы. 
Флавоноидтарды 
зерттеу 
үшін 
 
анализ 
объектілері 
ретінде 
келесі 
шөптер: 
Түймедақ (лат. Matricaria  chamomilla)  – астралылар тұқымдасына  жататын  бір  жылдық  шөп 
тектес өсімдік;  шәйқурай  (лат.  Hypericum)-  шəйқурай  тұқымдасына  жататын  бір  жəне  көп  жылдық 
дəрілік өсімдік; құрамында флавоноидтар, фитонциды жəне түрлі витаминдер бар пияз қауызы жəне 
түйетікен (лат. Carduus) – астралылар тұқымдасына жататын екі жылдық шөптер қолданылды. Осы 
дəрілік  өсімдіктердегі  флавоноидтар  сапалық  жəне  сандық  анализ  бойынша  анықталды.  Өсімдік 
құрамында  флавоноидтар  бар  екені,  спирт  ерітіндісімен  өңдегенде,  олардың  хроматографиялық 
пластинкада  УК-жарық  (250–366  нм)  аппаратында    ашық  сары  жəне  қызыл  түстерді  беруі  сапалық  
анализбен  дəлелденді.  Дəрілік  өсімдіктердің  сандық  мөлшері  стандартты  кверцитин 
концентрациясымен  анықталды.  Өсімдік  құрамындағы  флавоноидтар  мөлшерін  хроматографиялық 
пластинаға тамған кверцитин  дағының ауданы мен массасы арқылы өлшенді. Дəрілік өсімдіктердің 
құрамындағы  флавоноидтардың  мөлшері  анықталды,  онда  келесі  нəтижелер:  түймедақ  -  0,1540%, 
шəйқурай -0,1594% , пияз қауызы-0,1575%  жəне түйетікен-0,1699% алынды.  
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Раушан Тлеугазиновна 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет