"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІМДІК АЛУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет307/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   372
Байланысты:
thesis114326

IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІМДІК АЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ниязбек А.C. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті 
n-aruna@mail.ru
  
 
Адам тірі организмдерді өзіне қажет өнімдерді алу үшін ежелден пайдаланып келеді. Мысалы, 
ауыл  шаруашылығында  жеке  организмдер  мен  олардың  популяциялары  қолданылады.  Жалпы 
айтқанда, бүкіл ауыл шаруашылығын биотехнология деп есептеуге де болар еді.Себебі, бұл салада да 
биологиялық  объектілер  мен  процесстер  пайдаланылады.  Жаңа  биотехнологияда  керекті  өнімдерді 
алу  үшін  in  vitro  жағдайында  өсірілетін  клеткалар  (микроорганизмдер,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
клеткалары), клетка органоидтары, ферменттер мен мультифермент жүйелері, гендік жəне клеткалық 
инженерия əдістерімен құрастырылған жасанды тіршілік формалары қолданылады. 
Өсімдіктер  көптеген  маңызды  заттардың  бірден  бір  қайнар  көзі  болып  келеді.  Бірақ  өсімдік 
шикі  затының  қоры  табиғатта  таусылып  бара  жатыр.  Осыны  еске  алғанда,  клеткалық 
техналогияардың орны болашақта ерекше зор екенін түсінуге болады. Зертханалық жағдайда бидай  
паренхимасынан тұтас өсімдік алынды. Бұл əдістің қолдану ерекшелігі келешекте биотехнологиялық 
жолдармен өсімдіктердің сапалы сорттарын алуға үлкен ықпалын тигізеді.   
 Қорытынды:  Қазіргі  уақытта  кей  елдерде  100-ге  жуық  өсімдік  түрлері  маңызды  қосымша 
заттарды  алу  үшін  биосинтездік  өндірісте  қолданылады.  Олардың  ішінде:  жень-шень,  жылан 
раувольфиясы,  жүн  жəне  қызғылт  оймақгүлдері,  дельта  тəрізді  диоскорея,  торғайшөп,  итжидек, 
бөліктенген алқа, кəдімгі сасықмеңдуана, май меруерт гүлі, үпілмəлік, агава, тіс амми, апиын көкнəр, 
т.б. 
Жалпы  жасанды  қоректік  ортада  өсірілген  клеткаларда  генетикалық  информация  сақталады, 
бірақ  оның  жүзеге  асуы  үшін  ерекше  жағдайлар  қажет.  Шамамен,  жоғары  өнімді  өсімдіктер  мен 
ұлпалардан  бөлініп  алынған  клеткаларда  сол  метаболиттердің  биосинтезіне  қажет  генетикалық 
информациясы болады. 
Ал  болашақта  өнімді  штаммдарды  шығарудың  ең  тиімді  жолы,  ол  клеткалық  жəне  гендік 
инженерия  əдістерін  пайдаланып  жаңадан  өте  өнімді  қажетті  клеткаларды  құрастыру  болып 
табылады. 
Биотехнология  биологиялық  білімді  практикада  қолданып,  адамзат  алдында  тұрған  мынадай 
көкейтесті 
мəселелерді 
шешуге 
жол 
ашады: 
Азық-түлікпен, 
дəрі-дəрмекпен, 
жаңа 
энергоресурстармен қамтамасыз ету жəне де экологиялық жағдайды жақсарту. Биотехнология, сөзсіз, 
XXI ғасырдың жоғары дəрежелі технологияларына жатады.  
Практикалық ұсыныстар: 
1.  Экологиялық  қолайсыз  аймақ  тұрғындарын  таза  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  жолдарын 
қарастыру; 
2.  Биотехнология  əдістерін  пайдалана  отырып  өсімдіктердің  түрлерін  зертханалық  жағдайда 
өсіріп, өндіріспен тығыз байланыста болу;  
3.  Өсімдіктерді  өсіру  барысында  экономикалық  тиімді  жəне  экологиялық  таза  өнім  алу 
жолдарын пайдалану.  
Ғылыми жетекшісі: Ибадуллаева Салтанат Жарылқасынқызы ҚМУ профессоры, б.ғ.д 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет