"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МҰНАЙДЫҢ ДЕСТРУКТОР-БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ БЕТКІ-БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ ТҮЗУ



Pdf көрінісі
бет312/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   372
Байланысты:
thesis114326

МҰНАЙДЫҢ ДЕСТРУКТОР-БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ БЕТКІ-БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ ТҮЗУ 
ҚАБІЛЕТТЕРІН ӨСІРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАҒАЛАУ 
 
Өтен М.С., Арчин А., Атамкулов Р., Жүнүсова М., Медеубекова Б., Кушекбаева А.Б., Маратова 
А. М., Қоныратбай Б. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
raihan.konaevna@gmail.com
 
 
Қазіргі  кезде  өзекті  экологиялық  мəселелердің  бірі  экожүйелердің  мұнай  жəне  мұнай 
өнімдерімен  ластануы  болып  табылады.  Мұнайдың  құрам  бөлігіндегі  өнімдер  жануарларға, 
өсімдіктерге,  микроорганизмдерге  уытты  əсер  етеді,  су  мен  топырақта  су  жəне  ауа  алмасу 
режимдерін  бұзады.  Мұнаймен  ластануды  азайтудың  жетістігі  мол  əдістерге  көмірсутектердің 
деструктор-микроорганизмдерін  қолдануға  негізделген  биоремедиация  əдістері  жатады.  Мұнай 
көмірсутектері  гидрофобты  болуына  байланысты  бактериялардың  гидрофильді  клеткаларымен 
сіңірілуі  қиындықтар  туғызады.  Бұл  қарама  қарсылықты  болдыртпау  үшін  биологиялық  беткі-
белсенді  заттарды  –  биосурфактанттарды  (биоББЗ)  түзуге  қабілетті  мұнай  тотықтырушы 
бактерияларды  қолдану  маңызды  болып  табылады.  БиоББЗ  өздерінің  синтетикалық  аналогтарына 
қарағанда  уытты  емес  жəне  биологиялық  жолмен  ыдырайды,  арзан  шикізаттардан  микробтармен 
түзіледі. Сондықтанда биоББЗ-дың продуцент-культураларын зерттеудің маңызы зор.  
Жұмыстың  мақсаты  биоББЗ  продуцент-бактерияларды  іздеу  үшін  бактериялардың  беткі-
белсенді қасиетіне əсер ететін факторларды зерттеу. Алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі 
міндеттер  орындалды:  биоББЗ-дың  продуцент  бактерияларын  таңдап  алу;  коллекциядағы  мұнай 
тотықтырушы  бактериялардың    арасынан  ББЗ  түзуге  мүмкіншілігі  бар  продуценттерге  зерттеу 
жүргізу; 
биоББЗ 
түзетін 
продуцент-культуралардың 
беткі-белсенді 
қасиеттеріне 
өсіру 
жағдайларының  əсерін  зерттеу,  ББЗ  түзуге  белсенді  көмірсутегін  тотықтырушы  продуцент-
штамдардың мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациясына тиімділігін анықтау. 
Жүргізілген  зерттеу  нəтижесінде  мұнай  тотықтырушы  бактериялардың  коллекциясынан  5 
штамм  Rhodococcus  erythropolis  МР22,  Rhodococcus  sp.  JМ48,  Rhodococcus  sp.  RP12,  Mycobacterium 
RР42  жəне Mycobacterium KR55 іріктеп алынды.  Олардың бөлшектеу белсенділігі 58,1±1,2% дейін 
болды.  Іріктеп  алған  5  штаммның  биоББЗ-ның  табиғаты  көмірсутектерде  еритін  жəне  клеткадан 
мұнай  өнімдерімен  экстрагирленетін  липидтерге  ұқсас  болатындығы  анықталды.  Бактериялардың 
культуралды  сұйықтықтарының  беткі-белсенді  қасиеттері  қоректік  ортаның  түріне,  ортадағы 


213 
 
көміртегі,  азот  жəне  фосфордың  көзі,  көміртегінің  гидрофобты  көзі,  биомассаның  гетерогенділігі 
сияқты өсу жағдайларына байланысты екендігі анықталды.  
Сонымен,  ББЗ  продуцент-штамдарын  мұнаймен  ластанған  топырақтың  биоремедиациясына 
тиімділігін зертеуде іріктеп алған 5 штамның арасында  R. erythropolis МР42 штамы мұнайдың 120,1 
мг/кг топырақ мөлшерін на 61,1±1,4 % дейін төмендететіндігі анықталды. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Сыдыкбекова Р.К. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет