"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНДАҒЫ АШЫҚ САҚТАУЛЫ КҮКІРТТІҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет62/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   372
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНДАҒЫ АШЫҚ САҚТАУЛЫ КҮКІРТТІҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ 
ЖАМЫЛҒЫСЫНА ТИЕТІН ӘСЕРІ 
 
Кубланова А. Ж. 
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектеп 
ainam_55@mail.ru
  
 
Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына 
баға беру жəне биоалуандылықта сақтау маңызды мəселелердің бірі болып отыр.  
Жаңажол  жəне  басқа  мұнай  газ  кен  орындарында  мұнай  өндіру,  тасымалдау  жəне  өңдеу 
көлемдерінің үздіксіз дамуы Ақтөбе облысының экологиялық жағдайына əсер етуде. 
Күкіртті  ашық  сақтаулардың  өсімдіктердің  жамылғысына  əсер  ету  дəрежесін  бағалауда  ол 
барлық технологиялық объектілерді жобалық пайдалану шарттары үшін орындалған қоршаған ортаға 
тигізілетін  кешенді  əсерлерді  анықтау  шегінде  орындалатындығын  ескеру  қажет.  Кен  орынның 
объектілеріне  жақын  орналасқан  өте  күшті  əсер  ету  аймақтарында  топырақ  жамылғылары  мүлдем 
жоқ. Өте əлсіз əсер ету аймақтары қауымдастықтың күйі мен түрлік алуантүрлілігі жағынан табиғи 
аймаққа  өте  жақын.  Жұмысшы  аймақ  күшті  əсер  ету  аймағында  орналасқан,  оның  əсер  ету 
қарқындылығы  жоғары.  Жұмысшы  аймақтан  солтүстікке,  шығысқа  жəне  оңтүстікке  қарай  бір 
қалыпты жəне əлсіз əсер ету аймақтары орналасқаны болжанды. Батыста аталған аймақтар аумақтың 
жағалау бөлігінде əлсіз əсер ету аймақтарымен алмасады.  
  Өсімдік  жамылғысының  алдағы  уақытта  бұзылуына  болжамдық  баға  беру  техногендік 
жүктеме  көбейген  кезде  флораның  жекеленген  түрлерінің  де,  топырақ  жамылғысының  да 
экологиялық  күйімен  бағаланады.  Бағалау  кезінде  топырақ  жамылғысының  бұзылу  дəрежесі  жəне 
зерттеулер  аралығындағы  кезең  ішіндегі  оның  өзгеру  динамикасы  секілді  сандық  көрсеткіштер 
қолданылды. 
Қазақстан аумағында күкіртті ашық сақтаудың өсімдік жамылғысына, өсімдіктердің  тіршілік 
күйіне əсер етуі туралы зерттеулер бұрын жүргізілмеген. Морфо-анатомиялық  құрылысына бірнеше 
факторлардың əсер етуі себеп болады, олардың ішінен күкірт пен оның қосылыстарын анықтау өте 
қиын.  Дегенмен  күкірт  белгілі  бір  мөлшерде  өсімдіктер  үшін  пайдалы,  ол  өсімдіктердің  өсуі  мен 
дамуына  жақсы  əсер  етеді,  дегенмен  өзара  əрекеттесудің  мөлшерлік  сипатын  анықтау  үшін  нақты 
гистохимиялық  зерттеулер  қажет.  Күкіртті  ашық  сақтау  кезінде  күкірт  пен  оның  қосылыстарының 
өсімдіктерге күкірт пен күкіртсутектің атмосфераға таралу есебінен əсер етуін ШРМ елеусіз мөлшері 
жұмысшы  аймаққа  іргелес  жатқан  аумақпен  шектелуі,  жерүсті  жəне  грунт  сулары    мен  күкірттің 
топыраққа түсуі əсер етеді деп айтуға болады. 
 


44 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет