5 лекция Регрессия теңдеуі түріндегі статикалық және динамикалық модельдер (3-ші бөлім) Мақсаты: лекцияда идентификациялау есептерін тәжірибелік шешуде пайдаланылатын дисперсиялық талдау, кездейсоқ шамалардың таралу параметрлерін статистикалық бағалау және статистикалық гипотезаларды тексеру теория элементтерін қарастыру.
Тезистер Идентификаттауда пайдаланылатын талдау әдістерінің тағайындамасын қысқаша атап шығайық:
Дисперсиялық талдау бір немесе бірнеше сапалық айнымалылардың (факторлардың) бір тәуелді мөлшерлік айнымалыға (қайтарымға) тигізетін әсерін зерттеу үшін пайдаланылады.
Уақыттық қатарларды талдау жеке немесе байланысқан уақыттық қатарларға пайдаланылады және уақыттық үрдістердің периодтылығы мен өзара әсерлерінің түрлі формаларын ерекшелеуге, сонымен қатар, уақыттық қатардың болашақ тәртібін болжауға мүмкіндік береді.
Регрессиялық процедуралар кейбір теңдеумен сипатталатын және экспериментальды мөлшерлік айнымалылар арасындағы функциональдық тәуелділікті бейнелейтін модельді есептеуге мүмкіндік береді, және сонымен қатар, модельдің экспериментальдық деректерге адекваттылығы туралы гипотезаны тексереді.
Корреляциялық талдау – ол сұрыптаулар арасындағы құрылымдық тәуелділіктерді анықтауға және математикалық түрде бейнелеуге бағытталған статистикалық әдістер тобы.
Кластерлік талдау объекттерді бір-бірінен қашықтатылған класстардың берілген санына жіктеуді іске асырады, және сонымен қатар, оларды топтарға (кластерлерге) иерархиялық біріктіру арқылы объекттер классификацияларының ағашын құрады.
Факторлық талдаудың негізгі есебі бастапқы (мәндері экспериментте тіркелетін) айнымалылардың көпөлшемді кеңістігінде екінші айнымалылардың (факторлардың) қысқартылған жүйесін табу болып табылады.
Сапаны бақылау әдістері өнім сапасының төмендеуіне әкелетін өндірісті ұйымдастырудағы және технологиялық үрдістердегі тар жерлерді және бұзылымдарды анықтау мақсатында шығарылатын өнімді бақылау үшін арналған.