«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


лекция Регрессия теңдеуі түріндегі статикалық және динамикалық модельдер (3-ші бөлім)



бет23/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
5 лекция Регрессия теңдеуі түріндегі статикалық және динамикалық модельдер (3-ші бөлім)
Мақсаты: лекцияда идентификациялау есептерін тәжірибелік шешуде пайдаланылатын дисперсиялық талдау, кездейсоқ шамалардың таралу параметрлерін статистикалық бағалау және статистикалық гипотезаларды тексеру теория элементтерін қарастыру.


Тезистер
Идентификаттауда пайдаланылатын талдау әдістерінің тағайындамасын қысқаша атап шығайық:

  • Дисперсиялық талдау бір немесе бірнеше сапалық айнымалылардың (факторлардың) бір тәуелді мөлшерлік айнымалыға (қайтарымға) тигізетін әсерін зерттеу үшін пайдаланылады.

  • Уақыттық қатарларды талдау жеке немесе байланысқан уақыттық қатарларға пайдаланылады және уақыттық үрдістердің периодтылығы мен өзара әсерлерінің түрлі формаларын ерекшелеуге, сонымен қатар, уақыттық қатардың болашақ тәртібін болжауға мүмкіндік береді.

  • Регрессиялық процедуралар кейбір теңдеумен сипатталатын және экспериментальды мөлшерлік айнымалылар арасындағы функциональдық тәуелділікті бейнелейтін модельді есептеуге мүмкіндік береді, және сонымен қатар, модельдің экспериментальдық деректерге адекваттылығы туралы гипотезаны тексереді.

  • Корреляциялық талдау – ол сұрыптаулар арасындағы құрылымдық тәуелділіктерді анықтауға және математикалық түрде бейнелеуге бағытталған статистикалық әдістер тобы.

  • Кластерлік талдау объекттерді бір-бірінен қашықтатылған класстардың берілген санына жіктеуді іске асырады, және сонымен қатар, оларды топтарға (кластерлерге) иерархиялық біріктіру арқылы объекттер классификацияларының ағашын құрады.

  • Факторлық талдаудың негізгі есебі бастапқы (мәндері экспериментте тіркелетін) айнымалылардың көпөлшемді кеңістігінде екінші айнымалылардың (факторлардың) қысқартылған жүйесін табу болып табылады.

  • Сапаны бақылау әдістері өнім сапасының төмендеуіне әкелетін өндірісті ұйымдастырудағы және технологиялық үрдістердегі тар жерлерді және бұзылымдарды анықтау мақсатында шығарылатын өнімді бақылау үшін арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет