Статистикалық гипотезаларды тексеру алгоритмі. Статистикалық гипотеза түсінігі КШ таралу түрі немесе оның таралуының кейбір параметрі туралы жорамалдауды білдіреді. Гипотезаны тексерудің мағынасы берілген сұрыптау бойынша есептелген белгілі бір статистикалық көрсеткішті (мағыналық критерийін) тексерілетін гипотеза дұрыс болатын шартта теориялық табылған мағыналық критериймен салыстыруда,
1) Mx = C туралы гипотезаны тексеруде критерий ретінде келесі шаманы пайдаланады:
(5.15)
Бұл шама гипотеза дұрыс деген шартта v=n-1 еркіндік дәрежелері бар Стьюденттің t-таралуына ие. Егер (5.15) қатынас бойынша есептелген t мәні абсолют шамасы бойынша α мағыналық деңгейінде және v еркіндік дәрежелер санында t-таралу кестесі бойынша табылған күдікті tкр=t(α, v) мәннен аспайтын болса, онда Mx=C туралы гипотеза қабылданады, кері жағдайда қабылданбайды.
2) Кездейсоқ X және Y шамалардың көлемдері n1 және n2 екі сұрыптамалары бойынша есептелген екі математикалық күтімдердің теңдігі Mx = My туралы гипотезаны тексеруді келесі критерий бойынша жүргізеді:
(5.16)
(5.17)
t критерий еркіндік дәрежелер саны v=n1+n2-2 болатын Стьюденттің t-таралуына ие. Гипотезаны тексеру алдыңғы жағдайдағыдай орындайды, яғни, |t|<=tкр болғанда гипотеза қабылданады, ал |t|>tкр болғанда қабылданбайды.
3) және бағалары көлемдері n1 және n2 екі сұрыптамалары бойынша анықталған екі кездейсоқ X және Y шамалардың дисперсияларының теңдігі туралы гипотезаны тексеруді алымы үшін еркіндік дәрежелер саны v1=n1-1 және бөлімі үшін еркіндік дәрежелер саны v2=n2-1 Фишер таралуына ие болатын келесі критерийді пайдалану арқылы жүргізеді:
, (5.18)
(5.18) критерий бойынша алынған мәнді күдікті Fкр=F(α, v1, v2) мәнбен салыстырады. Егер F4) Екі КШ арасында корреляцияның жоқтығы туралы гипотезаны тексеруде келесі қатынасты пайдаланады:
, (5.19)
мұнда: - (5.7) бойынша табылған корреляция коэффициентінің бағасы,
t шама еркіндік дәрежелер саны v=n-2 болатын Стьюденттің t-таралуына ие. Егер (5.19) қатынас бойынша есептелген t мәні абсолют шамасы бойынша α мағыналық деңгейінде және v еркіндік дәрежелер санында t-таралу кестесі бойынша табылған күдікті tкр=t(α, v) мәннен аспайтын болса, онда бас жиынтықта корреляцияның жоқ болуы туралы гипотезадан бас тартуға негіз жоқ, кері жағдайда X пен Y шамалар арасында корреляция бар деп қабылдаймыз.
Бақылау сұрақтары
1 дисперсиялық талдау теориясының элементтері;
2 кездейсоқ шамалардың таралу параметрлерін статистикалық бағалау;
3 сәйкестендіру есептерін практикалық шешуде қолданылатын статистикалық гипотезаларды тексеру;
4 статистикалық гипотезаларды тексеру алгоритмі.
Негізгі әдебиет
Ахназарова С.Л., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., перераб. и дополненное. -М.: Высшая школа, 2015. -327с.
Построение математических моделей химико-технологических процессов. Под ред. Дудникова Е.Г. - Л.: Химия, 1970. –312 с.
Практикум по автоматике и системам управления производственными процессами: учеб. пособие для вузов /под ред. И.М.Масленникова. -М.: Химия, 2016. -336с.
Қосымша әдебиет
Толчеев В.О., Ягодкина Т.В. Методы идентификации линейных одномерных динамических систем. -М.: Изд-во МЭИ, 2007