Өзін-өзі деңгейлестіретін басқару объектінің динамикалық сипаттамаларын оның өтпелі сипаттамасы бойынша анықтау. Реттеу объектінің динамикалық қасиеттерін анықтауда сатылы ұйытқушы әсерді өте жиі пайдаланады, яғни, объекттің өтпелі функциясын экспериментальды табады (сурет 8.6). Реттеу үрдісінің өзін-өзі деңгейлестіруі деп кіріс пен шығыс арасындағы тепетеңдік бұзылғаннан кейін реттелетін объект адамның немесе реттегіштің қатысуысыз сол қалыпты күйге қайта оралатын қасиетін атайды. Өзін-өзі деңгейлестіру реттелетін шаманы жылдамдау тұрақтандыруға ықпалын тигізеді, және сондықтан реттегіштің жұмысын жеңілдетеді. Бір кірісі және бір шығысы бар объект қарастырылады, оның қасиеттері: стационарлық, сызықтық, параметрлерінің жинақтылығы. Кіріске сатылы әсер беріледі және шығыста үдеу қисығы түсіріледі. Кері есепті шешу керек: белгілі үдеу қисығы бойынша теңдеудің коэффициенттерін анықтау керек.
Сурет 8.6 - Бірлік секірмелі функция
Бізді (*) түрдегі теңдеу қанағаттандыратын жағдайда оның параметрлерін табу оңай:
күшейту коэффициенті – формула бойынша: , мұнда: - шығыстың тұрақталған мәні, ал – объекттің кірісіндегі ұйытқу;
уақыттың Т тұрақтысын – үдеу қисығының иілу нүктесіндегі жанаманың проекциясы ретінде (сурет 8.6);
кідіру уақыты – 0 нүктеден үдеу қисығының иілу нүктесіндегі жанаманың уақыт өсімен қиылысу нүктесіне дейінгі ара-қашықтық ретінде (сурет 8.6).
Адекваттылықты тексеру.Бұл проблеманы шешу үшін объекттің (*) түріндегі беріліс функциясында шығыс функцияны модельдеу керек. Яғни, бір кірісі және бір шығысы бар объект қарастырылады, оның қасиеттері: стационарлық, сызықтық, параметрлерінің жинақтылығы. Кіріске сатылы әсер беріледі және шығыста үдеу қисығы түсіріледі. Тура есепті шешу керек: белгілі беріліс функциясы бойынша үдеу қисығының графигін анықтау керек. Бұл қарапаым мысалда (2.13) теңдеуді пайдалану жеткілікті:
( болғанда)
( ) болғанда
8.7 суреттегі Mathcad жүйесінде шешілген мысалды қараңыз. Егер келесі формула бойынша табылған мәні 3-7% аспайтын болса, онда модель адекватты болып саналады:
Егер қатенің мәні өте үлкен болса, онда графиктегі жанаманың орнын ауыстыру керек (ол иілу сызығынан өтуі міндетті емес). Бұл да жәрдем бермесе, онда беріліс функцияны алудың дәлірек әдісін пайдалану керек, мысалы аудандар әдісін (Симою әдісін).