«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Басқару объектілерін корреляциялық талдау әдісімен идентификаттау



бет34/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Басқару объектілерін корреляциялық талдау әдісімен идентификаттау
Басқару объектілерін идентификаттау үшін корреляциялық талдау әдісі егер кіріс және шығыс сигналдар кездейсоқ шамалар болатын жағдайда пайдаланылады. АКФ және ӨКФ негізінде АФЖС анықтау мысалын қарастырайық.

Сурет 7.4 – Объектті корреляциялық әдіспен зерттеу сұлбасы
Корреляциялық талдауда жоғарыда сипатталған:

  • автокорреляциялық функция (АКФ) және

  • өзаракорреляциялық функция (ӨКФ).

пайдаланылады.
Еске түсірейік, АКФ кездейсоқ шаманың алдыңғы мәндерінен  ара-қашықтықта орналасқан кейінгі мәндерінің тәуелділігін сипаттайды.

Сурет 7.5 – Кіріс кездейсоқ шаманың – кіріс сигналдың өзгеру графигі
АКФ: .  0 ұмтылғанда – дәлірек.
Өзаракорреляциялық функция бір-бірінен  ара-қашықтықта орналасқан екі шаманы байланыстырады.
ӨКФ: .
АКФ және ӨКФ (кіріс-шығыс сигнал түрлі  бар синусоидалы тербелістердің қосындысынан – гармоникалар қатарынан тұратын Фурье қатарына жіктелетін Фурье түрлендіруі арқылы) кездейсоқ шамалардың спектральды тығыздықтарымен байланысқан.
– АКФ үшін
– ӨКФ үшін.
Физикалық тұрғыда кездейсоқ шама қуатының қандай үлесі берілген жиілікке келетіндігін көрсетеді.
Спектральды тығыздық арқылы объекттің ізделінетін АФЖС табамыз:
.


Идентификаттаудың аналитикалық әдісі. Сипаттамалары бойынша зерттелетін объектпен бірдей (сәйкес) болатын математикалық модельді шығарудың аналитикалық әдісін объектте өтетін физика-химиялық үрдістер жақсы зерттелген жағдайларда пайдалануға болады. Мұндай объекттердің қатарына статика және динамикада тәртібі Ньютон заңдарына бағынатын механикалық жүйелер, оларда жай химиялық реакциялар өтетін кейбір химиялық реакторлар жатады. Мұндай объекттің қарапайым мысалы ретінде 7.5 суретте көрсетілген бакты қарастыруға болады.

Сурет 7.5 – Басқару объектісін аналитикалық әдіспен зерттеу сұлбасы

Осы объектте өтетін құбылыстарды сипаттайық.


Статикалық режим: (құйылу ағып шығуға тең);
Динамикалық режим:

Гидравликадан: немесе шағындар үшін: .
Онда:
немесе, шексіз шағын өсімшелерге өтіп:
немесе
Салыстырмалы өлшемділікте белгілеп:

келесіні аламыз:

Осы ізделінген математикалық модель, ол әмбебап сипатқа ие (статистикалықтарға қарағанда). Оны пайдалануда қойылатын талап – барлық белгісіз айнымалылар берілуі тиіс.

Бақылау сұрақтары


1 уақыт қатарларының негізгі сипаттамалары;
2 Автокорреляциялық функция;
3 спектрлік тығыздық;
4 статистикалық модельдеу әдісінің мәні;
5 статистикалық сәйкестендірудің жалпы міндеттері;
6 корреляциялық талдау әдісімен басқару объектілерін сәйкестендіру;
7 аналитикалық сәйкестендіру әдісі.

Негізгі әдебиет



  1. Ахназарова С.Л., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., перераб. и дополненное. -М.: Высшая школа, 2015. -327с.

  2. Построение математических моделей химико-технологических процессов. Под ред. Дудникова Е.Г. - Л.: Химия, 1970. –312 с.

  3. Практикум по автоматике и системам управления производственными процессами: учеб. пособие для вузов /под ред. И.М.Масленникова. -М.: Химия, 2016. -336с.

Қосымша әдебиет



  1. Толчеев В.О., Ягодкина Т.В. Методы идентификации линейных одномерных динамических систем. -М.: Изд-во МЭИ, 2007



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет