Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары


Көкшіл желайдар - Ветреница голубая - Anemone coerulea DC



бет18/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Көкшіл желайдар - Ветреница голубая - Anemone coerulea DC.


Жатаған тамыры бар көпжылдық өсімдік. Ол негізінен Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы тауларында, Батыс Сібір, Шығыс Сібір ормандарында кездеседі. Бұл өсімдікті біздің обылыста алғаш рет Пашенное көлінің жағалауынан (Қарқаралы тауы) 1843 жылы А.Шренк тапты. Көп уақыт бойы бұл өсімдік облыс аймағындағы жойылып бара жатқан түрге жатқызылып келген. Қазір бұл өсімдік өте сирек, бірен-саран ғана кездеседі.
Қырғыз қайыңы - Береза киргизская - Betula kirghisorum Sav.-Rycz.
Қайыңдар тұқымдасына жататын биіктігі 5-8 м болатын ағаштектес өсімдік. Бұл өсімдік құнды сирек кездесетін түр ретінде Наурызым қорығында қорғалады.
Кәдімгі қарғакөз - Вороний глаз обыкновенный - Paris quadrifolia L.
Облыс аймағында толықтай қорғауға алынған сирек кездесетін реликтілік өсімдік. Ол аса биік емес тамырсабақты көпжылдық өсімдік. Европада, Жерорта теңізінде, Батыс және Шығыс Сібірде кең таралған. Облыс аймағында тек Ерейментау тауларында ғана кездеседі.
Жабысқақ қандыағаш - Ольха клейкая - Alnus glutinosa L.
Биіктігі 20-25 м. болатын ағаштектес өсімдік. ТМД-ның Европа бөлігінің ортаңғы жолағында таралған, өзіндік “қарақандыағаштықтар” ландшафтын құрайтын батыс-европалық түр. Облыс аймағында Ерейментау тауларында кездеседі.
Кәдімгі қыранот - Орляк обыкновенный - Pteridium aquilinum (L.) Kuchn.
Биіктігі 50-70 см болатын көпжылдық өсімдік. Облыс территориясында Пашеное жылғаларының бойынан (Қарқаралы тауы) табылған. Түрлік құрамы бойынша популяциясы аса үлкен емес, туристердің ұдайы таптауының нәтижесінде оның өміршеңдігі төмендеп кеткен.
Шангин айдаршөбі - Хохлатка Шангина - Corydalis schangini (Pall.) B. Fedtsch.
Аса биік емес, шар тәрізді түйнегі бар көпжылдық өсімдік. Каспий теңізі жағалауынан Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік Алтайға дейінгі үлкен емес ареалдарды құрайды. Біздің облысымызда өте сирек кездеседі. 50-ші жылдары Бұқпа өзенінің жағалауынан және Қарағанды қаласының аймағынан табылған.
Таспа жапырақты күймесгүл - Ясенец узколистный - Dictamnus angustifolius G. Don.
Биік 100-130 см. болып өсетін ірі жапырақтары бар бойшаң өсімдік. Бұл өсімдік әсіресе гүлдеу кезінде әдемі, бұл кезде ұзарған гүл өркенінің пирамида тәрізді сыпыртқы гүл шоғында қызғылт және күлгін түсті гүлдері ашылады. Ол Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай таулы аймақтарында өсуге бейімделген. Облыс аймағында Қарқаралы тауларынан, Линда сайларынан және Пашеное жылғаларынының жағауларынан, тобылғы, тікенді итмұрын, қараған қопалары арасынан күн түсетін баурайлардан табылған.
Фукс сүйсіні - Ятрышник Фукса - Orchis fuchsii Drucc.
Жалпақ түйнектері бар көпжылдық өсімдік. Өсімдіктің ареалы Батыс Европадан Батыс және Шығыс Сібір арқылы Солтүстік Монғолияға дейін жіңішке жолақ түрінде созылған. Облыс территориясында Қарқаралы тауларының тар шатқалдарында, жылғалардың жағалауларында кездеседі. Соңғы 6 жыл ішінде сүйсіннің саны негізгі шатқалдарда 2 еседен жоғары азайған. Линда сайында 1976 жылы 1 шаршы метрден сүйсіннің 6-дан 20-ға дейін даналары саналып алынған, ал 1982 жылы осы алаңда 0-ден 2-ге дейінгі көрсеткішті көрсеткен.
2 – тікелей жойылу қаупі жоқ сирек кездесетін түрлер, бірақ та олардың тіршілік жағдайларын ауыстырғанда тез жойылып кететіндер:
Үш қауырсынды жалаңтұқым - Голокучник трехперый - Gymnocarpium dryopteris (L.) Newm.
Биіктігі 30 см болатын жатаған тамырсабақты көпжылдық өсімдік. Бұл өсімдік Солтүстік жарты шардың ылғалды ормандарында кең таралған. Облыс территориясында Кент және Қарқаралы тауларында кездеседі.
Робертовск жалаңтұқымы - Голокучник Робертовского - Gymnocarpium robertianum (Hoffm.)Newm.
Үш қауырсынды жалаңтұқыммен бірге кездеседі. Одан ерекшелігі жапырағының астыңғы жағында және сағағында қоңыр түсті бездеуіт түктері бар.
Паллас ұшқаты - Жимолость Палласа - Lonicera pallasii Ledeb.
Түктенген өркендері бар бұта тектес өсімдік. Бұл өсімдіктің ареалы аса үлкен емес, тек қана ТМД-ның европа бөлігінің орманды далалы аймағында таралған. Облыс аймағында кең жапырақты ормандардың алаңқайларында, Орталық Қазақстанның гранитті аласа тауларының бөктерлерінде сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет