Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет21/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Жатаған қызғалдақ - Тюльпан поникающий - Tulipa patens Agardh ex Schult.et Schult. fil.
Жуашықты сәндік өсімдік. Оның ареалы ТМД – ның Еуропа бөлігінің оңтүстік аудандарын, Батыс Сібірде, Солтүстік және Орталық Қазақстанды қамтиды. Облыс аймағында барлық аудандарда, әсіресе Нұра, Шерубай – Нұра, Соқыр өзендерінің бойында, Балықтыкөл, Сасықкөл т.б. көлдердің жағалауларында мол кездеседі. Қарағанды маңайында оның азайып кетуі өсімдікті ысырапсыз кесіп, гүл букеттерін жасау себеп болып отыр.
Құм салаубас - Цмин песчаный Helichrysum arenarium (L.) Moench.
Көпжылдық екі үйлі өсімдік. Батыс Еуропада, Қырымда, Кавказда және Қазақстанның барлық аймақтарында кең таралған. Облыстың барлық аудандарында далалық жерлерде, кең жапырақты ормандардың алаңқайларында, шоқылардың баурайларында, көбінесе құмды топырақта кездеседі. Құм салаубас қазіргі кезде сирек кездеседі. Оның себебі өсімдіктің дәрілік шикізатын ысырапсыз пайдалану нәтижесінде ол Қарағанды қаласының маңайынан түгелдей жойылып кетті.
Қарағанды облысы Қазақстанның орталық бөлігінде орналасып, табиғи ландшафттарының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аймаққа кең көлемді шоқы аралық жазықтығы бар аласа және биік ұсақ шоқылар тән. Өсімдіктердің далалық типінің бірлестіктері көп жерлерде басым кездеседі. Өсімдіктердің орманда өсетін типтері – қарағайлы, қайыңды және көктеректі ормандар өте сирек кездеседі де, олар өзендердің бойында массивті аласа таулардың гранитті жерлерінде өсуге бейімделген.
Аймақтағы табиғат ландшафттарын және флора мен фаунаның әртүрлілігін сақтау үшін ерекше қорға алатын облыс аумағының 8,8% - ын құрайтын, көлемі 3,8 млн. га. табиғат аймақтары құрылған.
10 табиғат ескерткіштерінің 6-ы ботаникалық объектілерді: кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, шегіршін жапырақты үйеңкі, сібір балқарағайы мен қайың түрлерін қорғау үшін құрылған 21 қорықшаның 2-і биологиялық, 3-і ботаникалық статусқа ие. Ботаникалық статуста мынадай түрлер қорғауға алынған: қызыл жемісті қарғашөп, қарғакөз, құм салаубас, сарғыш құндызшөп, дәрілік жалбызтікен, жатаған қызғалдақ, үш қалақты тобылғы, жабысқақ қандыағаш, көктерек, қырғыз қайыңы мен иілген қайың және терек түрлері.
1998 жылы Қарқаралы қорықшасының базасында Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркі құрылды. Қарқаралы және Кентау таулары табиғат объектілерінің әртүрлілігімен мақтанышқа ие. Бұл аймаққа негізінен биіктігі 1,5 метрге жететін шоқылар тән. Зерттелген ауданның топырақ жамылғысы негізінен әлсіз дамыған қошқыл – қызғылт топырақпен жабылған. Таудың қара топырақтары биіктігі 1000 – 1500 метрге жететін аласа тауларда кездеседі. Қарқаралы массивінің батыс және орталық бөліктерінде жусанды, бозды – селеулі ксерофитті құрғақ далалық әртүрлі шөптектестер тән. Шөптерден селеу-қылқан боз, ал әртүрлі шөптектестерден кең таралғандары: австрия жусаны, собалақ төскейшөп, мыңжапырақты түймешетен және т.б.
Су жайылған терассаларда және ойпаңдарда шалғынды және шалғынды-батпақты өсімдіктер (жатаған бидайық, түлкіқұйрық, дала қоңырбасы, кәдімгі қымыздық және т.б.) дамыған. Шалғынды-батпақты топырақта қияқөлең, қамыс, елекшөп кездеседі.
Қарқаралы және Кент тау аралықтарында бұтатектестермен бірге бозды өсімдіктер жабыны кең таралған.
Тау сілемдерінде негізінен қарағайлы ормандар өседі. Орман шаруашылығының жалпы көлемінің 73,1% ормандар еншісіне келеді.
Көбінесе ол жерлерге қарағайлар, тек аздаған жерлеріне қайыңдар мен көктеректер отырғызылған. Ормандарда қарағайлар, көктеректер және бұтатектестер өседі, олардың эдафиялық және флористикалық ерекшеліктері негізінен ауа-райы режімінің өзгеруі мен ауданның геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қарағайлы орманда итмұрын, арша, ұшқат, сирек ырғай, мойыл, долана өседі. Ярустан тыс өсімдіктен жебалшын өседі.
Орман шаруашылығының 10%-ын қайыңды ормандар алады. Қайыңдар солтүстік және солтүстік-шығыс экспозициялардың баурайларында, шоқы аралық жазықтықтарда, өзендер мен жылғалардың бойында орналасқан.
Қайыңды ормандарда қоңыр итмұрын, тікенді итмұрын, кәдімгі мойыл, татар ұшқаты, қара қарақат өседі. Мұндағы шөптектес өсімдіктердің жабыны 70 %-ке жетеді.
Көктеректер орманның 2 %-ын алады, олар жазықтықтарда, өзендер мен жылғалардың бойында, жарлардың негізінде орналасқан.
Талдар жіңішке таспа түрінде өзендердің бойында аз ғана аймақта таралған. Бұтатектестер бұл аумақтың 34%-ын алады. Оларға жататындар: тобылғы, итмұрын, қара жемісті ырғай, сары қараған, бұтатектес тал.
Қолдан отырғызылған ормандар аз ғана аймақты алып жатыр және олар негізінен шырғанақ жапырақты үйеңкі, бальзам терегі, ұсақ жапырақты шегіршіннен тұрады. Бұл жерде отырғызылған ағаштардың орташа жасы –57, қарағайдыкі – 100 жыл.
Парктің флорасында мынадай эндемдік және сирек кездесетін түрлер: Қарқаралы бөріқарақаты, Паллас ұшқаты, Қарқаралы сылдыршөбі, көкшіл желайдар, орман желайдары, кәдімгі қарғакөз, шілтер жапырақты шайқурай, басқа жерлік жыланбас, сібір тасжарғаны, тянь-шаньушырмауығы, Залесск селеуі, қауырсынды селеу, жіңішке көкнәр, қызыл бетеге, ірі гүлді дарагүл, тықыр жусан, таспа жапырақты күймесгүл, Фукс сүйсіні, кең жапырақты сүйсін, ақ тұңғиық, үш қауырсынды жалаңтұқым, аналық таға, кәдімгі қыранот, еркек усасыр кездеседі.
Парктің шығыс бөлігінде орналасқан Кентау учаскесінде Орталық Қазақстанға тән ландшафттар бар. Қорықтың шекарасына Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайының моделі ретіндегі барлық Кентау тау массиві жатады.
Қоықша аймағында жидектерді, саңырауқұлақтарды, гербарийлерді жинауға тыйым салынады. Қорғау үшін Сарыкөл орман дачасы ??? отырғызылған қарағайларды қалпына келтіру және сақтау туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін база құрастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет