Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет19/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Басқа жерлік жыланбас - Змееголовник иноземный - Dracocephalum peregrinum L.
Көпжылдық шөптектес өсімдік. Алтайда, Тянь-Шаньда, Батыс және Шығыс Сібір тауларында, Монғолияда кездеседі. Біздің облысымызда тек қана Қу тауларында кездеседі. Бұл реликтілік өсімдіктер қатарына жатады.
Сібір тасжарғаны - Камнеломка сибирская - Saxifraga sibirica L.
Көпжылдық бореальді-альпілік өсімдік, оның ареалы Орал тауларын, Тянь-Шань, Алтай тауларын, Шығыс Сібір, Монғолия, Батыс Қытайға дейінгі жерлерді қамтиды. Бұл өсімдікті 1843 жылы А. Шренк алғаш рет Қарқаралы тауларынан тапқан. Оны екінші рет 1973 жылы З.В. Карамышева мен Е.И. Рачковская тапқан.
Тянь-Шань ушырмауығы - Княжик Тяньшанский - Atragene tianschanica Pavl.
Шырмалып өсетін жіңішке сабақты бұта тектес өсімдік. Бұл өсімдікті Н.В Павлов Тянь-Шаньнің солтүстік сілемдерінен тауып, сипаттап жазған. Ол біздің облысымызда Қарқаралы, Қу тауларында кездеседі.
Аналық таға - Кочедыжник женский Athyrium filix-femina (L.) Roth.
Сирек кездесетін реликтілік, көпжылдық шөптектес, қысқа және қалың, тік орналасқан тамырсабақты өсімдік. Солтүстік жарты шардың орманды аймағында кең таралған. Біздің облысымызда Қарқаралы тауларының көлеңкелі, ылғалды сайларында өседі. Молдығы аздау болып Белодымовка баурайларында кездеседі.
Жіңішке көкнәр - Мак тоненький - Papaver tenellum Tolm.
Көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның ареалы Қазақтың ұсақ шоқылары мен Оңтүстік Алтайдың шығыс бөлігін қамтиды. Облыс аймағында Қу, Кент, Қарқаралы аласа тауларының гранитті төбелерінде өте сирек кездеседі.
Қызыл бетеге - Овсяница красная Festuca rubra L.
Көпжылдық тамырсабақты, ареалы кең, Европаның арктикалық облыстарынан Орта Азияның тауларына дейін таралған өсімдік. Облыстардың далалық жерлерінде ол кездеспейді. Біздің облысымыздың аймағында қызыл бетеге тек қана Қарқаралы таулары мен Кіші Қарқаралы өзенінің бойынан табылған.
Ірі гүлді дарагүл - Одноцветка крупноцветная - Moneses uniflora (L.) A. Gray.
Биіктігі 3-17 см болатын көпжылдық өсімдік. Солтүстік Американың жағалауларынан Жапонияға дейін кең таралған бореалды түр. Біздің облысымызда тек қана Қарқаралы тауларынан табылған.
Тықыр жусан - Полынь гладкая - Artemisia glabella Kar. et Kir.
Көпжылдық, сабағының негізінде көптеген ағаштанған сабақтары бар өсімдік. Орталық Қазақстанның эндемдік өсімдігі, облыс аймағында Қарқаралы, Кент, Бақты тауларының гранитті жерлерінде, сонымен қатар Талды, Нұра өзендерінің бойында құмды жерлерде кездеседі.
Сарғыш құндызшөп - Прострел желтоватый - Pulsatilla flavescens (Zucc.) Juz.
Гүлдері жапырақтарынан бұрын пайда болатын көпжылдық өсімдік. Арелы тар, Батыс және Шығыс Сібірде, Солтүстік Қазақстанда, Монғолияда таралған. Біздің облысымызда Қу тауларында, сирек басқа да гранитті аласа тауларда кездеседі.
Тілік құндызшөп - Прострел многонадрезной - Pulsatilla multifida (Pritz.) Juz.
Көпжылдық өсімдік. Солтүстік жарты шардың Азия бөлігінде кең таралған. Біздің облысымызда сирек кездеседі, тек қана Қарағанды маңайынан (Спасск шоқылары) табылғаны туралы мәліметтер бар.
Еркек усасыр - Щитовник мужской - Dryopteris filix-mas (L.) Schott.
Биіктігі 50-70 см болатын көпжылдық өсімдік. Солтүстік жарты шардың қоңыржай аймағында кең таралған. Кент, Қарқаралы, Қу аласа тауларының гранитті жерлерінде кездеседі.
Жалпақ жапырақты сүйсін - Ятрышник широколистный - Orchis latifolia L.
Көпжылдық, 2-4 бөлімді жалпақ түйнектері бар өсімдік. Оның ареалы өте кең, ол ТМД-ның Европа бөлігінде, Батыс, Шығыс Сібірде, Монғолияда кездеседі. Облыс далалық аймағында: Талды, Шерубай-Нұра өзендерінің аңғарларында кездеседі.
3 – азайған түрлер, олардың сандық қатынасы азаяды, ал ареалы, яғни таралуы белгілі бір уақыт ішінде тарылады, оларға жататындар:
Дәрілік жалбызтікен - Алтей лекарственный Althaea officinalis L.
Көпжылдық өсімдік, оның ареалы ТМД-ның Европа бөлігінің, Батыс Сібірдің, Қазақстанның орманды далалы, далалық аймағын қамтиды. Ол Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Облыс аймағында сирек кездеседі, барлық аудандардың көл жағалауларында, сазды баурайларда, тұрып қалған сулардың маңында кездеседі. Көлдердің кеуіп кетуі мен оның жағалауын малдардың таптауы нәтижесінде өсімдіктің ареалы азайып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет