Фармакология негіздері


Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер



бет29/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
  1. Холинергиялық дәрілер


  2. Адренергиялық дәрілер


  3. Дофаминергиялық дәрілер




Эфферентті иннервация - қозудың орталық жүйке жүйесінен мүшелер мен ұлпаларға жетуі.
Синапс - жүйке талшықтары мен мүшелердің түйіскен жері.
Медиатор - синапстарда қозуды жүзеге асыратын химиялық белсенді зат. Медиаторлар жүйке түйіндерінде пайда болып, жасуша (клетка) рецепторына әсер етеді.
Рецептор-
Ағзада бөлінетін медиаторлар: Ацетилхолин және норадреналин, дофамин.
Шығатын медиаторларына байланысты рецепторлар бөлінеді:
Холинорецепторлар - Ацетилхолинге сезімтал рецепторлар.
Адренорецепторлар - Норадреналинге сезімтал рецепторлар.
Дофаминорецепторлар- дофаминге сезімтал рецепторлар.


Холинергиялық дәрілер.
Холинорецепторларды зерттеу барысында холинорецепторлар мускарин және никотин заттарына таңдамалы белсенділік көрсеткен. Сондықтан холинорецепторларды сезімталдығына қарай ажыратады:
М -холинорецепторлар - мускаринге сезімтал холинорецепторлар.
Н - холинорецепторлар - никотинге сезімтал холинорецепторлар.
Мускарин - мухомор саңырауқұлақ өсімдігінің құрамында кездесетін алкалоид.
Никотин - темекі, махорка өсімдігінің құрамында кездесетін алкалоид.
Миметиктер - рецепторларға қоздырғыш әсер беретін немесе медиаторларға ұқсас әсер ететін дәрілер.
Блокаторлар (литиктер) - рецепторлардың қозуын тежейтін дәрілер.
Lyticus (грекшеден) - ерітуге бейім, босаңсытатын.
М - холинорецепторлар орналасқан: жүректе, қан- тамырларда, бронхыда, ішкі секреция бездерінде, асқазан ішек жолдарында, өтте, сілекей, тері бездерінде, көз бұлшық етінде.
Н - холинорецепторлар орналасқан: ганглилерде, бүйректің милы қабатында, қаңқа бұлшық еттерінде, сопақша мида.
Холинорецепторлардың медиаторы Ацетилхолин тез бұзылатын тұрақсыз зат болғандықтан дәрі ретінде қолданылмайды. Ацетилхолин зерттеу жұмыстарына зертханада қолданысқа ие.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет