Аллергияда қолданылатын дәрілер
Антигистаминді заттар (Н1-гистаминоблокаторлар). Босап шыққан Гистаминнің рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайды: Супрастин, Тавегил, Диазолин, Цитеризин, Димедрол, Дипразин (Пипольфен), Фенкарол, Лоратадин ( Кларитин), Лорактив, Кестин.
Дипразин А/Қ тез төмендететіндіктен аллергиялық шокта қолданылмайды.
Ұйықтататын әсері бар: Димедрол, Дипразин, Супрастин, Тавегилдің.
Н1- рецепторлардың орналасуы: бронхта, ішекте, артерияда, тамырдың тегіс салалы бұлшық етінде, капиллярларда, жүректе, орталық жүйке жүйесінде.
Сенсибилизацияланған мес жасушалар мен базофильдерден гистаминнің босап шығуына кедергі жасайтын заттар: Кромолин натрий (Интал), Кетотифен, Преднизолон, Адреналин, Эуфиллин.
Аллергиялық шокта қолданылатын заттар: Адреналин, Эуфиллин, Сальбутамол.
Иммунодепресанттар жасушалық иммунитетті тежейді: қысқа әсерлі иммунодепрессанттар және цитостатиктер (күшті әсерлі иммунодепрессанттар).
А) Қысқы әсерлі иммунодепрессанттар: Хингамин, Кризанол, Ауранофин, Купренил.
Б) Цитостатиктер: Метотрексат, Циклофосфан, Азатиоприн.
Анафилактикалық шокты емдеу
хаттамасымен белгіленетін дәрілер
Анафилактикалық шок - ағзаға түскен аллергеннің әсерінен тыныс алу, қан айналу, орталық жүйке жүйелерінің бұзылыстарымен айқындалатын жіті патологиялық жағдай.
Хаттама коды: E-001
Мақсаты: аллергеннің ағзаға түсуін тоқтатып, өмірге маңызды тыныс алу және қан айналу жүйесі қызметін қалпына келтіру.
Негізгі дәрілер тізімі:
Эпинефрин (Адреналин) 0,18% - 1,0мл, амп.
Натрий хлорид ерітіндісі 0,9% - 400 мл, құты.
Натрий хлорид ерітіндісі 0,9%- 5 мл, амп.
Преднизолон 30мг/мл, амп.
Аминофиллин (Эуфиллин) 2,4%- 5мл, амп.
Дифенгидрамин (Димедрол) 1%-1,0мл, амп.
Пентакрахмал 500,0 мл, құты.
Атропин сульфат ерітіндісі 0,1%- 1,0мл, амп.
Допамин ерітіндісі 0,5%- 5,0мл, амп
Оттегі м 3
Қосымша қолданылатын дәрілер тізімі:
Дексаметазон ерітіндісі 1,0мл, амп.
Фенилэфрин (Норадреналин) 1%- 1,0- 2,0 мл, амп.
Декстроза (Глюкоза) 5%- 400,0мл, құты.
Гидрокортизон ерітіндісі 2,5%- 2,0мл, амп.
Сальбутамол 3мг, небулайзер.
Н1- рецепторларды тежегіш аллергияға қарсы
дәрілердің сипаттамасы
Қасиеттері
|
Димедрол
|
Тавегил
|
Супрастин
|
Дипразин
|
Диазолин
|
Фенкарол
|
Лоратадин
|
Гистаминге қарсы
|
++
|
+++
|
++
|
++++
|
++
|
++
|
++
|
Әсерінің ұзақтығы, сағат
|
4-6
|
8-12
|
4-6
|
4-6
|
24-48
|
6-8
|
24
|
ОЖЖ-не әсері
|
Тыныштан-дыратын, ұйықтататын
|
Әлсіз тыныш
|
Айқын тыныш
|
Айқын тыныш
|
-
|
Әлсіз тыныш
|
Әлсіз тыныш
|
Вегетативті ганглийді тежеу
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
М-холино-блокаторлық
|
-
|
әлсіз
|
+
|
+
|
-
|
әлсіз
|
-
|
α-адрено-блокаторлық
|
-
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
-
|
Тітіркендіргіш
|
+ т/а
|
+т/а
|
+т/а
|
+т/а
|
+ ішке
|
+ ішке
|
-
|
Анестезиялық
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |