Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері Удың қанға сіңірілуін тоқтату
а) Асқазан шаю. 5-10 литр жылы сумен, калий перманганаты ертіндісімен, белсендірілген көмірдің (30-40 грамм 1 стакан суға) суспензиясымен немесе натрий хлорид (2-4 шай қасық 1 стакан суға) ерітіндісімен жүзеге асырылады. Әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд (шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда асқазанға зонд енгізер алдында наркотикалық анальгетиктер (морфин немесе т.б), спазмолитиктер (атропин немесе т.б) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет. Қышқыл немесе сілтінің асқазанға тітіркендіргіш әсерін басу үшін сүт, кисель, жұмыртқа ақуызын беруге болады.
б) Ішектегі уды шығару- тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір (сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін (магний сульфат 30гр 2-3 стакан суға) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда ішекті ары қарай күйдірмес үшін іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.
в) Токсинді заттар тері мен сілемей қабыққа шашырағанда көп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілі ерітіндімен (2%-натий гидрокарбонат ертіндісі) ал, сілтіні қышқылды ерітіндімен (3-5% сірке қышқылы ертіндісі) бейтараптау қажет.
г) Токсинді заттар ағзаға өкпе арқылы түскенде удың ағзаға түсуін тоқтатып, таза ауамен қамтамасыз ету қажет.
Пациент құсқан жағдайда басын бір жағына бұрып, төмендеу орналастырған жөн.
Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату.
Табиғи әдістер:
а) Форсирленген диурез – 1,5-2литр 0,9% натрий хлорид ертіндісін көктамыр арқылы енгізіп, содан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит) енгізіледі.
Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.
б) улы заттар өкпе арқылы шығатын болса, өкпеге гипервентиляция, карбогенмен ингаляция қамтамасыз ету қажет.
Жасанды әдістер:
а) Перитонеальды диализ – іш қуысын электролитті ертінділермен шаю; Асқазанға инемен немесе түтікпен ерітіндіні енгізіп, 40-60 минуттан соң қайта сорып алады. Солай таза су шыққанша шаяды.
б) гемодиализ - қанды жасанды бүйрек диализаторы арқылы өткізіп тазалау;
в) гемосорбция – қанды арнайы адсорбенті бар аппарат арқылы тазалау. Улы заттар сорбенттерде адсорбцияланады (сорбент түйіршікті белсендірілген көмір);
г) қан құю