Апаттыжағдайда қолданылатын жиынтық : спирт 70%-50мл, калий перманганаты 0,02г ұнтақ, дистилденген су-200мл, сульфацил– натрий ерітіндісі (альбуцид) 30%-10мл, йод 5%-20мл, бинт, мақта, жапсырма- лейкопластырь, хирургиялық қолғап, саусақ қалта -напальчники.
Химиотерапевтикалық дәрілер. Химиотерапевтикалық дәрілер - жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттар.
Химиотерапевтикалық дәрілердің топтастырылуы:
Антибиотиктер.
Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалық дәрілер.
Туберкулезге қарсы дәрілер.
Вирусқа қарсы дәрілер.
Паразиттерге қарсы дәрілер:
Спирохетозға қарсы (мерезге қарсы) дәрілер.
Саңырауқұлактарға карсы дәрілер.
Карапайымдыларға қарсы дәрілер.
Құрттарға карсы (гельминтке қарсы) дәрілер.
Химиотерапия принциптері:
1.Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау; анықталған қоздырғыш микробқа қарсы препаратты таңдап тағайындау.
2.Емді дер кезінде бастау; ауру қоздырғышы белгісіз болса да кең спектрлы дәрілердің бірі тағайындалып, емдеу жүргізіледі.
3.Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып, препараттың тиімді мөлшерін қабылдау; Мысалы бензилпенициллин дәрісінің әсер ету ұзақтығы 6 сағат. Сондықтан 6 сағат сайын тағайындалған келесі дәрі мөлшері қабылдануы тиіс.
4.Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен емдеу; Пациенттің жағдайы жағсарғанмен, ағзасындағы ауру қоздырғыштары толық жойылмаған болуы мүмкін.
5.Біріктірілген ем жүргізу (қоздырғыш түрлеріне қарай 2-3 дәріні қатар тағайындау);
6.Қажетті жағдайда аурудың алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау; Созылмалы ауруларда (ревматизм, т.б.) пациенттің ауруы қозбай тұрғанда, жыл сайын емдеу курсын жүргізу.
Антибиотиктер Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір) - әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.