Фармакология негіздері


Жергілікті анестезия түрлері



бет28/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Жергілікті анестезия түрлері
Жергілікті анестетик дәрінің енгізілуіне қарай анестезия бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Беткейлі (терминальды) анестезия. Дәрілік затты көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабатына, зақымдалған теріге, ашық жараға енгізгенде немесе жағылғанда дамиды.

  2. Инфильтрациялық анестезия. Жергілікті анестетик ерітіндіні көп мөлшерде тіндер, ұлпалар аралығына, бұлшықет аралығына, теріасты аралығына инемен тығыздап енгізумен жүзеге асады. Инфильтрациялық анестезиямен күрделі оталар (операциялар) жүргізіледі.

  3. Өткізгіш анестезия (бағыттаушы- проводниковая, діңгектік- стволовая, аймақтық- регионарная). Жергілікті анестетик ерітінді жүйке діңгегі аймағына немесе оның ішіне енгізіледі. Соның әсерінен жүйкенің тармақталған бөліктерінде жансыздану дамиды.

  4. Жұлын анестезиясы. Жергілікті анестетик ерітінді бел омыртқаның бөлігінің жұлын маңындағы сұйықтыққа енгізіледі. Соның әсерінен жұлын миының артқы түбіршектерінде (задние корешки спинного мозга) сезім жойылады. Дәрінің енгізілген аймағына қарай жұлын анестезиясы түрлері: субарахнаидальды, эпидуральды, каудальды, паравертебральды, перидуральды.

  5. Сүйек ішілік анестезия. Жергілікті анестетик ерітінді инемен сүйек эпифизіне енгізіліп, эпифиз тамырлары арқылы беткейлі және терең тамырларға жетеді. Аяқ- қол тіндері анестетикпен толып жансызданады.

Анестезия түрлеріне қарай жергілікті анестетик ерітінділердің әртүрлі концентрациясы қолданылады.
Инфильтрациялық және сүйек ішілік анестезияға анестетик ерітіндінің төменгі концентрациядағы ерітінділері мөлшері жағынан көбірек қолданылады.
Өткізгіштік және жұлын анестезиясына анестетик дәрінің жоғарғы концентрациясы аз мөлшерде қолданылады.
Ең алғашқы қолданылған анестетик Кокаин. Кокаинға тәуелділік болатындықтан дәрі ретінде қолданылмайды.
Дикаин (Тетракаин). Улылығы Новокаинға қарағанда 10 есе артық. Беткейлі анестезияға көз тәжірибесінде және жұтқыншақты зерттеу алдында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет