Фармакология негіздері



бет64/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Ферментті дәрілер: Панкретин (Фестал, Энзистал, Мезим, Панзинорм), Креон, Вобэнзим, Солизим, Нигедаза. Тамақ алдында 5-7 мин бұрын сілтілі минералды сумен бірге шайнамай қабылданады.
Ахилияда (HCl мен асқазан ферменттерінің асқазанда бөлінбеуі) созылмалы панкреатитте, энтеритте (ащы ішектің қабынуы) ұйқы безі секрециясы төмендейді. Осындайда орын басу терапиясы жүргізіледі, яғни ферментті препараттар тағайындалады. Қарсы көрсеткіші: жіті панкреатит
Антиферментті дәрілер (протеолиз ингибиторы): Апротинин (Гордокс, Контрикал, Трасилол), Пантрипин, Ингитрил. Тек көктамырға тамшылатып, баяу енгізіледі. Аллергия тудыруы мүмкін.
Антиферментті дәрілер ұйқы безінен бөлінетін ферменттердің (трипсин, химотрипсин, плазмин, калликреиндер) бөлінуін тежейді.
Антиферментті дәрілер қолданылады: жіті және созылмалы панкреатитте, панкреонекрозда, ұйқы безі зақымдану қаупінде, аутолиздің (ферменттердің әсерінен ұйқы безінің ыдырауы) алдын алуға, гиперфибринолизге байланысты қан кетуде қолданады. Ұйқы безі некрозға ұшырағанда антиферментті дәрілер тиімсіз. Ферменттердің 12 елі ішекке шығуын тежеуде антацидтер қолданылады. Секрецияны тежеуге м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлар қолданылады.


Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер
Асқазан ішек жолдарының жылжыту-жиырылу белсенділігі (моторикасы) вегетативті жүйке жүйесінің жұмысымен реттеледі.
Асқазан ішек тонусы төмендегенде (ішектің гипотониясы мен атониясында) холиномиметиктер: Ацеклидин; антихолинэстеразды дәрілер Прозерин (Неостигмин метилсульфат) қолданылады.
Асқазан ішек тонусы жоғарылағанда м-холиноблокатор Атропин; миотропты спазмолитиктер Папаверин, Но-шпа тағайындалады.
Іш жүргізетін дәрілер
Асқазан ішек жолдарында жылжыту белсенділігін арттыруға қолданылады. Оларды ішекті тазартуға, іш қатқанда пайдаланады. Ішектегі рецепторларды қоздырып, рефлекторлы жылжыту белсенділігін арттырады. Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Табиғи іш жүргізетін дәрілер атониялық созылмалы іш қатуда қолданылады. Олардың әсері 8-12 сағатқа созылады. Тоқ ішектің қызметін бұзбайтын болғандықтан өсімдіктерді ұзақ уақыт қолдануға болады. Бірақ, олардың құрамындағы смолаға ұқсас заттар ішекті тітіркендіріп, спастикалық бұзылыстар болуы мүмкін.
а) Табиғи іш жүргізетін өсімдіктер: итшомырт қабығы, қаражидек ішдәрі, пішеншөп, майсана майы, қызылша, глицеринді ембалауыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет