Фармакология


IV тобы. Кальций арналарының блокаторлары: верапамил (изоптин, финоптин), дилтиазем – «



бет142/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200
IV тобы. Кальций арналарының блокаторлары: верапамил (изоптин, финоптин), дилтиазем – «баяу» Са2+ арналары арқылы Са2+ иондарының тасымалдауын тежеп, эктопиялық ошақтарда жасушалардың кеннеттен деполяризациялануын баяулатады. Са2+ иондары жүрек – қан тамыр жүйесін реттеуде маңызы өте зор. Жүрек қызметі мен қан тамырлардың тонусы Са2+ иондарының алмасуына (көбінесе жасуша ішілік және сыртқа таралуы) тікелей байланысты. Сондықтан Са2+ иондарының кинетикасын басқарудың үлкен маңызы бар. Оның бірден бір жолы кальций арналарын тежеу. Соңғы жыодаы кальций арналарын тежеу медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады.
Verapamilum – верапамил (Б): 0,04 және 0,08 таблетка түрінде шығарып, 1-2 таб.тәулігіне 3-4 рет тамақтан 30 мин.алдын: 0,25% 2 мл еріт.амп.к\т енгізіледі. Са2+ арналарын таңдамалы тежеп; автоматизмді, қозғыштықты және өткізгіштікті төмендетеді; антиаритмиялық, антиангинальды және гипотензивті әсер көрсетеді. Суправентрикулярлы аритмияда, жүрекше фибриляциясында және пароксизмальды қарынша үсті тахикардияда қолданады. Жанама әсері: гипотензия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің күшеюі, атриовентрикулярлы бөгет, лоқсу, құсу, бас айналу және аллергиялық реакциялар байқалады.
Әртүрлі препараттары. Жүрек гликозидтері (дигоксин) – тек жүрекше лүпілдеуі мен жыпылықтауында қолданылады. Магний сульфаты – қарынша тахикардиясы мен жыпылықтауында қосымша дәрі – дәрмек ретінде қолданылады. Калий хлориді, панангин – гипокалиемиялық ырғақсыздықта және жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады.
2.Брадиаритмияны қалпына келтіретін дәрілер – әртүрлі брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрикулярлы бөгет және т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді. Олар:
1.М – холинолитиктер: атропин – кезеген жүйкенің әсерін төмендетеді.
2.Адреномиметиктер: изадрин, адреналин – жүректің  1- адреноцепторларын қоздырып, кардиомиоциттердегі Са2+ иондарының және ц – АМФ құрамын жоғарылатып, автоматизмді күшейтіп және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет