Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Дәрілермен уланғанда көмек ретінде жүргізілетін терапияның негізгі принциптері



бет28/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Дәрілермен уланғанда көмек ретінде жүргізілетін терапияның негізгі принциптері.Жедел аурулардың симптоматикалық терапиясы. Жедел улануларды емдеуде симптоматикалық терапия маңызды роль атқарады. Әсіресе, арнайы антидоттар жоқ заттармен уланғанда оның маңызы арта түседі.Бәрінен бұрын өмірлік маңызды қызметтер – қанайналым мен тыныс алуды қолдау қажет. Осы мақсатпен артериялық қан қысым деңгейін реттеуші заттар, жүрек гликозидтері, оксигенотерапия жиі қолданылады, кейде тыныс алу стимуляторларын, т.б қолданады. Науқас жағдайын қиындататын стимуляторлардың пайда болуында, оларды сәйкес препараттардың көмегімен жояды. Тырыспаларды тырыспаға қарсы белсенділігі бар анксиолиттік диазепаммен емдеуге болады. Ми сусіңділенгенде дегидратационды терапия жүргізіледі (маннит, глицерин көмегімен). Қышқыл-негізгі жағдайда көп зер салу керек және бұзылулар туғанда оған қажетті түзетулер жүргізу керек. Ацидозды емдеуде трисамин, натрий гирокарбонаты ерітіндісін, ал алкалозда – аммоний хлоридін қолданады. Су-электролитті балансты қолдаудың өзі маңызды. Осылай дәрілік заттармен жедел уланғанды емдеуге симптоматикалық, керек болған жағдайда реанимациондық терапияны детоксикационды шаралар комплексімен сәйкестендіріп қолданадыЖедел уланулардың алдын алу.Негізгі тапсырма – жедел улануларды болдырмау. Бұл үшін дәрілік заттарды негізде босату және медициналық мекемелер мен үй жағдайларында дұрыс сақтау қажет. Медикаменттерді тамақ тұратын шкафтарда, тоңазтқыштарда сақтауға болмайды. Дәрілік заттарды сақтау орны балалардың қолы жетпейтін жерде болуы керек. Қажетсіз препараттарды, еш мақсатсыз үйде сақтау керек емес.Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды қолдануға болмайды. Қолданылатын препараттардың атауына сәйкес этикеткалар міндетті түрде болуы керек. Әрине, дәрілік заттардың көбісін тек қана дәрігердің нұсқауымен, олардың мөлшерін қадағалай отырып қабылдау қажет. Бұл әсіресе улы және қатты әсер ететін препараттар үшін маңызды. Өзіндік емделуге болмайды, өйткені бұл жедел уланулар мен басқа қолайсыз әсерлердің себептері ретінде, жиі кездеседі. Химиялық заттардың сақтау және дәрілік препараттарды дайындаумен айналысатын лабораториялар мен химико-фармацевтикалық мекемелерде олармен жұмыс істеу ережелерін қадағалау аса маңызды. Барлық осы талаптардың орындалуы дәрілік заттармен жедел улану жиілігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет