Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрі. Жіктелуі. Жағымсыз әсері. Өспеге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер:Антиномициндер дектиномицин.Антрациклиндер-рубомицин, доксорубицин, карминомицин.Флеомицининдер-блеомицин, блеомицитин.Ауреол қышқылының туындылары-оливомицин.Әртүрлі химиялық қосылыстар-брунеомицин, митомицин.
Жағымсыз әсері.Бастомаға қарсы көптеген дәрілік заттар олардың қолдануын шектейтін бірқатар жанама әсерлер шаырады. Бұл асқынуларды қандай да бір дәрежеде жою үшін немесе олардың алдын-алу үшін, ісік ауруларының химиотерапиясында қолданылатын, көмкші заттардың толық кещені қолданылады. Әдетте цитотоксикалық заттарды қолданғанда қатерлі жанама және уытты әсерлермен қатар жүреді. Бұл кезде, әсіресе белсенді пролиферацияланатын тіндер (сүйек кемігі, ішектің шырышты қабаты) күшті зақымдалады. Көптеген дәрілер жыныс бездеріне де жағымсыз (ұрықсыздану шақыруы мүмкін) етеді.
Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын дәрілер. Алкілдеуші дәрілер және әсерінің механизмі.Жіктелуі.Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын дәрілер мынадай топқа бөлінеді:Алкілдеуші.Антиметаболиттер.Өспеге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер.Өсімдік тектес препараттар.Ферменттік препараттар.Гормондар және олардың антагонистері.Цитокиндер.Моноклондық антиденелер.Алкилдеуші заттардың ДНҚ-мен өзара әсерлесуі,соның ішінде ДНҚ молекуласымен көлденең байланысуы,оның тұрақтылығын,тұтқырлығын және кейінірек бүтіндігін бұзады.Осының барлығы жасушаның өмір сүруінің бірден тежелуіне әкеледі.Олардың бөлінуі қабілеті басылады,көптеген жасушалары өледі.АЛКИЛДЕУШІ Заттар жасушаларға интерфаза кезеңінде әсер етеді.Әсіресе,олардың тез пролиферацияланған жасушалар жөнінде цитотоксикалық әсері айқын.Алкилдеуші қосылыстар жіктелуіХлорэтиламиндер - эмбихин,сарколизн,допан,хлорбутин,циклофосан,проспидин.Этилениминдер-тиофосфамид.Метансульфон қышқылының туындысы-миелосан.Нитрозомочевина туындылары-нитрозометилмочевина,ломустин,кармустин,нумустин.Триазиндер-дакарбазин,прокарбазин.Платина қосылыстары-цисплатин,карбоплатин,оксиплатин