Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі. Жағымсыз әсерлері.Туберкулездің медикаментоздық терапия кешенінде хмя-терапиялық дәрі-дәрмектер негізгі орын алады. Оларға мынадай дәрілер жатады:Синтетикалық дәрілер (изониазид, этамбутол, бепаск,пиранизамид, тиоацетазон).Антибиотиктер(рифампицин,циклосерин, канамицин сульфаты)Әсерінің механизмі. Туберкулезге қарсы дәрілер негізінен бактериостатикалық әсер етеді. Дегенмен кейбір дәрілер белгілі бір мөлшерде бактерицидтік әсер етеді.Туберкулезге қарсы әсерлері бар дәрілердің механизмі жеткілікті зерттелмеген.Жағымсыз әсерлері.Туберкулезді емдеуде өкініштісі барлық белгілі туберкулезге қарсы дәрілерде жанама әсерлері орын алады, дәрілердің жанама әсерлері аллергиялық та, аллергиялық емес те болуы мумкін. Сондай-ақ антибиотиктерді қолдану кезінде суперинфекция байқалуы мумкін.
Вирустарға қарсы және микозға қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі.қолданылуы. Вирустарға қарсы заттарды алу- инфекция химиотерапиясының өзекті мәселесінің бірі. Бұл РНҚ және ДНҚ құрамды вирустардың міндетті жасушаішілік паразиттер болуынан. Вирустар өздерінің көбею барысында микроорганизм жасушасының биосинтездік аппаратын белгілі бір түрге өзгерте отырып пайдаланылады. Бірақ кейбір вирустар жәй ұшық вирусы,белдеме теміреткі вирусы жасушаға енгеннен соң өзферментінің түзілуін күшейтеді. Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілік заттар; Синтетикалық заттар Нуклеозидтердің аналогтары-зидовудин,ацикловир,видарабин, ганцикловир,трифлуридин, идоксуридин. Пептидтер туындысы-саквинавир. Адамантан туындысы-мидантан,ремантадин. Индолкарбон қышқылының туындысы-арбидол. Фосфонқұмырсқа қышқылының туындысы-фоскарнет. Тиосемикарбазон туындысы-метисазон. Микроорганизмдердің жасушаларымен өндірілетін биологиялық заттар. Интерферондар. Вирустарға қарсы әсерлі заттардың үлкен топтары нуклеозидтердің пуриндік және пириминдік туындылары түрінде ұсынылған. Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар кеңінен тараған ауруларды микоздар шақырады. Жүйелік немесе терең микоздарда (кокцидиоидомикоз,паракокцидиомикоз,гистоплазмаз,криптококоз) Антибиотиктер-амфотерицин В,микогептин. Имидазол туындылары-миконазол,кетоконазол. Триазол туындылары-итраконазол, флуконазол. Жүйелік әсер ететін имидазол туындыларына миконазол, кетоканозол жатады. Миконазол көк тамырға, энтеральды сирек жағдайда –ми қабатының астына енгізіледі.