Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері



бет5/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Farm 2 kurs

Бос орынды толықтырыңыз:-тірі ағзаның циклдық процесстері
Бірінші реттік және екінші реттік фармакологиялық реакциялар туралы түсінік. Мысал келтіру. Организмде дәрілердің фармакологиялық активтігіне әсе ететін факторлар.Фармакодинамика біріншілік және екіншілік фармакологиялық серпілістерден тұрады. Біріншілік фармакологиялық серпіліс дегеніміз-ол циторецепторлармен-биомакромолекулалармен әсерлесу. Биомакромолекулалар биологиялық белсенді затпен, дәрілік затпен әсерлесуге генетикалық әзірленген зат. Циторецепторлармен әсерлесу екіншілік фармакологиялық серпілістің жасушалар мен мүшелердің атқаратын қызметі мен метоболизмінің өзгеруі түрінде қажет. Рецепторсыз әсерсерлесу, механизмі сирек кездеседі. Ингаляциялық наркоздық заттарда, осмостық зәр айдаушы дәрілерде, плазма алмастырушыларда, комплексон түзушілерде циторецепторлармен әсерлесу болмайды. Біріншілік фармакологиялық серпіліс әртүрлі екіншілік өзгерістерге әкелуі мүмкін (норадреналин арқылы α-адренорецепторларды қоздырғанда ол көз қарашығын кеңейтеді және тамырларды тарылтады). Екіншілік фамакологиялық серпіліс негізінде әртүрлі біріншілік механизмдер болуы мүмкін (ацетилхолин арқылы ям-холинорецепторларды қоздырғанда немесе гистаминмен -рецепторларды қоздырғанда бронхтардың түйілуі болады.
Дәрілердің организмге көрсететін әсерлерінің түрлері: жергілікті (локальді), рефлекторлы, резорбтивті, жанама, таңдамалы.Жергілікті әсері – қолданған жердегі дәрілік заттардың әсерлері (жергілікті анестетиктердің әсерімен ауру және температура сезімталдығын жоғалту; ауырсыну, гиперемия, тітіркендіруші препаратты қолданған дене аймағының ісінуі).Резорбтивті әсері – (лат. Resorbeo –жұту) қанға сорылғаннан кейін және гистогематикалық қорғанысқа енгеннен соң дәрілік заттардың әсері (наркозды дәрілерді, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерді қолданғандағы анальгезия, кофеинді қабылдаған адамдардағы ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің артуы).Таңдамалы әсері-бұл дәрілік заттардың белгілі мүшелер мен жүйелердің қызметіне әсері. Егер зат белгілі бір жерде орналасқан, тек қызметі жағынан бірдей рецепторлармен өзара байланысып және басқа рецепторларға ықпал етпейтін болса, онда заттың осындай әсерін таңдамалы деп есептейді.Жанама әсері – дәрілік заттардың алғашқы мүшелермен функционалды байланыстағы өзге мүшелердің жасушаларына әсер беруі.Жанама әсер етудің мысалы, рефлекторлы әсер- яғни мүшелердің қызметінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыру нәтижесінде өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет