Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Организмге дәрілерді енгізу жолдары.Олардың салыстырмалы сипаттамасы.Дәрілер сіңірілуінің механизмдері



бет3/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Организмге дәрілерді енгізу жолдары.Олардың салыстырмалы сипаттамасы.Дәрілер сіңірілуінің механизмдері.Дәрілік заттарды енгізудің энтеральды және парентеральды жолдары бар.1.Энтеральды енгізу жолдары-асқазан ішек жолдары арқылы енгізу.а)Пероральды енгізу жолы-дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы енгізу(per-арқылы,os-ауыз)Басқа енгізу жолдарына қарағанда ең қарапайым және ыңғайлы әдіс болып табылады.Әсері 30-60 мин.соң басталады.б)Сублингвальды(sub lingua-тіл астына) және трансбуккальды(ұртқа)енгізу жолы.Бұл жолмен тек белсенді заттар сіңіріледі.Бауырдан тыс,тіл астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп,әсері 1-3мин.соң басталады.в)Тік ішекке енгізу жолы-(per rectum-тік ішек арқылы)бұл жолмен суппозиторийлер,дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі.Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына қарағанда әсері(әсері15-30мин.соң басталады)тезірек.2.Парентеральды енгізу жолы-асқазан ішек жолдарынан тыс.а)Тері астына(т/а)енгізу жолы.Әсері 5-15 минуттан соң басталады.Тек сулы,кейде майда ерітінділер енгізіледі.б)Бұлшық етке(б/е) енгізу жолы-толық сіңіріліп,тез әсер көрсетеді.Сулы,майлы ерітінділер мен суспензияларды енгізуге болады.в)Күре тамырға(к/т)енгізу жолы.Әсері өте тез,бпрлық концентрациясы қанға түседі.Тек сулы ерітінділер енгізіледі.Энтеральды енгізу жолына қарағанда әсері5-10 есе артық.с)Субарахнойдальды енгізу жолы.Subarachnoidea-мидың(торлы)қабығына енгізіледі.Бұл енгізужолымен дәрілерді жұқпалы ауруларда тікелей мидың торлы қабығына енгізеді.д)Ингаляциялық енгізу жолы(inhalatio-дем алу)Газ тәрізді,сұйық ұшқыш заттар наркозға арналған,аэрозоль және эфир майларының булары енгізіледі.Басқа да парентеральды енгізу жолдарына:артерия ішіне,жүрек ішіне,сүйекке,тері ішіне,интраназальды,конъюктивальды,кеудеге,плевраға және буынға енгізу жатады.Сіңірілу дегеніміз дәрілердің жасушалардың липопротеиндік плазмалық мембранасы арқылы өтуі.Көбінесе дәрі-дәрмектер аш ішекте сіңіріледі.Ішектегі кедергі бір қабат эпителийден тұрады,тері бетінен сіңірілгенде дәрі бірнеше жасушалық қабаттардан өтеді.Мембрана арқылы тасымалданудың механизмдері:пассивтідиффузия,белсенді транспорт,пиноцитоз.Жай диффузия жолымен липофильді дәрілік заттар сіңіріледі.Дәрілік заттардың липидте ерігіштігі күшейген сайын жасуша мембранасы оңай өтіп,тез сіңіріледі.Дәрілердің концентрациясының градиенті бойынша,концентрациясы жоғары аймақтан төмен аймаққа қарай өтіп,энергия жұмсалуын қажет етпейді.Қосылыстардың липофильділігі молекулалардың иондалу дәрежесіне байланысты.Дәрілік заттардың сіңірілуі сутектік көрсеткіш (pH)ортаға байланысты.Ортаның pH жоғарылау диссоциациялануына алып келеді.Белсенді транспорт-дәрілердің концентрациясының градиентіне қарсы,концентрациясы төмен аймақтан жоғары аймаққа қарай өтіп,энергия жұмсалуын қажет етеді.Бұл жолмен суда еритін гидрофильді полярлы молекулалар, бейорганикалық иондар,қант,аминқышқылдар және пиримидин негіздері жеңіл өтеді.Пиноцитоз жолымен жасуша мембранасында көпіршік түзіліп,инвагинацияланады.Көпіршікке дәрілік заттар мен сұйықтықтар еніп,ол көпіршік мембрананың қарсы бетіне өтіп,сол жасуша ішінде көпіршіктен дәрілік заттар мен сұйықтықтар босап шығып сіңіріледі.Сіңірілудің маңызды сипаттамасы биосіңімділік. Биосіңімділік деп препараттың алғашқы мөлшеріне байланысты өзгерілмеген заттың мөлшерін көрсетеді.Биосіңімділік дәрілердің физико-химиялық ерекшеліктеріне,дәрілік түрлеріне және оның дайындалу технологиясына,енгізу жолдарына,қан айналымының жылдамдығына,сіңіретін беттің ауданына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет