Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар



бет14/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Әдебиет туралы

Зерттеу обьектісі және заты. Зерттеу обьектісі педагогикалық бомыстың элементі, құбылысы, оған зерттеушінің зейін қоюы.
Зерттеу заты-зерттеу обьектісінің нақты құбылысы, оның негізінде жаңа білім пайда бола алатындығы. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері жұмыс болжамын және зерттеудің эксперименталдық құрылысын белгілейді.
Мақсат қою барысында қандай дәрежеге жететіндігін біледі. Зерттеу логикасын белгілегенде, ол бірнеше зерттеу міндеттерін қояды, олар мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Зерттеудің болжамы негізгі әдістанымдық құрал, педагогикалық зерттеудің барлық жағдайын ескереді.Болжам арқылы зерттеудің обьект және затының байланысын, құбылыстардың пайда болу себебін түсіндіреді.
ХХІІ.Курстық жұмыстың үздігі дипломдық жұмысқа негіз бола алады.
Диплом жұмысы- оқу- зерттеу түрінде орындалатын қорытынды жұмыс.Диплом жұмысының мақсаты- оқуды бітіруші студенттердің теориялық білімі мен дағдыларын жүйеге келтіріп, қорытындылау әрі жинақтап тексеру. Диплом жұмысын орындау туралы жадынама, оған қойылатын негізгі талаптар, жазу ережелері және оны қорғау жұмыстары жүзеге асырылады.Диплом жұмысы мемлекеттік емтихан комиссиясында қорғалады. Диплом жұмысының көлемі 60-65 бет,ол көбінесе тақырыптың көлемі мен мазмұнына байланысты болады. Ғылыми жетекшінің ақыл-кеңесімен бет санын көбейтуге де азайтуға болады .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.Онда бірінші әдістемелік әдебиеттер, екінші, негізгі теориялық әдебиеттер, үшінші көмекші , қосымша әдебиеттер беріледі.Қазіргі кезде дипломдық жұмысты компьютер арқылы да, мультимедия арқылы қорғауға мүмкіндік туып отыр . Ол ақпараттық технологияның жетістігі.


Әдебиет сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар.


Орта буын сыныптарда оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді әр сабағымызда қолданамыз:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет