ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»
Орта буын сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Жаңбыр ойыны»
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.
Мұғалім
|
Оқушы
|
Жаңбыр жауды
|
далаға
|
Жаңбыр жауды
|
қалаға
|
Жаңбыр жауды
|
ауылға
|
Жаңбыр жауды
|
бауға да
|
Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)
Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Мақалдар
Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.
Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.
Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа.
.
|