Ғдебиет сабаєындаєы шыєармашылыќ жҢмыстар


І. Ең әуелі жұмысты жеке кейіпкерлерге шағын ой толғау



бет3/17
Дата04.11.2022
өлшемі240 Kb.
#47375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
І. Ең әуелі жұмысты жеке кейіпкерлерге шағын ой толғау беруден бастадым, оны өздеріне ұнаған кейіпкерден бастаған дұрыс.Оқушы жанына жақын образды алып,соған мінездеме береді.Мінездеме берудің мынадай компоненттеріне сүйенеді: мінезі, парасаттылығы тұрғысындағы портреті, ішкі портреті, ой –сезімі, сөзі, әдеті, көңіл –күйі, отбасы жағдайы талданады. Оны мынадай кесте түрінде беруге де болады.”Алпамыс батыр “ жырын оқыту барысында Алпамыс образына мінездемені мына үлгімен беруге болар еді:


Бағыттау кестесі:

батыр аңқау


бауырмал қайратты
ақылды Алпамыс ер жүрек
сезімтал өнерлі
достыққа берік
айлакер

Бұл арада оқушылар көркем туындымен жұмыс жасай, оны оқи отырып, өзіндік топшылау, ой қорытындысын да жүргізеді. Мысалы, 8-сыныпта С.Торайғыровтың “Ауырмай есімнен жаңылғаным” әңгімесін оқып, басты кейіпкер туралы ой толғау жазылу талап етілгенде ,оқушылар басты кейіпкер орнына өздерін қойып, жесір әйел-Қалияның мұңы мен қайғысын ерекше тебіреніспен –еске алу-сипаттау түрімен керемет жазған еді Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті –адамның көңіл күй, ой толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу , ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.Осыған орай кейде ой толғау түрінде”Мен кіммін?”, “Менің ата-анам: ұқсастығым мен ерекшелігім” деген тақырыптарды жазуға тапсырмалар беремін. Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім-жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып –жетіле беретін жекелік қасиеттерді оқушы бойына дарыту, дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, оқушыларды өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.




ІІ. Шығармашылық жұмысқа баулудың тағы бірі- ойдан сюжет құрау әдісі. Бұл жердегі мақсатым-оқушы іштегі ойын сыртқа шығарса, сезімін, ой қиялын менімен бөлісіп,ашық сырласса, сөзі де айқын,өзі де батыл болып,өзіндік жеке пікір қалыптасар деген ой.Оның тақырыптары :”Хат жаздым қалам алып”, “Оңаша сыр айтамын өзіңізге”,”Сырласпақ едім өзіңізбен” т.б. Оқушы көңілдегі ойын, ішкі құпиясын, өзін мазалап жүрген мәселелерін-өкпесін, ренішін, қуанышын, қайғысын-бәрін ақ қағаз бетіне шынайы түсіре алады, себебі ол -өзінің ғана жеке меншік ойы,сол асылын жеткізер тұста әдемі сөз өрнегін, шұрайлы сөз тіркестерін қолдануға тырысады,жүрегіндегі тебіреністі түсіндіргісі келіп нақты, болжамға сүйенеді, кейде қиял араластырады. Ең соңында кішкентай жүрегінің сырын жыр қылып, сізге ұсынады. Шығармашылық дегеніңіз –осы. Осы бір ситуациядан туындайтын ой- оқушы оқиғаны өзі сезіну керек, оны ішкі әлемінен өткізіп, кейіпкердің толғаныс-қиналысын өз басынан кешіруі керек, сонда ғана әдемі ой, сюжет туады деген болжам, мүмкін нақты шешім шығар.Шығармашылықпен жұмыс жасау адам жанының психологиялық әрекеттеріне байланысты екеніне тағы да көзіңізді жете түскізеді.Тіпті кейде кездейсоқ тақырып оқушы бойындағы өзіңе бұрын беймәлім болған сырларды да ашып береді.Қиялы ұшқыр, сезімтал ұстаз кез келген нәрседен жағдай туғызып, бала сезіміне нәр береді.
Аталған ой толғаулардың жеке сабақта жазылуы шарт емес, өтілген тақырыптан соң оны қорытындылау мақсатында, сабақтың идеясын түйіндеу барысында кейде жазбаша , кейде ауызша жүргізіледі .Өз басым тіл дамытуға берілген сағаттардың есебінде кейде жеке сабақ ретінде өткізе де беремін. Өзіндік пікір, қорытынды ой, өз көзқарасын білдіруге келгенде, шәкірттеріміз көп жағдайда сараңдық танытады, сезімін тежеп ұстайды.Ал ой толғау кезінде еркін түрде өз белсенділіктерін көрсеткен оқушыларға дән риза боласыз.Оқулық материалы туралы автор пікірінен көп аса алмайтын шәкірттер ой толғау тұсында ерекше шырқап , дүниетанымдық көзқарастарын әсерлі жеткізеді.Бір –бірінен озып,өз пікірлерін қызулана қосып жатқан шәкірттерді нағыз дара тұлға ретінде қалай бағаламасқа? Жиі жүргізілген ой толғаудың тақырып мазмұны мен идеясы баяндар кезде оқушыға тигізер үлкен пайдасы бар, жүрдек ой , еркін пікір, дәлелмен сөйлеу, аналитикалық сөйлеу дағдысы оқулық материалы мен көркем туындыны талдап- талқылауға көмектесіп, оқушылардың кез келген нәрсеге қорытынды жасауына, тиянақты болжам жасап, өзіндік пікірін айтуға дағдыландырады. Кей сәттерде, көңілдегі нәзік иірімдерді баяндарда, оқушылар өз пікірлерін, сырларын жазбаша түрде табыстайды, бұл ой толғау құпия түрде сақталып, көпшілік талқысына түспейді. “Арнаймын сізге сөзімді”,- деген айдармен жазылатын бұл ой толғауда ешкімге айтылмайтын жеке адамның жан дүниесіндегі сыр ғана шертіледі, бұл сабақ үстіндегі Абай, Әйгерім, Айша, Ғайша, Қожаштың жан дүниесіндегі құпиясынан туындап, оқушылардың жеке сырына айналады.
Ой толғаудың тәрбиелік мәні де зор, жанұясындағы келіспеушілік пайда боған оқушы іштегі ойын, мұңын, сырын ой толғауға түсіреді. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің Ана туралы новеллалары, Ы.Алтынсариннің ана тақырыбындағы әңгімелері, оқушыларды көп ойға түсіреді, анаға айта алмаған пікірлерін, өкпе –реніштерін ой толғауда жазады.Бірін –бірі түсінбеушілік асқынып кеткен кезеңде құпия түрде аналарын мектепке шақырып, ой толғауды оқытып, өз кінәларын өздеріне мойындатқан кезең де кездеседі.Кейбір кезеңде реніш-өкпені бетпе- бет ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша түрде әдемі , нәзік жеткізілетінінің куәсі де болдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет