«Фигуралардың ауданы» эллективтік курсының бағдарламасы



бет37/43
Дата24.12.2022
өлшемі3,17 Mb.
#59349
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
Арайлымэлективті курс (1)

Сабақтың ортасы
20 мин


Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай саралудың «тапсырма» тәсілін пайдаланып, топтық жұмыс кезінде және кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында қызығушылығы төмен оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсету үшін саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын . Оқушылар тапсырманы орындауда графикалық органайзер көмегімен «Балық қаңқасы» арқылы тапсырмаларды орындап, басқа топтармен жұмыстарын алмасып, топ ішінде талқылап өзара бағалау жүргізеді.
1 топ: № 39
Тік бұрышты екі үшбұрыштың біреуінің бұрышы бар, ал екіншісінің -қа тең бұрышы бар , осы ұшбұрыштар ұқсас па?
2 топ: № 40
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктігі гипотенузаны 9 см және 16 см кесінділерге бөледі.Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3 топ №41
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 25 см-ге, ал катеттерінің бірі 10 см-ге тең, Екінші катетінің гипотенузадағы проекциясын табыңдар

Бағалау критерийлері




Дескриптор


Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін қолданады;
Ұқсастық белгілері арқылы үшбұрыштарды салыстыра алып, есептер шығаруда пайдаланады.

39

1.берілген есептің сызбасын сызады.
2.Есептің шартын дұрыс жазады.
3.Ұқсастық ережесін қолданады.
4.жауабын дәлелдейді.

40

1.берілген есептің сызбасын сызады.
2.Есептің шартын дұрыс жазады.
3.формуланы дұрыс қолданады.
4.есеп шешімін табады.

41

1.берілген есептің сызбасын сызады.
2.Есептің шартын дұрыс жазады.
3.Пифогор теоремасы бойынша катетін табады.
4.Формуланы қолданып проекциясын табады.

Дескриптор арқылы әр топ сағаттық тілімен бір-бірін тексереді. Әр топ есепті өз таңдаулары бойынша шығарады . Тапсырманы шешу жолын салыстырып қарсылас топтарға түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, талқылайды. Оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың шығару тәсілдері әр түрлі болады. Сондықтан саралаудың қорытынды тәсілін негізге алып айтылған ақпараттарды толықтырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет