УДК 821.512.154.0
БКК 83.3 (5Кир)
А 15
Баспаға Халықаралық Түркі академиясының
Ғылыми
кеңесі ұсынған
Орыс тілінде айтылған бұл әңгімені диктофонға жазып алған
неміс жазушысы әрі аудармашысы
Фридрих Хитцер
(Түрк тилинен кыргыз тилине которгондор:
Абдыкерим Муратов, Бактыгүл Чыныбаева.)
Қырғыз тілінен
қазақ тіліне тәржімалаған
Нұрғали ОРАЗ.
Айтматов Шыңғыс
БАЛАЛЫҚ ШАҚ. Автобиографиялық естеліктер.
Нұр-Сұлтан: “Ғылым” баспасы, 2019. – 140 б.
ISBN 978-601-7793-75-3
Адамзаттың Айтматовы атанған кемеңгер жазушының өз аузынан
жазылып алынған балалық шағының естеліктері кім-кімге де қызықты
екені сөзсіз. Оқиғалар шынайы, қарапайым тілмен баяндалып,
оқырмандарын сағынышқа тұнған кешегі түндерге жетелейді.
Кітап көшпілік оқырманға арналған.
УДК 821.512.154.0
БКК 83.3 (5Кир)
© Айтматов Ш., 2019
© Ғылым» баспасы, 2019
ISBN 978-601-7793-75-3
А 15
4
Шыңғыс Айтматов
ШЫҢҒЫСТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Бірде жолымыз түсіп Бішкекке бара қалғанымызда
қырғыз әдебиетінің
классигі Шыңғыс Айтматовтың
«Балалық шақ» атты жаңа кітабы жарық көргенін естіп,
қырғыз достарымыздан: «Ол кітапты қайдан алсақ
болады?» деп сұрап едік ынтығып. Ал олар болса: «Оны
қазір дүкеннен табу қиын. Бар болғаны мың дана болып
шықты. Бірақ қазақ бауырларымызға бір данасын қайткен
күнде де тауып беруге тырысамыз,» деді шын жүректен.
Сөйтіп, елге қайтатын күні жаңа кітапты қолымызға
алып, қатты қуанып қалдық. Әрине, зейін қойып оқыған
қазақ оқырманына қырғыз тілінде басылған бұл кітапты
түсіну аса қиынға соқпайды. Себебі, ауызша баяндау
тәсіліне құрылғандықтан, ұғымға жеңіл, өте қызықты. Әрі
кітаптың шағын аннотациясында: «Балалық шақ» - әлем
әдебиетінің классигі, қырғыздың ұлы жазушысы, елшісі
және мемлекет қайраткері болған Шыңғыс Айтматовтың
өз өмірбаяны туралы айтқан естеліктері. Оны 1996 жылы
Германиядағы Локум шаһарында
неміс жазушысы,
аудармашы Фридрих Хитцер диктофонға түсіріп алған.
Бұл кітапта жазушы бала кезінде өз басынан өткен
оқиғалардың ең бір қызық та қиын сәттерін баяндайды,»
делінген.
Халықаралық Айтматов қорының вице-президенті,
жазушының жан жары Мәрия Айтматова да өзінің осы
кітапқа жазған алғысөзінде: «Бұл кітаптың жарыққа
шығуына Фридрих Хитцердің қосқан үлесі зор. Ол
Ш.Т. Айтматовтың «Жанпида», «Кассандра таңбасы»
және «Таулар құлағанда»
атты романдарын неміс
тіліне аударған аудармашы және өз елінің өте талантты
жазушысы. Соңғы жиырма жыл бойы Ш.Айтматовтың
5
Балалық шақ
шығармашылығы жөніндегі кеңесшісі болды,» деп атап
өтеді.
«Балалық шақ» әуелі неміс тілінде жарық көрді.
Ш.Айтматов 1997 жылы осы кітапқа арнап жазған шағын
кіріспе сөзінде: «Оқиға Германияда не Еуропада емес,
дүниенің басқа тарабында, мен туып-өскен Орта Азияда,
оның ішінде Қырғызстанның Талас өңірінде болған.
Мұның бәрі де менің жастық шағыма, жерлестерім мен
туған-туысқандарыма
байланысты өрбиді,» дейді.
Ал енді, Шыңғыс Айтматовтың шығармаларымен
сусындап өскен көзі қарақты оқырманның бұл
естеліктермен таныса отырып,
қырғыз айылының
өмірі жазушының барлық шығармашылығына өзек
болғандығын бек түсінеді.
Аудармашыдан