14
Шыңғыс
Айтматов
Шыңғыс Айтматов. Иә, сол шығармам жазылмай,
тоқтап қалды. Тоқтап қалған себебі,
оған көңіл бөліп
отыратын уақыт менде аз болып кетті. Екіншіден, ары-
бері ауысып, көшіп-қонып... әйтеуір, жұмыс дегеніңіз
бастан асады.
Мен ол шығармада Сталиннің дәуіріне, жеке тұлғасына
деген өзімнің жеке көзқарасымды білдірмек болып едім.
Бірақ, соның арқасынша «перестройканың» толқыны
қозғалып кетті де, Сталиннің сау жері қалған жоқ. Оның
қайсысы шын, қайсысы жалған екенін түсінбейсің тіпті.
Қазір өзі бір түсініксіз хаос болып кетті емес пе. Әне,
сондықтан да, ол шығармамды уақытша тоқтатып қойған
едім.
Қалай дегенмен, әлгі жазып жатқан кісілермен
жарысқа түскендей болмайын деген ойым ғой бұл.
Бәлкім, кейін тағы да көре жатармыз...
–
Сізде сыйлық та, атақ та, даңқ та жеткілікті.
Дегенмен, бүкіл әлем халқы таныған классик
жазушы Шыңғыс Айтматовқа әлі күнге дейін Нобель
сыйлығының берілмеуі қалай?
Шыңғыс Айтматов. Оны енді, әрқалай айтуға
болады. Егер рас болса, менің аты-жөнім соңғы он шақты
жылдың төңірегінде сол сыйлыққа ұсынылғандардың
ішінде үнемі жүреді дейді.
Бір-екі жолы маған алады
екенсіз деген хабар да
келіп жеткен. Австрияға бір бара қалған уақытымда,
ұмытпасам, 1989 жылы ма, 90-шы жылы ма, әйтеуір,
қазан айында америкалық бір газеттің корреспонденті
келіп: «Сізбен сөйлесіп, сұхбаттасайық деп едік. Өйткені,
бүгін Нобель сыйлығын алады екенсіз,» деді. Мен оған:
«Әуелі
сыйлықты берсін, содан кейін көре жатармыз,»
деп жауап қаттым. Одан кейін білдік қой, бәрі де басқаша
болып шығыпты...
15
Балалық шақ
«Сол жолы М.Горбачевпен қатар түсіп қалған
екенсіз. Бір аймақтан екі
адамға бірдей берілмейтін
болғандықтан, кейінге қалдырыпты,» деген әңгімелерді
де естіп жатамын.
Турасын айту қиын. Менің өзімнің де естіп жүргенім
сол – сырттан жететін әңгімелер. Ол жаққа өзім бармасам,
сөйлеспесем, так, во-о-т, ол енді, бола ма, болмай ма,
қайдан білейін.
–
Достарыңызбен бөлісу: