“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019


Шыңғыс аға, өткен ғасырдың 60-70-80-ші



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Ш.Айтматов-Балалық-шақ

Шыңғыс аға, өткен ғасырдың 60-70-80-ші 
жылдарында бүкілодақтық әдеби орта қонақжай 
үйдің қазанындай бұрқ-сарқ қайнап жатушы еді. 
Сіздер Мәскеудегі Орталық әдебиетшілер үйінде, 
«Останкино» телемұнарасындағы үлкен залда 
мыңдаған оқырмандармен кездесу өткізіп жатушы 
едіңіздер...
– Тура, тура, – деді Шыңғыс аға холлдағы жұмсақ 
креслоға жайғасып отырып жатып.
– 
Ал қазір алыстан, Еуропадан келген кезде көшкен 
елдің жұртына тап болғандай көңіліңіз құлазымай 
ма?
Шыңғыс Айтматов: Мұның да дұрыс. Сенің бұл 
айтқаныңда шындық бар. Қазір біз өтпелі дәуірді бастан 
кешіп жатырмыз. Та-ак... Өтпелі дәуірде біраз өзгерістер 
болады. Онсыз мүмкін емес. Бәлкім, содан да болар, 
мынау әдебиет жүйесі, кино, театр дүниесі, олардың 
ішінде музыканттар да бар, қандайлық бір кризиске 
ұшырады. Соның бәрін бастан кешіп, көз алдымыздан 
өткізіп жатырмыз. Меніңше, бұл уақытша нәрсе. Бүгінгі 
жастарға зор сенім, үміт артуға тиістіміз. Солардың 
арасынан небір дарынды, талантты азаматтар шығатыны 
анық. Әдебиетті, өнерді олар сол баяғы биігіне қайта 


12
Шыңғыс Айтматов
қондыруы қажет. Одан ары самғау, жаңа кеңістіктерді 
көру де сол жастардың маңдайына жазылған бақ болмақ. 
– 
«Қайтқан құстың зары» («Плач перелетных 
птиц») атты шығармаңыздағы жыршы-манасшының 
бейнесі әрдайым көз алдымда тұрады. Ол халықтың 
рухын сақтап қалып еді ғой. Сондай бір қиын да, 
күрделі кезең қазір қазақ елінің де, қырғыз елінің де 
басынан өтіп жатқан секілді. Тәуелсіз елдің рухы биік 
болуы керек емес пе?..
Шыңғыс Айтматов. Ол енді, былай: мынау 
егемендікке, тәуелсіздікке қолымыздың жетуінің өзі 
– тағдырдың бізге беріп тұрған шоң мүмкіншілігі, 
жақсылығы. Орысша айтқанда, бұл «исторический 
шанс». Оған ешқандай талас жоқ. Қайсыбір өткен дәуірге 
зер салып қарамаңыз, бізде мұндай мүмкіншілік болған 
емес. «Келешек қандай болады?» дегенге ой жүгіртіп 
байқасақ, құдайға тәуба, қазір көңілде сенім бар. Үміт 
бар.
Ел ішінде тыныштық болса, бір-бірімізді түсініп, 
мәмілеге келіп жатсақ, жалпы, келешекте осындай бейбіт 
бағытпен, әрекетпен оңалып кетеміз ғой деп ойлаймын.
Байыптап қарасақ, негіз бар ғой, негіз бар. Потенциал 
бар. Оған ешкімнің дауы жоқ. Таласа алмайды. Ең 
бастысы, ел бар, жер бар, су бар ғой. Оған қоса, ел байлығы 
да, жер байлығы да жеткілікті емес пе. Халқымыздың 
еркіндігі, рухы солмасын деңіз. Жетеді ғой бәрі, жетеді...
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет