“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Ш.Айтматов-Балалық-шақ

ШАРҒЫН МОЛДА
Қарақыз апам айылдың барлық адамдарын жазбай 
таниды. Оның айтуынша, біздің айылдағы ең ақылды 
және ең білімді адам Шарғын молда. Шекердегі мешіт 
биік дөңнің үстіне орналасқан. Оны айылдағылар «Ақ 
үй» деп атайды. Төңкерістен бұрын салынған, өзі де 
күмбезге ұқсас мешіт. Жұма күндері намаз оқу үшін 
мұнда айылдың көп кісісі жиналады. Олардың біразы 
атпен, есекпен келеді, ал көлігі жоқтар әр тараптан жаяу-
жалпы шұбырады.
Шарғын молданың үйінің төңірегі биік шарбақпен 
қоршалған. Ал үйі мешіт орналасқан дөңнің дәл түбінде. 
Бақшасынан сылдырап көп су ағып шығады. Осы арықтар 
арқылы Шекердің біраз даласы суарылады. Молданың 
егіндік жері де ат шаптырымдай, сонымен бірге бау-
бақшасының мәуе-шәуесі де мол.
Жиендерім Жапарбек пен Байысбек үшеуміз осы 
баудың тәп-тәтті алмаларын талай рет ұрлап жегенбіз. 
Бізді көре қалса, молданың үйіндегілер соңымыздан 
безілдеп қуып кеп беретін.
Жалпы, Шарғын молда жөнінде ел ішінде әр түрлі 
әңгімелер көп айтылушы еді. Солардың біразын колхозда 
хатшы, салық жинаушы болып істеп жүрген кезімде мен 
де естігенмін.
Айылдағы еркектер кейде қыстыгүні таң бозынан 
тұрып, бозашының үйіне қарай жөнейтін. Боза сүзетін 
үйді олар жақсы біледі. Бірақ онда неге таң атпай барады, 
мұның себебі неде дейсіздер ғой? Себебі, боза жасау үшін 
тарыны үгіп, одан соң ұзақ қайнату керек. Кейде тарының 
орнына арпаның, ұнның кебегін қосып жіберетін кездер де 
жиі болады. Боза – алкогольдік ішімдік. Оны ашыту үшін 


93
Балалық шақ
бидайды немесе арпаны бөктіріп, бір күн бұрын тарыны 
осы бөктірілген ашытқыға салып шылап қояды. Ертесіне 
сақардай қайнап шыққан қосындыны боз бастық-дәкеге 
салып, қолмен сығып сүзеді. Сосын сүзгіден шыққан 
сұйық боза болады да, оны адамдар ішеді, ал бастық-
дәкеде қалған сығындыны малға береді. Боза жасау өте 
машақатты іс болғандықтан, оны кезектесіп түйеді және 
оған жуан білекті жігіттер ғана шыдайды.
Міне, сондықтан да боза құмар кісілер ерте тұрып, 
қалың жауған қарды күрт-күрт басып бозашының үйіне 
барады. Боза сүзіліп жатқанда он-он бес еркек жиналып 
қалып, тамақтары кеберсіп күтіп тұрады. Содан соң 
жаңа ғана сүзілген сұйық ішімдікті аз-маз араластырып 
жіберіп, кесеге құйып, кезегін тосып тұрғандарға 
жағалатып ұсына бастайды. Бұрыннан дәмін алып, 
үйреніп қалған бозақорлар оны аз-аздап рақаттана 
жұтып, асықпай сөйлесіп отырады. Сөйтіп бозаның 
кәйпімен күнделікті тұрмыстың гөй-гөйін ұмытып, жеке 
бастарының қайғысын біраз жеңілдетіп алады.
Бірте-бірте боза іштеріне түсіп, денелері шып-
шып жіпсіген кезде бір-біріне бастан кешкен әр түрлі 
жорықтары, ерліктері жайлы айтып, небір ойға келмейтін 
қызық оқиғаларды өрбітіп, өздерінше сөз майданына, 
өзгеше бір әңгіме әлеміне еніп кетеді.
Осындай отырыстардың бірінде бозақорлардың 
ішіндегі біреуі мұнда отырғандарға өзінің бұрыннан 
мәлім бір хикаясын айта бастайды. Барлығы да оған 
бастарын изеп күліп, құлақ түріп тыңдай қалады. Бұл 
өзінің қайтіп есек болғанын әрдайым жалықпай айта 
беретін бір момындау кісі еді.
Бақсақ, оны да есек қылып жіберген айылдағы Шарғын 
молда екен.


94
Шыңғыс Айтматов
Әлгі кісінің айтуынша, осы молданың бір сиқыры бар 
көрінеді. Оның үстіне бұл оқиғаға ол өз жанынан оны-
пұны қосып, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып 
айтады.
– Шарғын молда өзінің егістігін жылына үш рет 
жыртқызып, үш рет беде (жоңышқа) сепкізіп, үш рет 
орып алады, – деп бастайды ол әңгімесін. – Бір күні ол 
менің үйіме келіп: «Ертең маған беде шабуға жәрдем 
бере аласың ба?» деп сұрады. «Әлбетте, жәрдемдесемін,» 
дедім мен қуанып кетіп. «Онда мен басқа ешкімге 
қолқа салмай-ақ, саған сенейін. Таңертең біздікіне кел. 
Шыңдап қойған екі шалғым бар. Егер бедені жақсылап 
шабатын болсаң, күні бойғы ас-ауқатың да менен,» деп 
жүріп кетті. Ертеңіне келісім бойынша таң ата молданың 
үйіне бардым. Ол менің келгеніме қуанып: «Азамат 
екенсің! Қолыңды әкелші, кәні! О-о, қайратты екенсің! 
Анау шалғыны ал да, қане, іске кіріс!» деді. Мен сөйтіп, 
молдаға жәрдемші боп қалдым. Ішімнен Шарғынның 
қажетіне жарағаныма қуанып, мақтанып қоям. Бірақ 
мен де бір сұмдық арамзамын ғой. Біраз шалғы сілтеген 
соң тамаққа тойып алып, шалқайып жатамын. Екі күн 
шаптым, бірақ әлі бітетін түрі жоқ. Үшінші күні жұмысты 
тіпті нашар істедім. Шалғыны сәл-пәл сілтеймін де, 
қайта-қайта демала беремін. Шарғын молда менің бұл 
ісіме қарап тұрып: «Әй, көрші! Мына жерді шала шауып 
кетіпсің ғой. Беденің бәрі ұйпаланып, шалғыға ілікпей 
қалыпты,» деп наразы бола бастады.Молданың бұл сөзі 
менің жынымды келтірді. Бір күні көлеңкеде тамақ ішіп 
отырсам, молда тағы да беденің қанша шабылғанын көруге 
келіпті. Мен жатқан жерімнен қозғалмай, тамағымды 
іше бердім. Шарғын жақындап келіп: «Бай-манаптан бес 
бетер боп тырқиып жатып алыпсың ғой. Істейтін болсаң 


95
Балалық шақ
істе жұмысты, істемейтін болсаң жөніңді тап! Сен мені 
басынайын деген екенсің!» деп бақырды. Менің де 
ашуым теріме сыймай, молдаға қарап: «Не деп былжырап 
тұрсың?! Мен сенің жұмысыңды істемегенде, немене, өз 
жұмысымды істеп жатырмын ба?! Неге зіркілдейсің?! 
Сен де осы, молдамын деп жүрсің-ау?!» деп айқайладым. 
Молданың жыны одан бетер қозып: «Сен енді есексің! 
Есек болып қал малғұн!» деп жекірді маған. Сөйтті де, 
сөз осымен бітті дегендей қолын бір сермеп қалып еді, 
екі құлағым салпайып, төрт аяғым талтайып есек болып 
шыға келдім. Зәре-иманым ұша шырқырап: «Жан сауға, 
молдеке! Бір ашуыңды маған қи! Мені есек қыла көрме!» 
деп жалына бастағанымда тілім де байланды. Сонсоң 
Шарғын молда маған қарғып мініп алды да, басыма 
бір салып, тепеңдетіп келіп, үйінің жанындағы ағашқа 
байлап қойды. Сөйтіп мен есек болып, иемді күтіп қала 
бердім...
Тап осы кезде бозаға балқып, бойы жіпсіп отырғандар:
– Әй, байғұс-ай! Молданың тоқпағы шекеңе батқан-ақ 
екен! Басың жарылып қалған жоқ па?! Құлағың да содан 
кейін өстіп, ұзарып қалған болса керек, – деп қарқылдап 
күліп, әзіл-шынын араластыра мазақтап, әлгі кісіні келеке 
қыла бастайды.
Міне, сөйтіп өз ойларынан әр түрлі нәрселер қосып, 
олары шындыққа келсе де, келмесе де өсіріп айтып, 
онсыз да қыстың бір тұтам қысқа күнін күліп отырып 
батырады. Ең қызығы, олар өздері ойлап тапқан хикаяға 
өздері сеніп, мейлінше тоқмейіл қалыпқа түсіп алады.
Мен болсам, әңгімеге құлақ түріп, арт жақта отырамын. 
Сөз аңдыған өзім қатарлы тағы да бір-екі-үш бала бар. 
Қалғандарының бәрі де қарт кісілер.
Тағы қандай әңгіме айтылар екен, әлгі есек болып 
қалған кісінің жағдайы одан арғы жағдай қалай болады 


96
Шыңғыс Айтматов
деп іштей күтіп отырғанымызда оның өзі де үзілген 
әңгімесін жалғай жөнеледі:
– Мен кәдімгі кеңкелес есекке айналдым. Сонда 
да болса, енді не істеймін деп ойланып қоямын. Үйге 
қайтуым керек қой. Бірақ қалай барамын? Кеш батқан 
соң молда мені есек байлайтын қораға апарып қамап 
қойды. Ертеңіне таң атпай қасыма келді. Асықпай үстіме 
ер-тоқым салып, жүген кигізіп, мініп алды. Сөйттік те 
базарға қарай жөнедік. Төрт аяғым қыбырлап, салып ұрып 
келемін. Әне, біздің үйдің де тұсына таяп қалдық. Ары 
қарай тоқтамай өтіп бара жатырмыз. Бір уақта қатыным 
есік алдына шыға келіп: «Молдеке, ау, молдеке! Менің 
күйеуім қайда?! Кеше кеткеннен әлі келген жоқ!» деп 
айқайлады. Ал молда болса: «Мен қайдан білейін! Керек 
болса, өзің іздеп тауып ал!» деп мені тебініп-тебініп 
қояды. Мен байғұста үн жоқ. Басым салбырап, құлағым 
қалқайып, тымпыңдап кетіп барам. Соған қарамай
Шарғын молда қолындағы таяғымен нұқып-нұқып 
қалды. Басым дың етіп ауырып, шыдатпай бара жатса 
да желіп келемін. Жолда атқа, есекке мініп, жаяу-
жалпы шұбырып базарға бара жатқан жұрт көрінді. 
Мен олармен жарысып келем. Өзім сияқты есектерден 
қалып қоймауға тырысамын. Өздерің білесіңдер ғой, 
«Өлімнен ұят күшті» деген емес пе. Молдекең де 
қолындағы таяғымен басымнан ұрғылап-ұрғылап қояды, 
мен одан сайын жылдамдатамын. Аттағы, есектегі 
кісілер бір-бірімен сәлемдесіп, жайбарақат сөйлеседі. 
Не айтып келе жатқандарын естісем де, сөзге араласа 
алмаймын. Өйткені тілден қалғам. Сөйтіп, бір кезде 
базарға да жеттік. Шарғын менің үстімнен түсіп, басқа 
есектермен бірге қазыққа мықтап байлап қойды. Бөтен 
есектер мені тістеп, тепкілеп жатыр. Мен оларға бой 


97
Балалық шақ
бермей, бар күшіммен қарсыласып бағамын. Содан 
молданы кешке дейін қазықта байланып тұрып күттім. 
Базардан қайтқанда Шарғын молда тағы да маған мініп 
алды. Үшінші күн дегенде барып әйтеуір, мейірімі 
түсіп, кешірім жасады. Дарбазадан шығарып тұрып, 
басы-көзіме төмпештеп: «Жоғал! Бұдан былай көзіме 
көрінбе! Сен сияқты есуасты енді желкемнің шұқыры 
көрсін!» деді. Сол сәтте мен өзімнің қайтадан адам бола 
бастағанымды байқадым. Аяқ-қолым, қарным, басым 
– бәрі өз қалпына келді. Алды-артыма қарамай үйге 
зыттым. Ентігіп келгенімді көрген әйелім: «Үрейің ұшып 
қай жақтан шыға келдің?! Қайда жүрсің өзі? Тайлы-
тұяғымызбен жабылып іздемеген жеріміз жоқ! Не өлі 
екеніңді, не тірі екеніңді біле алмай, сұрамаған кісіміз, 
қарамаған тесігіміз қалмады!» деп тілін сүйреңдете 
жөнелді. Ал менің: «Есек болып қалдым...» деуге шамам 
әрең жетті. «Не дейсің?! Өстіп құтылып кетемін деп 
ойлап тұрсың ба?! Енді есек болып қалдым дегеннен 
басқа амал таппаған екенсің ғой, ә!» деп ол одан бетер 
бақырып, қолындағы шыбықпен сартылдатып мені сабай 
жөнелді. Егер туыстарым келіп ажыратып алмағанда бар 
ғой, мен бүгін сендердің орталарыңда бүйтіп балбырап, 
боза жұтып отырмаған болар едім. Әйтеуір, ет-жақын 
туыстарым маған себей: «Бұл қайтіп есек болсын? 
Есінен адасып, жынды болып қалған да,» деп өздерінше 
тон пішіп жатты. Қысқасы, менің есек болып келгеніме 
ешкім де сенбеді...
Өстіп, әлгі кісі өзінің әңгімесін аяқтады. 
Тыңдағандардың бәрі оған таңғалып әрі мүсіркей қарап 
отырды да, бірте-бірте көздерін алып қашып, бастарын 
шайқап, айыздары қанғандай күле жөнелді.


98
Шыңғыс Айтматов
Содан соң: «Әй, Шарғын молда, ай! Қандай керемет 
кісі еді! Ой, ол расында да, сұмдық молда болатын!» 
десіп, таңдайлары тақылдап, тамсанып алады да, 
одан кейінгі сөздерін: «Қазіргілер Шарғын молданың 
тырнағына да татымайды. Көңілге жағатын бір істері 
жоқ, сонда да, жөніне қарап жүру дегенді білсеші...» деп 
жалғай отырып, рақаттанып боза сіміруге кіріседі


99
Балалық шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет