СЕЙТАЛЫ: АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ
Сейталы Бекмамбетов менің балалық шақтан бергі
жан досым. Ол өзі арқалы ақын әрі сауықшыл жігіт еді.
Мен Шекерге келгенде Сейталы мектеп директоры болып
істейтін. Бар болғаны он алты жаста. Соғыс жылдары хат
танитын сауатты еркектердің барлығы майданға алынып,
айылда қалған қатын-қалаш пен қарт адамдардың көбі
қаріпті таяқ деп білмейтін-ді. Сондықтан да ол кездегі
жастардың білім беру ісіндегі орны ерекше еді.
Сейталы алғашында Шекерге көрші Аршалы
айылындағы мектепке директор болып жүрді. Ол Шекерге
қарағанда шағындау қыстақ еді. Онда тек бастауыш
сыныптар ғана болатын.
Бір жолы Сейталы менің осы мектепке сабақ беруімді
сұрап, өтініш айтты. Кішкентайдан бірге өскен, көңіл
қимас досым ғой.
– Орысша жақсы білесің. Менен қашып құтылам деп
ойлама. Анау-мынау сылтауыңды тыңдағым да келмейді.
Бізге келіп, орыс тілінен сабақ бересің! – деп жабысты.
Досымның көңілін қалдыра алмадым. Айтқанындай
болды. Сейталы мені соқпамен салынған жалпақ, бірнеше
сыныбы бар мектепке алып келді. Бір топ бала үркердей
боп отырған сыныпқа сабақ өтуге кірдім. Бірақ өзім
ештеңеге дайын емеспін. Қолымда сабақ жоспары, не
болмаса бағдарлама дегеннің бірі жоқ. Тым құрыса, оқу
құралы, кітап дегенің болсашы. Соған қарамай Сейталы
маған: «Мұғалім боласың!» деді де, әй-шайға қаратпай
балалардың арасына кіргізіп жіберді.
– Ой, неменесіне қысыласың, сабақ бересің де
шығасың ғой. Бітті, басқа жұмысың жоқ! Орыс тілін
оқытсаң болды! Ол үшін айлық та жазып берем, – деп
қояды маған үміттене қарап.
90
Шыңғыс Айтматов
Ол кезде мұғалімнің айлығы-дағы мүлде мардымсыз.
Ештемеге жетпейді. Сондықтан да мәселе айлықта
емес, Сейталы екеуміздің достығымызда болып тұрған
жоқ па. Міне сөйтіп, біз бір үлкен жауапкершілікті өз
мойнымызға алдық.
Бірақ мен Аршалыдағы балаларға көп сабақ берген
жоқпын. Күн сайын бес шақырымдай жол жүруші едік.
Ол жақта жатып істейтіндей жай да, жағдай да болған
жоқ. Оның үстіне Күркіреудің суын күнде кешіп өтеміз.
Осының бәрі жиылып келіп, менің бастауыш мектептегі
мұғалімдік қызметімнің арқауын көпке созбады.
Әйтсе де Сейталы бүкіл өмірін мектепке арнады.
Көп жылдар бойы әлгі мектепте директор болып жүрді.
Мектеп те барған сайын жақсарып, өзгере бастады.
Жақында екеуміз тағы да жолығып қалдық. Ол
Бішкекке келіпті. Жасы жетпістен асып, қартайып,
ақсақал атаныпты. Екеуміз отыра қалып, өткен күндерді
еске түсіріп, қайыра бір саяхат жасап қайтқандай болдық.
Сөзден сөз туып, ол менің есімнен шығып қалған
мынандай бір оқиғаны айтып берді.
Бір күні әдеттегідей Аршалыдағы мектепке бармақ
болып, екеуміз бірге шығыппыз. Жолда Күркіреуді
кешіп өтуіміз керек. Тастай суық суға табаның тиген
сәтте шекең солқ ете қалады. Аяғымыз қақсап, қатты
тітіркенеміз. Осы қиыншылықты бөлісейік деген оймен
бір-бірімізді күнде кезектесіп арқалап өтуге келіскенбіз.
Сондықтан бір күні мен Сейталыны көтерсем, келесі
күні ол мені арқалайды.
Сөйтіп жүріп бір күні кезектің кімге келгенін білмей,
жаңылысып қалыппыз. Енді қайттік? Мен оны өткізем
бе, ол мені өткізе ме? Екеуміз де мұздай суды кешкіміз
келмей, керілдесе бастаппыз. Бір кезде тіпті, бір-бірімізді
91
Балалық шақ
итеріп, кезек менікі емес, сенікі деп ұстасып та қалсақ
керек.
Бала кездегі осы бір оқиғаны мен қалайша ұмыттым
екен, а? Ал Сейталының есінде ол жақсы сақталыпты.
«Алғашқы ұстазды» мен осы Аршалыдағы қысқа
мерзімдік мұғалімдік тәжірибемді пайдалана отырып
жазғанмын. Бірақ онда басқа дәуір, басқа заманға
ой жүгірте отырып қалам тарттым. Сөйтіп, соғыс
жылдарындағы сезімдерімді біраз өзгертіп пайдаландым.
Аршалыдағы балаларға 1943 жылдың қыс айларында
сабақ бергенмін. Ал «Алғашқы ұстаздағы» оқиғалар
одан арыдағы – жиырмасыншы жылдардағы мезгілді
суреттейді. Ол әрине, басқа заманның, басқа бір қоғамның
драмасы. Бірақ жас баланың мұғалім болған кездегі
бастан кешкен сезімдерін жақсы білетінмін. Өйткені
Аршалыдағы мұғалімдік тәжірибем оған бірден бір себеп
болып еді ғой.
92
Шыңғыс Айтматов
Достарыңызбен бөлісу: |