121
Балалық шақ
бұл ұсынысымды дұрыс қабылдап, өздерінің тарапынан
мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Сөйтіп мен Джерс бұқасын алып келу үшін әуелі
Ленинградқа, одан кейін Гатчинаға бардым. Гатчина қазан
төңкерісіне дейін орыс патшаларының отбасылық қонысы
болған жер. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
асыл тұқымды малдың барлығын осында алып келіп,
басқа жерлерге таратып отырған. Мен алып кетуге
келген асыл тұқымды мал таулы жердің табиғатына тез
бейімделетін, суыққа төзімді болуы керек. Өйткені біздің
қодастар ақ қар, көк мұзды кешіп өсіп, таулы өңірге әбден
бейімделген емес пе. Менің жаңа тәжірибемнің тағы бір
мақсаты – олардың сүттілігін, майлылығын арттыру ғой.
Тау сиырлары –
қодастар Қырғызстандағы,
Тәжікстандағы,
Ауғанстандағы
табиғаты
қатал
аймақтарға көндіккен, өте төзімді мал болғанымен, бір
айыбы – сүті аз.
Сөйтіп, Джерс бұқасын мал салуға лайықталған жүк
вагонына артып алып, Қырғызстанға қарай ала жөнелдік.
Он күн жол жүріп, өзіміз көздеген Жамбыл бекетіне
де келіп жеттік. Ол жерден бізді үлкен ізет-құрметпен
күтіп алып, институттың шаруашылығына апарды.
Ендігі мәселе – осы әкелген бұқадан тұқым алу үшін жоқ
дегенде он-он бестей тау сиыры керек. Міне, соларды
алып келсек қана ойдағы тәжірибемізді бастауға болады.
Тау сиыры бізде жоқ, сол үшін екі КамАЗ автокөлігімен
Тянь-Шаньды (Тәңіртауды – ауд.)
бетке алып, сапарға
шықтық. Ол кезде таудағы жол аса қиын, Долон асуы
да қазіргідей емес, тіп-тік,
қуыс-қуыс көп, қауіпті.
Бүгінгідей тас төселген, асфальтталған жол қайда... Міне,
осы жолдың бойында мен алғаш рет артында тіркемесі
бар КамАЗды көрдім. Ол Қытайға қарай бара жатыр еді.
122
Шыңғыс Айтматов
Жол алыс болғандықтан, Долонның бір жерінде
түнеуімізге тура келді. Біз сияқты өткінші жолаушыларға
арналып салынған жол жиегіндегі жұпыны ғана үйге
кірдік. Бір әйел шырақ жағып, бізге жай салып берді.
Үлкен бөлменің ішіне бірнеше кереует қойылған екен.
Олардың көбі бос.
Бір бұрышта аяғынан тұра алмай,
мас болып қалған екі жүргізуші отыр. Менің жататын
орным сол екеуінің қасында еді. Бұлардың біреуі жаңағы
тіркемесі бар КамАЗдың шопыры көрінеді. Ол екеуі мені
көздеріне де ілмей, өзара даудырап әңгімесін жалғастыра
берді. Маған енді, қаласам да, қаламасам да, әлгілердің
әңгімесін тыңдап жатқаннан басқа амал қалмады.
– Осы асудың биік шоқысында мен ұнатқан бір сұлу
келіншек тұрады. Бірақ ол маған қазір көзінің қиығын да
салып қарамайды, – деп олардың біреуі екіншісіне өзінің
ішкі дертін ашып, басынан кешкен оқиғаларды баяндап
берді.
Бұл жаңағы тіркемесі бар КамАЗдың жүргізушісі
еді. Ол өзі сүйген сүйкімді бір жанның қадіріне жете
алмағанын, міне енді,
осы асуға шыққан сайын оны
көріп, іштей егіліп жылайтынын, екеуінің арасындағы
махаббаттың қалай басталып, қалай аяқталғанын жыр
қылып айтты. Оның басынан өткен осынау ләззатты да
азапты, қызықты да қиын оқиға маған сонда қатты әсер
етті...
Иә, ол кезде мен алдымыздағы
биік тауларға қарай
бет алып бара жатқан жолаушы ғана едім. Ойымдағы
мақсатым да, міндетім де басқа болатын. Бірақ осы бір
ұзақ жолда «Қызыл желекті шынарымды» тауып, оған
өзек болған бір тағдырменен кезіккенмін...