Классикалық рационалдылық(XVII-XIX ғғ.) бойынша ғылымда әлемнің картинасы қарапайым жүйе ретінде көрініс табады. Әлемнің қасиеттері ондағы элементтердің қасиеттерімен байланысты болып келеді. Табиғат белгілі бір механизм ретінде қарастырылады. Кеңістік пен уақыт субстанциялы, өзімен өзі бар болып қалыптасқан. Бұл жаңа дәуір кезеңінің философиясы болып табылады. Классикалық рационалдылықтың негізін қалаушы Рене Декарт ғылыми рационализмнің классикалық типін қалыптастыруда рационализмнің негізгі идеяларын пайдалана отырып, сонымен қатар, христиандық дәуірдегі ғылымның дамына тән мистикадан бас тарта отырып, жасалған принциптер болып табылады. Классикалық рационализм бойынша Құдай басқа да субстанциялармен қатар тұрған ақиқат субстанция болып саналады. Классикалық рационализм бойынша адамның ақыл-санасы Декарт, Бекондар ұсынған әдістер арқылы табиғат пен жаратылыстың барлық сырларын ашуға, Құдайлық болмыстың ғылыми түсініктемелерін табуға қабілетті деп санады.
Егер 17 ғасырда ғылым философтары білімнің таза, қатесіз әдіснамасын табуға ұмтылса, 19 ғасырдың аяғында классикалық емес рационалдықтың пайда болуы жаңа ғылыми революция болды
Рационалдықтың классикалық емес түрінің пайда болуы физикадағы, космологиядағы, биологиядағы жаңалықтармен, әлем бейнесінің өзгеруіне әсер еткен кибернетиканың пайда болуымен байланысты. Рационалдықтың бұл түрінің ерекшелігі - мұнда ғылымдағы әдістердің бұрынғы міндетті ақиқаттылығы мен абсолюттілігі теріске шығарылады. Бұдан былай ғылыми әдіс теорияның құрылымына кіреді. Бұл оның тиімділігін арттырады.
Сонымен қатар, мұнда объект күрделі, ондағы элементтердің қасиеттеріне қарамастан, өзін өзі басқаратын жүйе ретінде көрініс тапқан.Абсолютті кеңістік пен уақыт туралы түсінік кеңістік және уақыт интервалдары туралы идеялармен толығады.
Ал постклассикалық емес рационалдылық синергетиканың пайда болуымен байланысты. 20 ғасырдың 60-70 жылдары постклассикалық емес рационалдылықтың алғышарттары пайда бола бастады. Бұл Томас Кунның «Ғылыми революцияның құрылымы» кітабының шығуымен де байланысты болды. Мұнда ғылым күрделі өзін-өзі басқарушы жүйелерді талдауға назар аударады. Дисциплинааралық кешенді әдістерді қолданумен ерекшеленеді. Бұл рационалдылық түрінде (қазіргі уақыт) әлемнің ғылымдағы бейнелерінің жоғарыда айтқан қасиеттеріне әлемнің өзін-өзі дамытуы туралы түсінік пайда болады. Күрделі жүйенің сипаттамаларын тұрақты түрде сақтау және оны одан әрі дамытуға ұмтылу деген мақсаттар ғылыми рационалдылықтың негізіне айналды.
Сонымен қатар, рационалдылықтың жаңа түрі мен ғылымның жаңа бейнесінің пайда болуы одан алдыңғы кезеңдегі идеялар мен әдіснамалық көзқарастар мүлде жойылып кетеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олардың арасында сабақтастық бар.
37
Рационалдылық тип ретіндегі ғылым ерекшелігі
Ғылым –17-18 ғасырлардағы негізгі философиялық бағыттардың негізгі зерттеу тақырыбы болды және сол кездерде негізі қаланған принциптер мен жаңалықтар кейінгі 19 ғасырда толығымен жасалып шыққан ғылым философиясының іргетасы қызметін атқарды. Сол кезеңдегі философияның негізгі бөлімі онтология және гнесология.
Онтология – грек тілінен «болмыс туралы ілім» дегенді білдіреді. Бұл философияның болмыстың фундаментальді принциптерін қарастыратын бөлімі.
Гнесология (немесе эпистемология) грек тілінен – таным теориясы дегенді білдіреді. Бұл философияның болмысты тану проблемаларын қарастыратын бөлімі. Яғни, ақиқатты танудың, шындық болмысқа деген адамдардың қарым-қатынасының түрлі проблемалары бар, осы проблемалар философияның осы гнесология деп аталатын бөлімінде қарастырылады.
Енді осы гнесологияда екі бағыт бар. Олар: рационализм және эмпиризм.
Рационалистер (Р.Декарт, Г.Лейбниц, Б.Спиноза) ғылыми білімнің бастапқы нүктесі сананың идеялары деп санайды. Эмпирицистер ғылыми білімнің бастапқы нүктесі – тәжірибе, опыт деп санайды.
Рационализмнің атасы саналатын Декарт «айқындық принципін» ұсынған. Яғни, кез келген шындық саналмақ, ақиқат деп танылмақ нәрсе көрер көзге өте айқын, ақылға қонымды, ешбір күмән тудырмайтын болуы керек деп санаған.
Жалпы, рационализм сөзі латын тілінің «ratio- разум сана, парасаттылық» деген сөзінен келіп шыққан. Яғни, алдымен осы рационализм сөзінің мағынасын түсініп алсақ, ғылыми рационализмді түсіну де аса қиын бола қоймас деп ойлаймын.
Ғылыми рационалдылық тақырыбы ұзақ жылдар бойы философиядағы өте актуальді тақырыптардың бірі болып келеді. Ғылыми рационалдылық дегеніміз, жоғарыда айтылған рационализмнің ғылымға тән түрі болып табылады. Ғылыми рационалдылықта жалпы рационалды ойлаудың барлық ерекшеліктері қатаң бола түседі. Анықтық, айқындық деген ұғымдарға максималды түрде ұмтылу, дәлдікке, дәлелділікке, рационалды білімнің объективті ақиқаттылығына ұмтылу максималды түрде жүзеге асады.