Ғылым философиясы



бет8/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Эвристика (гр. һеұріско – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристикалық тәсілдер түйінді шешу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде адам шешімінің дәл алгоритімін көрсете алмайтын бірқатар міндеттерін (объектілерді тану, теоремаларды дәлелдеу, т.б.) техника құрылымдардың көмегімен шешу мүмкіндігіне байланысты бұл әдістерді зерттеуге едәуір ден қойылды. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу процесінің үлгілерін жасау. Мұндай үлгілердің типтері: қарманып іздестіру үлгісі, ол байқап көру мен қателесу, лабиринттік үлгі, т.б. әдістерге сүйенеді. Сондай-ақ құрылымдық-семантикалық үлгі қазір ең мазмұнды, нәтижелі үлгі болып табылады. Эвристика психологияға, жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясына, құрылымдық лингвистикаға, ақпарат теориясына байланысты сала.[1]


Силлогистика (грекше сyллогістікос — ой-тұжырымдаушы) — категориялық пікірлерден шыққан ой-тұжырымды логикалық дедукция тұрғысынан зерттейтін теория. Силлогистика екі алғышарт, бір тұжырымнан тұратын категориялық силлогизмге баса назар аударады. Оны логиканы ғылым ретінде негіздеген Аристотель жасаған. Кейіннен антивариат және ортағасырлық логиктер тарапынан жетілдірілді.



19

Диалектикалық дамуда сапалық жөне сандық өзгерістерін танитын заңы.



Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет