Ғылым философиясы



бет2/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазіргі таңда ғылымды 3-ке бөліп қарастырады: жаратылыстану ғылымдары , әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, формальды ғылымдар (логика мен математика)

6

Ғылымның әлеуметтік қызметтері



Ғылым қоғам өмірінде атаулы қызмет атқарады. Ғылымның әлеуметтік қызметтері қоғамның маңызды мәселелерін шешудегі рөлі, адам өмірі мен мәдениет дамуына қолайлы жағдай жасауымен анықталады. Тарих барысында ғылымның ә.ф-ы өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымның негізгі ә.ф:
танымдық функцияның негізгі мақсаты табиғатты, қоғамды және адамды дәл білу, алуан түрлі құбылыстар мен процестерді түсіндіру, болжау қызметін жүзеге асыру
идеологиялық функция, әрине, біріншісімен тығыз байланысты, оның басты мақсаты - әлемнің ғылыми дүниетанымы мен ғылыми бейнесін дамыту
өндірістік, техникалық және технологиялық функция материалдық өндіріс саласын рационализациялауға, «үйретуге», оның қалыпты жұмыс істеуі мен техникалық және технологиялық прогрестің дамуын, өндіріске жаңалықтар енгізуді, жаңа технологияларды, ұйымдастыру нысандарын және т.б қамтамасыз етуге арналған;

7

Дүниенің ғылыми бейнесі

Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен (табиғат, қоғам мен таным туралы) дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы - таным пəніне қарай физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуына қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану (ХVІІ ғ.) классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория (ХХ ғ.) келесі түрін ұсынды, қазір - синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.
Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым əлеуметтануымен, ғылыми шығармашылықтың психологиясымен, ғылымтанумен. ХХ ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала - ғылым философиясы пайда болды. Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың жүйесі.
Ғылыми білімнің құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құндылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің басқа күрделі құрылысы бойынша: мəселелер, мақсаттар, тəжірибе фактілер, экспериментальді фактілер, зерттелетін объект туралы жалпы білімдер жиынтығы, онтологиялық схемалар мен суреттер, модельдер, құралдар (тіл, ұғым, категориялар), əдістер мен методикалар.

8

Ғылымның пайда болуының алғышарттары



Ғылымның пайда болуына қатысты негізгі бес болжам бар.
1-і болжау. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір (мысалы, Евклид геометриясы). Алғашқы натурфилософтар (Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар») көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, жандандыруға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.Алғашқы ежелгі грек натурфилософтары - табиғатты зерттеген Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен жəне Эффестік Гераклит де ғалым болып саналады. Мысалы, Фалес күн тұтынуды болжаған, ай сəулесін түсіндірген, Ай Күннен өз сəулесін шағылыстырады. Қарапайым геометриялық теореманы дəлелдегенде ол дедуктивтік əдісті қолданды. Дəстүрлі түрде оған келесі шығармалардың авторлық иесі берілген: «Морская астрология», «О 34 солнцестоянии», «О равноденствии», «О началах» - осының бəрі табиғатқа назар аударуын білдіреді.
2-і болжауда, антика ғылымынан ежелгі түрі - Мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. ІV мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениеті математика, медицина, география, химия, астрономия салаларында терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдері түбінде Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон; Ежелгі Грекия мен Римнің біліміне əсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі. Ежелгі Мысырда 4 мың жылдық нағыз белсенді даму кезеңі болған.
Ежелгі Мысырдың шаруашылығының негізі - ирригациялық егіншілік болған. Мемлекеттің табиғи-ауа-райы шарттары, Ніл өзенінің ағылуы түбінде мысырлықтардың көзқарастарының ырғақтылық, циклдік түрін қалыптастырды. Нил ағылымдары топырақпен қосылып қан түсін шығарып, жерді жаратып, өмірді анықтаған. Осы мемлекет өмірінің тұрақтылығын негіздеген. Геродот Мысырды «Нилдің сыйы» деп атаған. Ол Мысыр - Кем мемлекетінің грекше атауы (құпия, жұмбақ). Басқа мəлімет бойынша, Кемет - Қара - Нил жерінің түсі бойынша аталған.Египеттанушы И. Шмелевтің пікірінше «фундаменталды заңдарды тұңғыш рет ашқандар гректер емес, Ежелгі Мысырдың абыздары гректерден бір мың жыл алдын ала қазір ашылып жатқан құпияларды меңгерген»
3-і болжау соңғы ортағасыр мəдениетінде ғылымның пайда болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада (ХІІ-ХІV ғғ.) соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископ Роберт Гроссетест (1175-1253 жж.) пен ағылшын францискан монах Роджер Бэконның (1214-1292 жж.) қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған. Гроссетесттің «Сəуле туралы» трактатында Құдай туралы ештеңе жоқ, бірақ Аристотельдің «Аспан туралы» шығармасынан үзінділер келтірілген. Ол оның категориялық аппаратын қолданады; Гроссетесті орта ғасыр ғылымның пионері дейді. Оның қаламымен «О тепле Солнца», «О радуге», «О линиях угла и фигурах», «О цвете», «О сфере», «О движении небесных тел», «О кометах» деген шығармалар жазылған. Олардың математикалық дəлелдемесі сан рəмізімен байланысты: «Форма ең қарапайым түрі ретінде, ешқандай мəнге келмейтін онымен бірлікке теңестіріледі; форма арқылы өзгеретін, екі ұштас дүниесін көрсеткен соң екіге тең; форма мен материяның қосындысы сəуле - үш; төрт элементтен тұратын əр аумақ - төрт. Барлық санды қосқанда - 10 болады. Сөйтіп, он - бүкіл əмбебап аумақтарының қосындысы».
4-і болжауды ең дəстүрлі деп санайды. Бұл болжау бойынша Жаңа заман ғылымының бастамасы - жалпы еуропалық тұрғыда (ХVІ-ХVІІ ғғ. басы), Коперниктің көзқарасы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі. Польша астрономы Николай Коперник (1473-1543) Краков университетінде оқыған (1491-1496). Содан кейін Италияға астрономия, медицина, философия мен құқық салаларында білім алуға барған; сол жерде грек тілімен бірге ежелгі авторлардың космогониялық идеяларын меңгерген. Өзінің «Əлемнің жаңа механизмі» (1505-1507) атты шығармасында математикалық түрде Аристотель-Птолемейдің теориясының жалғандығын дəлелдейді. Оның өмірінің ең жоғарғы нəтижесі мен мақсаты - «Аспан деңелерінің қозғалысы туралы» шығарма, өлгеннен кейін шықты. Сол шығармасында Коперник гелиоцентрлік жүйе туралы теориясын ұсынды; осыдан бастап телеологиялық-организмиялық дүниеге көзқарасқа қайшы детерменистік-механистикалық дүниеге көзқарас бастамасын алды. Жер басқа планеталар сияқты «қарапайым» екен. Қорыта айтқанда, осы позиция бойынша, ғылым жас, оның жасы 400 астам жыл. А. Уайтхедтің «Ғылым жəне қазіргі заман» шығармасы бойынша, ХVІ ғ. батыс христиандықтың құлдырауына жəне қазіргі ғылымның шығуына куə болды. Ғылымның дамуы адам санасына жаңа түстер енгізді, ойлау əдістердің жаңа түрлерін жаратты. Ол біздің санамыздың метафизикалық негіздері мен образдық мазмұнын өзгертті. Грек ойшылдары математикаға қызыққан. Олар негізгі ережелерді, дедуктивтік əдіске сүйеніп теоремаларды шығарды. Олардың ойлары жалпылауға тырысқан. Олар анық жəне батылды идеяларға, одан шығатын қатал тұжырымдарға сұраныс берген. Бұл жетілгендіктің белгісі, бұл гениалдылық, идеалды түрде жасаған дайындық жұмыс. Бірақ, осыны əлі таза түрде ғылым деп санауға болмайды».
5-і болжауда ғылымның тарихи жасын анықтау мəселені талдауда классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін жəне ғылымның өзі деген. Қалыптасқан ғылым көбісінде практикалық тəжірибеге, бақылауға, қарапайым білімге т.б. арқа сүйейді. Нақты заттармен шұғылдану танымның идеалды бағдарламасына, идеалды объектілермен іс-əрекет жасауға негіз болды. Ғылымның өз кезеңінде ғылымдар заттардың бейнесі деп санамайды. Олар өзгеше рəміздік объекттер ретінде. Теориялық мүмкіндіктер эмпириялық практикадан жоғары, ал теориялық постулаттың салдары ретінде эмпириялық фактілер болса - осыны таза ғылымның белгісі дейді. Білім практикалық нəтижелердің қосындысы емес, жалпы мен қажеттіліктен басталатын ісəрекеттің рецепті болған. Білім жəне білім емес арасындағы демаркация ғылыми-теориялық зерттеу əдісін құрастырудың сызығы бойынша өтеді. Ғылым - математика мен экспериментті біріктіретін ғылыми əдістің пайда болуы. Ғылым емес - эмпириялық жағдайларды сипаттау, практикалық нұсқау. Ғылыми зерттеудің эвристикалық жəне болжау компоненттері ғылымның туылуының белгісі.

9

Ғылымның дүниетанымдық қызметі



Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет — өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған — іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен — бейнені» іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
«Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.

10

Ежелгі гректердің натурфилософиясының басты тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет