Ғылым философиясы



бет12/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2. Үлгiлеу методы жəне жүйелiлiк принципi.  Танымдық əрекетте жəне əсiресе 
ғылыми зерттеуде ең кеңiнен таралған тəсiлдiң бiрi гносеологиялық алмастыру болып 
табылады. Алмастыру процедурасы былайша өтедi. Қандай да бiр себептер мен тiкелей 
зерттеуге көнбейтiн əйтеуiр бiр объекттi зерттеу қажет деп алайық. Ол өте күрделi өте 
көлемдi, зерттеушiден қашық, өткенге қатысты жəне т.б. болуы мүмкiн. Тiптi, бiздi 
қызықтырып отырған объекттiң əлi өмiрде болмауы жəне оны ендi құрастыру керек болуы
мүмкiн. Мұндай жағдайда өзге объекттiң - объект-орынбасардың көмегiне сүйенедi. 
Оларды кейде дайын күйiнде (макака-резус маймылы адамның орынбасары ретiнде 
пайдаланылды), кейде арнайы жасайды (болашақ ГЭС-ң макетi, үлгiсi).
3 Эксперимент жəне бақылау.
Ежелгi Шығыс елдерi мен Ертедегi Грецияда жаратылыстанымның қалыптасу
дəуiрiндегi оның ерекшелiгi пассивтi бақылаумен, пайымдаумен сипатталады. Ертедегi 
натурфилософтардың пайымдаулары адамдардың күнделiктi практикалық өмiрдегi 
бақылауларымен салыстырғанда үлкен аңғарымпаздық болып көрiнедi.

25

Ғылымды компьютеризациялау: танымның жаңа әдістері және жаңа ақпараттық кеңістік.



ХХ ғасырда адамзат дамуындағы құбылыстардың ішінен компьютерлер мен ақпараттық қоғамдардың пайда болуы ең маңызды жайт болып саналады. Ақпаратты жасау, сақтау, жіберу және тұтыну барысында ғылымда жаңа бағыт – информатика қалыптасты. 1980 жылдар - дамыған елдерде жаппай компьютерлендіру кезеңі болды. Бұнда жыл сайын әртүрлі сипаттағы компьютерлер, соның ішінде дербес (персональді) компьютерлер сауда айналымына ондаған миллиондап түседі.
Компьютерлендіру оқу үрдісіне, ғылыми мақсаттарды жүзеге асыруда, таным үрдісі мен ойлау салаларына айтарлықтай ықпал етеді. Ақпараттық технологиялар экономикалық, әлеуметтік және басқа да салалардағы қуатты қайта құрушыға айналды. Компьютерлендіру және ақпараттандыру үрдістері әр түрлі елдер мен аймақтарда бір қалыпты өтпегенмен, бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жеткені соншалық, тіпті бұл тұрғыда қорытындылар жасап, болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік туып отыр. Адамзат әрекетінің барлық салаларын компьютерлендіру – қоғамның негізгі мақсаты, әрі әлеуметтік дамудың императиві болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асырмайынша азаматтарға жайлы өмір қамтамасыз ететін қоғамдағы гуманистік қайта құрулар, экономикалық ілгерілеу мүмкін емес. Информатиканың философиялық мәселелерін осы тұрғыда қарастыруымыз қажет.
Информатика –ақпараттың алыну, жіберу, өңдеу, талқылау, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен; қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпараттық техника мен технологияларды құру, қалыптастыру және қолдану мәселелерін шешумен айналысатын ғылыми-техникалық бағыттың бір саласы

26

Ақпараттық дәуірдегі ғылыми білімнің эволюциясы.



Адам еңбегі сипатының өзгеруі – қоғамды ақпараттандырудың ең маңызды әлеуметтік салдарының бірі. Ақпараттандыру үрдістерін жаһандандыру салдарынан біздің әлем туралы біліміміздің мазмұнымен бірге, ол ақпаратты алу, жеткізу және тарату тәсілдері өзгеріп, қорытынды есепте тұлғаның ішкі құрылымына айтарлықтай зор ықпалын тигізді.
Егер әр дәуірлердегі ақпаратты сақтау және тасымалдау технологияларын салыстырсақ, онда адамзат өркениетіндегі білім дамуы барысындағы бірнеше ақпараттық төңкерістерді бөліп қарастыруға болады: бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты, ұрпақтан ұрпаққа білімдерді беру және тіркеу мүмкіндігі туды; екінші ақпараттық төңкеріс (ХҮІ ғ.-ң ортасы) кітап шығару ісіне қатысты, ақпаратты тарату мәдениеті мен ұйымдастырылуын түбегейлі өзгертті; үшінші ақпараттық төңкеріс (ХІХ ғ.-ң аяғы) электр қуатын шығарып, телеграф, телефон, радио арқылы ақпаратты тез таратуға және жинақтауға жол ашылды; төртінші ақпараттық төңкеріс (1970 жылдар) микропроцессорлық технологиялардың пайда болуы, дербес компьютер, компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат тасымалдау жүйелерінің шығуы.
Егер әр дәуірлердегі ақпаратты сақтау және тасымалдау технологияларын салыстырсақ, онда адамзат өркениетіндегі білім дамуы барысындағы бірнеше ақпараттық төңкерістерді бөліп қарастыруға болады: ----
«бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты, ұрпақтан ұрпаққа білімдерді беру және тіркеу мүмкіндігі туды;
« екінші ақпараттық төңкеріс (ХҮІ ғ.-ң ортасы) кітап шығару ісіне қатысты, ақпаратты тарату мәдениеті мен ұйымдастырылуын түбегейлі өзгертті;
«үшінші ақпараттық төңкеріс (ХІХ ғ.-ң аяғы) электр қуатын шығарып, телеграф, телефон, радио арқылы ақпаратты тез таратуға және жинақтауға жол ашылды;
«төртінші ақпараттық төңкеріс (1970 жылдар) микропроцессорлық технологиялардың пайда болуы, дербес компьютер, компьютерлік желілердің көмегімен ақпарат тасымалдау жүйелерінің шығуы. Бұл кезең үш фундаментальды жаңалықтармен ерекшеленеді: ақпарат өңдеудің механикалық және электрлік құралдардан электорондыққа өтуі, барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтардың ықшамдалуы; бағдарламалық-басқарушылық құрылғылар мен үрдістердің пайда болуы.



27

Ғылым философиясы мен эпистемологиясының қазіргі кездегі даму үрдісі

ЭПИСТЕМОЛОГИЯ – философияның бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестіңжалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет