Ғылым философиясы



бет14/15
Дата04.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#47389
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Мәдениеттану [1] — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.

35

Қазіргі кездегі компьютерлік революция: табиғаты және мәні.



Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
ақпараттық-компьютерлік революция ең алдымен өндірісті түбірлі өзгерістерге ұшыратты. Ол өндіргіш күштердің барлық элементтерін, ғылым мен техниканы да, адамды да түбірлі өзгерістерге ұшыратты. FТР-дің ықпалымен адам мен табиғат, адам мен техника, адам мен ғылым, сондай-ақ адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың сипаты өзгерді. FTP-дің өріс алуының нәтижесінде біздің заманымызда бүкіл адамзат өмір сүру проблемалары ортақ, тарихи тағдыры ортақ, біртұтас қауымдастыққа бірікті десек те болады. Бұл тарихи процесс белгілі бір дәрежеде жер шарының барлық халықтарын қамтыды. К.Ясперс техниканы әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырды. Оның пікірінше, қазіргі заманда былай пайымдау қажет: Қазіргі уақытта біз тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын-ақ бұл кезеңді антик әлемі дағдарысымен салыстара бастап еді,

36

Ғылыми рационалдықтың идеалдары мен типтері.



Гнесология (немесе эпистемология) грек тілінен – таным теориясы дегенді білдіреді. Бұл философияның болмысты тану проблемаларын қарастыратын бөлімі. Яғни, ақиқатты танудың, шындық болмысқа деген адамдардың қарым-қатынасының түрлі проблемалары бар, осы проблемалар философияның осы гнесология деп аталатын бөлімінде қарастырылады.
Енді осы гнесологияда екі бағыт бар. Олар: рационализм және эмпиризм.
Рационалистер (Р.Декарт, Г.Лейбниц, Б.Спиноза) ғылыми білімнің бастапқы нүктесі сананың идеялары деп санайды. Эмпирицистер ғылыми білімнің бастапқы нүктесі – тәжірибе, опыт деп санайды.
Рационализмнің атасы саналатын Декарт «айқындық принципін» ұсынған. Яғни, кез келген шындық саналмақ, ақиқат деп танылмақ нәрсе көрер көзге өте айқын, ақылға қонымды, ешбір күмән тудырмайтын болуы керек деп санаған. “Никогда не принимать за истинное ничего, что я не познал бы таковым с очевидностью… включать в свои суждения только то, что представляется моему уму столь ясно и столь отчетливо, что не дает мне никакого повода подвергать их сомнению” [Избр. произв., с. 272]
Жалпы, рационализм сөзі латын тілінің «ratio- разум сана, парасаттылық» деген сөзінен келіп шыққан. Яғни, алдымен осы рационализм сөзінің мағынасын түсініп алсақ, ғылыми рационализмді түсіну де аса қиын бола қоймас деп ойлаймын.
Ғылыми рационалдылық тақырыбы ұзақ жылдар бойы философиядағы өте актуальді тақырыптардың бірі болып келеді. Ғылыми рационалдылық дегеніміз, жоғарыда айтылған рационализмнің ғылымға тән түрі болып табылады. Ғылыми рационалдылықта жалпы рационалды ойлаудың барлық ерекшеліктері қатаң бола түседі. Анықтық, айқындық деген ұғымдарға максималды түрде ұмтылу, дәлдікке, дәлелділікке, рационалды білімнің объективті ақиқаттылығына ұмтылу максималды түрде жүзеге асады.
Ғылыми рационализм – ғылыми танымның ақиқаттылығын қамтамасыз ететін ғылыми-танымдық қызметтің үлгілері, нормалар мен ережелердің жиынтығы болып табылады.
Ғылыми рационализмде «рационалдылық идеалдары» деген түсінік бар.

а) дәлелдеуді қажет етпейтін бастапқы постулаттардан қорытынды жасауды жетілдіруге бағытталған ғылыми рационалдылықтың математикалық идеалы;


б) ұсынылған ережелерді эксперименттік тексеруге баса назар аударатын ғылыми рационалдылықтың жаратылыстану идеалы;
в) таным нәтижелерін белгілі бір қоғам үшін іргелі құндылықтармен корреляциялау мүмкіндігін беретін ғылыми рационалдылықтың әлеуметтік-гуманитарлық идеалы
Динамикалық түрде дамып келе жатқан құбылыс ретінде ғылыми рационалдылықтың типтері тарихи тұрғыда қарастырылады.

Ғылыми рационалдылықтың тарихи типтері негізіген үшке бөлініп қарастырылады. Классикалық, классикалық емес, постклассикалық емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет