Логикалық позитивизм — 20 ғасырдың 20-жылдары Вена үйірмесі негізінде пайда болған неопозитивизм бағыты.
Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді.
Логикалық позитивизм теориясы білімді тәжірибелік негіздеу үшін верификация принципін ұсынды. Оның негізін қалаушылар сындарлы ғылым философияны қалыптастыру міндетін алға қойып, метафизика деп аталатын байырғы философияның едәуір бөлігін жоққа шығаратын “философиядағы революцияны” іске асыруға бағыт алды. Шынайы ғылым философия, Логикалық позитивизм бойынша, тек ғылым тіліне логикалық талдау ретінде ғана мүмкін. Бұл талдау, бір жағынан, “метафизикадан арылуға”, екінші жағынан, “тікелей берілген” құбылыстың, яғни ғылым ұғымдар мен пайымдаулардың эмпирикті тұрғыдан тексерілетін мазмұнын анықтау үшін ғылым білімнің логикалық құрылымын зерттеуге бағытталуға тиіс. Мұндай зерттеудің түпкі мақсаты “бірыңғай ғылым” жүйесінде ғылым білімді қайта құру деп қаралды. 1930 жылдың 2-жартысынан Логикалық позитивизм логикалық эмпиризм деген атпен белгілі болды. Бұл кезеңде Логикалық позитивизм Вена үйірмесінде тұжырымдалған бірқатар бастапқы гносеология тұжырымдарынан бас тартуға мәжбүр болды.
1950 жылдары Логикалық позитивизм ғылым философиясындағы жетекші рөлінен айырылып, 60-жылдары дербес философия ағым ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Шлик Мориц (1882-1936) - австриялық философ, физик, логикалық позитивизм ерте кезеңінің өкілі, Вена үйірмесін ұйымдастырушы. Росток (1917-20), Киль (1921-22), Вена (1922-36), Калифорния университеттерінде философия мен физиканың профессоры. III. өзінің философия концепциясын «бір ізді эмпиризм» деп атауына қарамастан барынша кайшылықты. Логикалық позитивизмнің жалпы концепциясын қорғаумен бірге философияның арнайы мәселелерін (кеңістік пен уақыт, себептілік, ықтималдық) және этиканы (моральдық пікірлердің мәні, ерік бостандығы) позитивтік тұрғыдан талдауға тырысты. Шиллер «мазмұнды толық айтып жеткізуге болмайды» деген теория ұсынды. Бұл теория бойынша біздің біліміміздің мазмұны болып табылатын «тікелей тәжірибені» басқа адамға жеткізіп болмайды. Шиллерде тек «тәжірибенің құрылымдық схемасын» ғана тіл арқылы бейнелеп жеткізуге болады.[1]