Ғылымның даму және өмір сүру формасы ‒ ғылыми зерттеу. Ғылыми (ғылыми-зерттеу) қызмет – бұл жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет.
Ғылыми зерттеу– бұл нысанды (объектіні), процесті немесе құбылысты, олардың құрылымы мен байланыстарын жан-жақты зерттеуге, сондай-ақ адам үшін пайдалы нәтижелерді алуға және практикаға енгізуге бағытталған қызмет.
Оның нысаны – материалдық немесе идеалды жүйелер, ал пәні – жүйенің құрылымы сондай-ақ, оның элементтерінің өзара әрекеттесуі, әртүрлі қасиеттері мен даму заңдылықтары және т.б. болып табылады. Ғылыми зерттеулер әртүрлі негіздер бойынша да жіктеледі.
Қаржыландыру көзі бойынша бюджеттік, шаруашылық шарттық және қаржылық емес ғылыми зерттеулер болып бөлінеді. Бюджеттік зерттеулер мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Шаруашылық келісімшарт зерттеулерін шаруашылық келісім – шарт бойынша тапсырыс беруші ұйымдар қаржыландырады. Қаржылық емес зерттеулер ғалымның бастамасы негізінде оқытушының жеке жоспары бойынша орындалуы мүмкін
Ғылыми зерттеу
Ғылыми (ғылыми-зерттеу) қызмет деп жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет түсініледі.
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыстың келешегін анықтауды, ғылыми міндеттерді шешу жолдарын табуға бағытталған жұмыстарды ғылыми зерттеулер деп атайды.
Онда ғалымның танымдық іс-әрекетінің нәтижесі көрінеді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері: іргелі (фундаментальные), қолданбалы, ізденушілік (поисковые).
Ал әдістемелік тұрғыдан теориялық және эмпирикалық зерттеулер болып бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.
Іргелі ғылыми зерттеу – табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні - әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары. Бұл ғылымнын маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уакытта колдану мәселелері койылмайды. Мұндай зерттеулердің мақсаты - жаңа заңдардың ашалуы мен іс-шаралар және жаңа теориялар құру арасындағы байланыстарды ашу.
Іргелі және оң нәтижелерді алу тұрғысынан маңызды тәуекелдер мен белгісіздікке байланысты негізгі ғылыми-зерттеу ықтималдығы 10% артық емес. Алайда, негізгі зерттеулер ғылым мен қоғамдық өндірістің негізі болып табылады. Іргелі ғылыми зерттеулер– бұл адамның, қоғамның, қоршаған табиғи ортаның құрылысының, қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық қызмет. Мысалы, іргелі қатарына биологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары, олардың өзара және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі туралы зерттеулерді жатқызуға болады.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер – іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «Бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте-бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, колданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер инженерлік ғылымдар саласындағы, атап айтқанда ғылыми-зерттеу, негізгі зерттеулер өндірілген ғылыми білім «обьективтілігі» ретінде бағытталған. Технология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер, әдетте, тікелей табиғатпен байланыссыз болып табылады. Олар, әдетте, машина технологиясы немесе ұйымдық құрылымы жəне олардың зерттеу объектісі «жасанды» табиғат. Практикалық бағыттылық (бағыт) және қолданбалы зерттеулер мақсаты өте маңызды күтілетін нәтижелерді алу ықтималдығы 80-90% деңгейін береді.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер – бұл практикалық мақсаттарға жету және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білімді қолдануға бағытталған зерттеулер. Басқаша айтқанда, олар іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми білімді адамдардың практикалық қызметінде пайдалану проблемаларын шешуге бағытталған.Мысалы, өнеркәсіптің түрлі салаларында ағзалардың биогенез заңдылықтарын технологиялық пайдалану туралы жұмыстарды қолданбалы деп қарастыруға болады. Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер көбінесе аталған екі түрдің үйлесімін білдіреді, сондықтан оларды теориялық-қолданбалы деп атауға болады.
Жобалау– жабдықтарды тәжірибелік үлгілерін құру және өңдеу үшін қолданбалы зерттеулерді пайдалану (машиналар, құрылғылар, материалдар, бұйымдар), өндіру технологиясы, сондай-ақ қолданыстағы технологиясын жетілдіру. Жобалау сатысы зерттеу нәтижелері барысында қоғамдық өндірістің басқа да салаларында олардың қолдануға мүмкіндік беретін нысанын қабылдайды.
Ғылыми зерттеу құрылымы мына компоненттерден тұрады: