ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Ғылым және технологиялар» факультеті
«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК
ЖҰМЫС №1
ТАҚЫРЫБЫ: Компьютерлердің жергілікті желідегі байланыстарын ұйымдастыру. Жергілікті желі ресурстарын пайдалану.
Орындаған: ВТиПО 19-1 Утешбаев Нурсултан Бахытжан улы .
Тексерген: Оқытушы
Шаухаев К.
Ақтау, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Негізгі топологиялар.....................................................................................4
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................7
КІРІСПЕ
Жергілікті желі (LAN – Local Area NETwork) - бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал - жабдықтарды қолдану), сондай - ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция).
Бір рангты желі - бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі
Негізгі топологиялар
Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
қажетті желілік жабдықтардың құрамына
желілік жабдықтардың сипаттамасына
желіні ұлғайту мүмкіндігіне
желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:
«шина»
«жұлдызша»
«сақина»
«Шина» топологиясымен қосылған қарапайым желі
«Шина» топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі.
Сигналдарды жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл – желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана.
Одан басқа да факторлар жеткілікті:
желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы
компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі
жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері
желілік кабельдің типі
желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.
Анықтама. «Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады
«Жұлдызша» топологиясымен құрылған қарапайым желі
«Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
Анықтама. «Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған
«Сақина» топологиясымен құрылған қарапайым желі «Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады. «Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл тәжірибелік жұмыста Топология дегеніміз − компьютерлердің нақты физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина», «жұлдызша», «сақина». Осы топологиялардың қиысулары арқылы әртүрлі құрама топологиялар, мысалы «жұлдызша-шина», «жұлдызша-сақина» алынатынын таныстым. . Және оның 3 түрі болатынын білдім. Жаңа командалармен танысып шықтым, тәжірибелік жұмысты орындау барысында пайдаландым.
Достарыңызбен бөлісу: |