113. Т. Рысқұловтың Сталинге хаты. «Бесеудің хаты». Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5млн. Мал басы болса, 1933 жылы оның саны 4,5 млн-ға дейін азайған. 1930-1932 аштық жылдары Қазақстан халқының саны 6,2 млн. болса, соның 2,1млн-ы аштықтан қырылды. 1 млн. 700 мың адам Қазақстаннан тыс аймақ/ға көшіп кетті. Күшпен жүргізілген ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстанда жалпы саны 372 көтеріліс болып, оған 80 мыңдай адам қатысқан. Ол көтерілістің барлығын дерлік Кеңес өкіметі әскердің көмегімен басып тастады, көтерілісші/ге аяусыз жазалар қолданылды. Қазақстанда болып жатқан осы аштық, оның себептері туралы қылышынан қан тамған заманда Т.Рысқұлов 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды («Сталинге хат»). Сол кезде Қазақстан өлкесін басқарған Голощекиннің асыра сілтеу саясатына қарсы қазақтың белгілі азаматтары Т.Рысқұлов, М.Даулетқалиев, Е.Алтынбеков,Қ.Қуанышпаев, Ғ.Мүсіреповтер де Сталинге ашық хат жазды («Бесеудің хаты»). 1933 жылы Голощекин биліктен алынып тасталды. Бірақ бәрі кеш еді. Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталингеарналып жазылған. Бесеудің хаты республ-ы мал шаруаш-ң күйрегендігі сал/ынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташа/ды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянат/ жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды. Хаттың автор/ы — жазушыҒабит Мүсірепов (1902—1985), Қазақмемлекеттікбаспасының меңгерушісі МансұрҒатаулин (1903-1938), Алматы Комвузыныңбасшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982), Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялы/-ң тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.