Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет10/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Неопозитивизм – ол позитивизімнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада 20 ғ. 20-шы ж. қалыптасты.
Неопозитивизмде позитивизімнің алғашқы принциптерін қолдайды /философияны терістеу/. Неопозитивизм өзінің дамуында бір-неше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм – оның тарихи алғашқы түрі /басқа түрлері осының модификациясы/. Логикалық позитивизімнің негіздері екі танымалы философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгенштейннің /«Логикалық-философиялық трактат» (1921 ж.)/.
Неопозитивизмнің келесі кезені логиктерден, математиктерден, әлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының /1923 ж./ қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик /австриялық философ, физик/, өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пәні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл – ол білімді жеткізу түрі, тәсілі.
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы әдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мәні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия – ол логика» дейді.
Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі; 2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарың бұзған. Дәстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі: 1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды /логика мен математиканың пікірлері/; 2. синтетикалық, тәжірибе ғылымдардың нәтижесін қамтиды.
Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тәсіл арқылы шешілуі мүмкін: 1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау /анализ/ арқылы; 2. тікелей әлде айналмалы түрде сезім тәжірибемен салыстыра отырып.
Верификация процедурасы арқылы тек синтетикалық пікірлердің ақиқатқа лайықтығы шешілуі қажет. Пікірдің верификациясы /оның шындық, ақиқат екендігін тексеру/ дегеніміз, ол бақылаудың нәтижесінде пайда болған пікірлерді /протоколдық ұсыныстарды/ сараптап, сонғы пікірді шығару.
Сөйтіп, тәжірибе ғылымдардың мағыналы ережелерін синтетикалық пікірлер классына айналдыру үшін екі рұқсат еңгізу қажет: 1. білімнің негізгі деңгейі бар - көп түрлі протоколдық сөйлемдер; 2. ғылыми анықтамалар арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.
Неопозитивистермен бүкіл ғылыми ережелерді синтетикалық пікілер классына айналдыру жолы – түбінде О. Конттың заңының анықтамасы болады – «елесті бақылауға бағындыру» заңы. Бірақ, Конт осы формуланы әлі дұрыс анықтай алмаған сон, неопозитивстер келесі пікірді ұсынды, дүние туралы жағымды білім - пікір арқылы жарияланған, мағынасы протоколдық бақылауға сай білім.
Философия неопозитивистердің айтуынша: 1. нақты теория; және 2. қызмет түрі.
20 ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады. Осы философияның пәні – мағыналарың анықтауға арналған нақты ғылымдардың ережелерін талдау қызмет. Философтың мақсаты – нақты логикалық техника арқылы нақты ғылымдардың ережелерінен сезім ұсыныстармен салыстырылатың сөйлемдерге көшу.
Позитивті философиясының әдісі – формалды логика. Логикалық позитивизімнің пікірінше білім мен таным аспектілерін біріктірудің ғылыми маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет, ал позитивті философия таным нәтижелерін анализдейді – нақты ғылымдардың анықтамалары мен сөйлемдерін.
Бірақ, содан кейін, неопозитивистер ғылыми білімнің басқа моделін ұсынады: 1. ғылыми тұжырымдар түбінде болжаулар болған сон, оларды ұсыну – психологиялық процесс; 2. теория тандау, қабылдау процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол.
Редукционистік модельдің орынына неопозитивистер гипотетико-дедуктивтік модельді ұсынған болады. Ол постпозитистермен өздерінің ғылыми таным концепциясында қолданылған.
50-60-шы жж. философ-аналитиктің мақсатын ғылымға логикалық талдау беру емес, табиғи нақты сөйлеу тілді талдау деп түсінген. Басқаша бұл ағым қарапайым тіл философиясы деп аталған, себебі, оның талдау пәні қазіргі күнделікті тіл болады.
Логикалық позитивизм ғылым философиясы деп аталады, философияда сциентизм жолын қалыптастырады.
Ал, лингвистикалық позитивистер ғылыми білімнің культі /үстемділігіне/ қарсы, дүниеге қатысты «табиғи» қарым-қатынасты ұстанады, ол қарапайым тілде көрсетілген деп, философияда антисциентизм жолын ұстанады.
Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.
Қорыта айтқанда, ғылым философиясының бейнесін құра отырып, не туралы сөз болып жатқанын анықтау керек; сонда оны Батыста жеке философия бағытының пәні ретінде, логика мен методология, мәдениет саласындағы тұрмыстың ойлау әрекеті ретінде қалыптасқан ғылым деп санайды. Бұл жас пән ХХ ғ. екінші жартысында пайда болған. Оның пәні - ғылыми танымның ерекше әрекетінің заңдылықтары. Ғалымдардың айтуынша: аналитикалық эпистемология - ғылым философиясы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет