«Анықталмаған білім» аймақ – жеткілікті толық жетілмеген сөз немесе адекватты яғни дәл емес.
«Мәнерсіз» аймақ – бұл терең тұлғалық білім, әлеуметтану процесіне қиын беріледі. Бұл аймақ уайымдау мен өмір қызығушылығына негізделген. Сөйлеу арқылы берілетін білім. «Мәнерсіз» аймақта ойлау компоненті ақпараттану ретінде және тек жақсы түсіндірілген сөз арқылы жүзеге асады.
«Қиын түсіну» аймағы – вербалды емес ойлау мазмұны мен сөйлеу құралдарының арасындағы келіспеушулік.
Артикуляция /лат. сөзінен аударғанда «нақты жеке айту»/ мағынаны береді. Дыбыстарды дұрыс шығару және тіл мүшесімен жұмыс жасау.
Гештальт психологиясы – психология ғылымының бір саласы, сана мен психиканы тұтастықта қарастыру.
ХХғ. 70 ж. Философия ғылымының оңаша бір кезеңі қарастырылады. Осы кезеннің ең басты мәселесі барша пародаксалды ой-көзқарасты қалыптастырып, оның философия ғылымындағы алғашқы міндеттермен сәйкес келмеуі. Осы кезеннің ең басты идеясы таным іс-әрекетінің релятивті нормасы, сыншыл рационализм концепциясы одан ары жалғасуда. Бұл кезеннің негізгі өкілдері М. Полани, Ст. Тулмин, Т. Кун, И. Лакатос, Д. Агасси, П. Фейрабенд, Дж. Холтон.
Өзінің нормативті–рационалды мәселесімен ерекшеленетін анықталмаған концепция М. Поланидің «Тұлғалық білім» концепциясы. М. Полани (1891-1976 жж.) британдық ғалым, Венгриядан шыққан. Берлин институтында физика, химиядан жұмыс істеген, 1933 ж. Германияға ұлтшыл биліктін келуіне байланысты, Ұлыбританияға ауып (эмиграция) кетеді. Осында Ұлыбританияның Манчестер университетінде әлуметтік ғылым және физика, химиядан профессор қызметін атқарады.
Полани әлеуметтік ғылымға қадам басты. Оның ең әйгілі еңбегің «Тұлғалық білім. Посткритикалық философия жолында» жаңа тын көзқараспен қарастырады. М. Поланидің бұл еңбегіне К. Поппер иррационализіміне қарсы шығып, айыптайды. К. Поппердің мұндай көзқарасын Рорти және Куайн да құптады. М. Поланидің концепциясының негізгі пафосы - деперсонифицирияланған ғылыми білімдегі жалған идалды жеңіп алу. «Тереңде жатқан тұлғалық мінез әрекеттерін ескере отырып, жақсыз идеал, бейтарап шындықты қайта қарастыру, ақиқатқа алып келеді», - деді ойшыл. «Мен ғылыми идеал бейтараптықтан бас тартамын, мен басқа идеал бейнесін ұсынғым келеді, – деп жазды. Өзінің тұлғалық білім концепциясын талқылай отырып: «Мүмкін екі сөз бір-біріне қарама-қайшылық туғызар; бірақ шынайы білім жақсыз, жалпы объективті. Мен үшін білім – бұл белсенді таным іс-әрекетті қажет ететін екрекше өнер».
М. Полани эпистемиолоиядағы антропология бағытын күшейтеді. Оның негізгі тезисі қорытынды болып табылады:
ғылымды шеберлікке ие болатын адамдар жасайды;
танымдық іс-әрекет өнерін оқулықтан үйрену мүмкін емес. Ол шебермен тікелей қарым-қатынаста беріледі (салт-дәстүр ұстанымы «Мен сияқты істе» жаңа күш және жаңа парадигма мәнің көрсетеді);
ғылымды жасайтын адамдар басқа нәрсемен немесе оларға берілген білімнен бөлініп кете алмайды;
таным және ғылыми іс-әрекетте жеке тәжірбиенің мотиві ерекше орын алады, уайымдау, ғылымға деген ішкі сенім, оның құндылығына ғалымның қызығушылығы, жеке жауапкершілік.
М. Полани үшін тұлғалық білім – бұл интеллектуалды өзіне-өзі қайтару (самоотдача), танушының құштарлық салымы. Мұндай құштарлық білімнің қажетті элементі. М. Поланидің айтуынша, адамның болашағын қарастырмау кез-келген әрекет, түсінбеушілікке, мағынасыздыққа әкеледі. Ғалым сенімді, шындыққтын, ақиқаттын орнауы біздің яғни өзіміздің түпкі имплициттік өмірлік өлшемге байланысты екендігіне және мұндай өлшем формалды ережеге бағынбайтындығына. М. Полани сенімнің таным процесіндегі рөлін жаңаша бағалайды. Оның айтуынша «сенімнің жойылғаны соншалық, тек дінге сенуді ғана есептемесек, қазіргі адам тек көзі жеткен ой-пікірлерді ғана қабылдайды. Сенім құбылысын субъективті түрде қарастырылуы білімнің жан-жақты дамуына кедергі туғызады». Қазіргі таңда автордың пікірін ескере отырып, біздің міндетіміз сенім білімнің қайнар көзі екенің құптау. Сенімнің арқасында жүйелік өзара әлуметтік байланыс сенімі құрылады. Анықталған және анықталмаған, интеллектуалды құштарлық, мәдени мұра – осының бәрі сеніммен тығыз байланысты. Ақыл-ой негіз ретінде сенімге сүйенеді, бірақ кез-келген уақытта оны жоққа шығаруы мүмкін. Ғылымда жиынтық аксиоманың, постулат және ұстанымның пайда болуының түпкі тамыры сенімнен басталады.
Автор үшін таным шеберлігі тіл құрамының мәнерлі айтылуы мен бейнеленуіне және қандай да дамыған күшті болғанына байланысты емес. Бұл тезис тіл ғылымның бірыңғайлығына қарсы келеді. Ғылыми білімді оқулықтар және ғылыми шығармашылық еңбектері арқылы таныстыру, автор ойынша бұл тек санада жатқан білімнің бір бөлігі. Қалған бөлігі перифериялық білім (анықталмаған) таным процесстерімен ұштасып жатады. Ғылыми білім мен перифериялық білімді байланыстыратын бір аспап (инструмент). Танымның әрекетін жүйелік түрде бір аспап (инструмент) арқылы қарастырылуының нәтижесінде, теориялық немесе практикалық білім туындайды. Яғни анықталмаған білімнің, анықталған білімге айналуы осы аспап арқылы жүзеге асады.
М. Поланидің тұлғалық білім концепциясында үш негізгі аймақ және ойлау мен сөйлеудің қатынасының үш вариантын көрсетеді: