Білім және сенім – дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім және білім мәселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс және араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген /Тертуллиан «Сенемен, абсурд болсада!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды –танымның табиғи ңұры деп, ал діндік сенімді - құдайдың ңұры деген/; түбінде приоритет /үстемділік/ діндік сенімге берілген. Білім, сенім және күмән жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепте күрделі мәселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақта сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық статусы, әлеумттік-мәдени және коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін актуалды.
1.Ғылым және дін. Ғылым әр-түрлі мәдени дәстүлермен негізделетін рухани өмірдің ерекше аймағы болғансон, біз оның қоғам өміріндегі басқа түрлерден айырмашылығына тоқтап кетейік. Сол себеппен әуелі ғылыммен атқарылатын міндеттерге тоқтасақ: 1. дүниегекөзқарастық /мәдени-ағартушылық/, 2. эвристикалық /танымдық/, 3. практикалық, 4. болжау.
Дүниегекөзқарас – дегеніміз дүние туралы пікір, индивидуалды және қоғамдық түрде қалыптасатын күрделі, интегралдық құрылыс. Көзқарастың бір бөлшегі білім болады.
Көзқарастың білім бөлігі жазық және тікшіл координатын құрастырады; жазық тұрғыда: табиғи-техникалық пен әлеуметтік /гуманитарлық/; тікшіл: 1.қарапайым білім /филогенезде –мифологиялық білімдер; онтогенезде – бала бақшадағы және бастаушы білімде/; 2. эмпириялық және нақты ғылыми білімдер – филогенезде жылдамдық, салмақ, бойлығы т.б., нақты заңдардың шығуы /Архимед, Эвклид заңдары/, онтогенезде – нақты биологиялық, физикалық т.б ғылымдарға сүйенетін мектеп деңгейі; 3. жалпы ғылыми білім – филогенезде Птолемей мен Коперниктің ғарыш туралы заңдары, Ньютонның механика заңдылықтары, Ломоносовтың салмақты сақтау туралы заң т.б., онтогенезде – жоғары сыныптарға лайық деңгей, сол заңдарды өтеді; 4. білім құрылысының жоғары деңгейі – философиялық білімді қамтитың жалпы заңдар.
Ғылым болды және әр-қашанда ғылыми көзқарастың қалыптастыру қаруы болып қалады.
Ғылыми білімнің қалыптасуы білім беру жүйесі арқылы болады. Қазіргі кезде қоғам өмірінде білімнің орны күрделі. Ғылыммен айыналысатын адамдардың саны 5-10 жылы екіге көбейюде. Дамыған мемлекеттер білімнің сапасын қөтеріп жалпы ұлттық заттардың өсуі 40% дейін мүмкін. Білімнің дағдарысы түбінде мәдениет пен қоғамның дағдарысы болып табылады.
Ғылым көп қырлы, көп астарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағнасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады.
Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды және де философия ілімін зерттеуінде байқаймыз, дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептер негізінде адам баласының рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады.
Қазақстан жері қауымдардың көші-қоны мен әртүрлі діндердің таралуына сан алуан сахна болғанын ескерсек, қазақ халқының дүниетанымында, философиялық жоралғыларында дінің алар орнының маңыздылығы айқын болмақ. Әл-Фараби секілді әлемдік деңгейдегі философтың еңбектерінде діни сеніммен туындаған бай және терең мазмұнның кезігуі осының айғағы.