Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет43/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Негізгі терминдер: антика ғылымы, архаика, ежелгі әлемнің архаикалық білімі, ежелгі Шығыс білімі, классикалық ғылым, неклассикалық /классикалық емес/ ғылым, неонеклассикалық ғылым, орта ғасыр ғылымы.


Өзекті ұғымдар:
Антика ғылымы – бұл фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген эмпиризімге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы – Пифагор, стоиктер мен элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тәнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы – Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тәжірибелік табиғатына назар аударды; тәжірибесіз алынған, дерексіз, жалпылықты нақтылықсыз тану түбінде қателікке әкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады.
Архаика – рецептурлық-эмпириялық, утилитарлық-технологиялық білім, индуктивтік генерализация мен қолданбалы әдеттер түрінде қызмет етеді. Бұл танымдық формаларды ғылыми деп айтуға болмайды, себебі, жүйесіз, теориялық-номологиялық болған емес. Ғылым фундаменталды жүйелік заңдық дискурсымен өзі оңайланады. Ғылым - ол қарапайым түрінде илеалдандыру кеңістігінде шығарылған заң деп тұжырымдасақ, онда, архаикалық мәдениеттер /майя, Мысыр, Қытай, Үнді, Таяу Шығыс/ ғылымды білмеген деуге болады.
Ежелгі әлемнің архаикалық білімі – ғылымның қарсаны. Нағыз заңдарды білдірмеседе ол ғылымның қалыптасуында маңызды каузалдық байланысты шығаруға бағытталған. Индуктивтік генерализациялар, түбінде, заңдардан алыстататын импликативтік қатынастарға /«ендеше»/ әкеледі. Нормативтік-инструктивтік статусқа ие болған техникалық қабілеттер /субъект пен объектің қызметін үйымдастырады, осында ғылым-технологиясы білім-бейнелеуден ерекше/ реалдылықтың нағыз қатынастарына сүйенгенде эффективті болуы мүмкін. Жалпы осы әлемнің заңдылық қасиеттерін жаңғыртуға бағытталған ғылыми ұстанымның прогресіне себепші болады. Тарихи уақытта осы гносеологиялық процесс ежелгі шығыс мәдениетінің өркендеуімен сәйкес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет