Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет37/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Ғылымның негізгі белгілері:

  • шынайы білімнің үнемі өсуі, жаңалықтарының құндылығы;

  • объективтілігі (интеробъективтілік);

  • қарапайымдылық (ойлаудың үнемділігі);

  • білім құрудың логикалығы;

  • сенімділік, нанымдылық;

  • білім өнімділігі;

  • ғылыми зерттеу құралы арқылы білім алудың ерекше тәсілі;

  • ғылыми білімнің аяқталмауы;

  • таным әдістерін қолданудың универсалдылығы, олардың кез-келген таным объектісі үшін қолданылу мүмкіндігі;

  • объектілермен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • құралдардың ерекше жүйесінің болуы;

  • ғылымның көптүрлі түсініктері мен категорияларының нақты жүйелерінің көрінісі;

  • «фактілер, теориялар, заңдардың диктатурасы», және бұдан шындыққа сәйкес келмеуі.

Сонымен, ғылым күрделі, жүйелілік, қоғамдық білімге ие және өзіндік дамуының спецификалық заңдылықтармен ерекшеленеді.
2. Ғылым және философия.
«Философия дегеніміз не?» деген сұраққа келесі жауапты естуге болады «Ғылымның ғылымы». Осында жауаптың екі лайықты жағы бар: 1. априорлы тұрғыдан ол философияны үстемді, дәрежелі түрде ұсынады; сөйтіп, философия адамзат ақылының әр саласына қатысты; 2. «ғылымның ғылымы» деген атау алдынала философияны күрделі пән деп, әркім оны қабылдай алмайды деген пікірді тудырады.
Орта ғасыр принципі «қажеттіліксіз мәндерді көбейтпеңіз». Яғни, философия ғылымдардың жәй жиыны болса, ол солардың ортасында өзінің мәнің жоғалтар еді. Бүкіл ғылымдардың жетістіктерің бір полотноға көшіріп, сиыдыру оңай іс емес. Бірақ, осындай істе философиядан ештене жоқ. Философия Лир патшасы сияқты бүкіл қыздарына байлығын үлестіріп, өзі дымсыз далада қалды. Сөйтіп, философияда өзінің пәндігінен, өзгешелігінен, қажеттілігінен айырылды. Позитивистер сол тұрғыдан философия дербестігі мен өз құндылығынан айырылды дейді.
Ал, енді екінші жағынан, әр практикалық жағдайда көмекке сіз әрине маманды шақырасыз. Әрине, философия бүкіл дүние туралы өзгеше-ғылыми білімдерді өзіне жинап алуы мүмкін емес. Философ дәрігерді ме, т.б. айырбастай алмайды. Яғни, философия ғылымның ғылымы бола алмайды, және нақты ғылымда болмайды. Философия мен ғылым арасындағы тарихи ұзаққа созылған пікірталас – қайсысы қоғамға қажетті – көп пікірлерді тудырды. Философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы келесі тезистерге тоқтауға болады:
Нақты, өзгеше ғылымдар қоғамның қажеттіліктеріне бағынады – техникаға, экономикаға, тәрбие өнеріне, заңдарға т.б. Олардың бәрі болмыстың өзіне жақын фрагментің зерттейді. Сөйтіп, дүниенің тек бір бөлігімен қанағаттанады. Гегельдің пікірінше, нақты ғылымдар нақты материалға батып, ақыл-парасаттық таныммен шектеледі. Ал, философия дүниені толық, тұтас түрде қамтиды. Универсумды тану үшін нақтылықпен шектелмейді. Мән, универсумның бірлігі – яғни, барлық бар болса, оның мәні неде? Сонда, философия «бірінші бастама, бірінші себеп» туралы ғылым деген анықтама дұрыс болар.
Нақты ғылымдар адамнан тыс құбылыстар мен заттарды, реалды дүниені зерттейді. Оларды адам құндылық шкаласы қызықтырмайды. Өзінің тұжырымдарын ғылым теория, заң, формула т.б. түрлерде жариялайды. Сонда жақшының сыртында эмоция, тұлғалық қатынаста қалады; қоғамда олар қандай салдарға әкеледі деген сұрақтарға назар аудармайды Ғалымның фигурасы, оның ой өрісі, темпераменті, өмірлік тандаулары т.б. ғылым үшін қызықты емес. Себебі, заңдар, теориялар т.б. объективті, және ғалымның жағдайы мен тұлғалық деңгейіне қатысты емес.
Ал, дүние болса философ үшін қатып қалған статика емес, ол тірі динамикалық қозғалыста дамитың жанды біртұтас. Осы көп-түрлі байланыста себеп пен салдар, циклдік пен спонтандылық, реттілік пен деструкция, ігілік пен зұлым күші, гармония мен хаос қисындары /өрістері/ шатысқан. Сонда, философияландырылған ақыл өзінің дүниеге қатынасын білдіреді. Сөйтіп, философия адамның дүниеге білдірген қатынасы /ойлаудың дүниеге қатынасы, сананың материяға қатынасы/. Ғылымның нәтижелеріне сүйеніп, философия адам болмысының контекстінде сол процесстер мен құбылыстардың қажеттілігі мен мәндік мағынасын қарастырады.
Нақты ғылымдар нақты елестерден бастайды, оларды дәлелсіз толық қабылдайды. Еш маман өзінің пәні қалай пайда болды, оның өзгешелігі неде деп сұрақ қоймайды. Осы мәселелер қойылса, сонда табиғаттанушы философиялық деңгейге көтеріледі. Философия әр білімнің, оның ішінде философияның негізін іздейді. Сонда, ол бәріне айқын, бәріне мәлім, басқаларға бастаушы нүкте, түсініктің мөлшері бола, және баға бере алатын негіздерді іздейді /ақиқат пен пікірді, эмпирия мен теорияны, бостандық пен белсенделекті, озбырлық пен биілікті ажыратады/. Әр нақты ғылымда бастамасын алатын және сонын табатын сұрақтар – философиялық ойлардың сүйікті тақырыптары.
Реалдық дүние туралы объективтік, жүйеленген, шындық пен ақиқатқа сай білім – ғылымның қызмет түріндегі жетістіктері. Және де ол жаңа білімді алуға бағытталған, дүниені пәндік түрде тануға лайық қоғамдық сананың бір түрі. Ғылымның мақсаты әр-қашанда заңдар арқылы дүниені сипаттау, түсіндіру, болжау деген. Ғылым жүйесі техникалық, табиғаттану, қоғамдық түрлеріне бөлінеді. Және тарихта әр 15 жыл ғалымдардың саны екі есе өседі. Ғылымның дамуында нормалдық кезеңдер революциялықтармен ауысады. Олар жалпы құрылымының, принциптренінің, таным әдітері мен ұйымдастыру түрлері.
Философия субъектің объектке теориялық-рефлексивтік және рухани-практикалық қатынаспен негіздейді. Әлеуметтік болмысқа жаңа идеал мен нормаларды, мәдени құндылықтрды ұсынып әсер етеді. Оның тарихи қалыптасқан салалары: онтология, гносеология, логика, этика, эстетика және жаңа қалыптасып жатқандар: философиялық антропология, аксиология, мәдениет теориясы, әлеуметтік философия, философия тарихы, дін философиясы, методология, ғылым философиясы т.б. Философияның негізгі тенденциялары келесі мәселереді түсінуге арналған: дуние және сол дүниеде адамның орны, қазіргі өркениеттің тағдыры, көп-түрлі және біртұтас мәдениеттер, адам танымының табиғаты, болмыс және тіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет