Сынаужалпы мағынасында керісінші байланыс, яғни, алғашқы шарттарға, негіздерге, теория мен идеяларға, тұжырыммен принциптерге назар аудару режимінде рефлексияландыру қабілеті. Сынау принципиалдық түрде өзіндік позиция контраргументтермен жоққа шығарылса, яғни, оларды жоққа шығару. «...Әр сынау түбінде әр-түрлі қайшылық пен сәйкессіздікті көрсету, ғылыми прогресс қайшылықты тек айқындау емес жоюшылық. Қайшылық ғылымды прогресске әкелетін тәсіл».
Бірақ, сыншылдық ұсынылған идеяларды қорғау мен дәлелдеу, соны жасауға аргументтерді іздеу. Сынау аргументация жүйесіндегі өкілдермен «диалог» пен «полилогқа» қатысу. Сол қасиетінде ол плюралды.
Дж. Сороспен келесі сөздер айтылған: «Бәрі мүмкін болу керек, әлі дәлелденбей, түбінде мүмкін емес. Оны мен ойлаудың сынау типі деп атаймын». Тандау әр-қашанда жарияланған ережелердің механикалық қосымшасын емес, тұрақты сынау анализге сұраныс жасайды. Ойлаудың сынау типінде абстракциялар маңызды орын алады. Латынша абстракция ол аландау болса, ал шығарып алу өзінің сапасында реалдылықты қарапайым түрге айналдырады, бірақ ойлаудың қабылданған құралы болады. Абстракциялық құрылыстын интерпретациясы қосымша мәселелер тудырады. Ақыл реалдылықтан алшақтаса, абстракциялардың «өзгеше толық» өмірмен жаратылған мәселелрдің төнірігіне жеткісі келеді. Түбінде, ойлаудың жоғары деңгейіне дейін жетіп, реалдық өмір мәселелері мен коллизиясынан «ұшып» кетеді. Жерге түсу үшін, сыншыл ойлау абстракциялық категориялардың байланысының басқа интерпретациясына іліну қажет, олар реалдықта максималды түрде адекватты болады. Ойлаудың сынау түрі интерпретациялардың әр-түрлі мүмкін жағдайларын ұсынады.
Рационалдылықтың сапасы сынаудың қасиеті ретінде мақсаттың, іс-әрекеттің, нәтиженің әлде байланыс процесстің анықтығы мен түсінігін негіздейді. Сынау рационализімнің пафосы эмпиризімге қарсы болуда емес. Керісінше, реалды эмпириялық жағдайлар анализге және сынауға назар сұрайды. Сыншыл рационализм ирационализімге қайшы. Рационалдылықтың стандарты индивидтердің іс-әрекет ресурсына қатысты жинақсыздықты қабылдамайды. Рационалды дүние түсінігінің негізінде оптималдылық жатыр.
Кант пен Гегельдің шығармаларында біз рационалдылық анықтамасының шегінің өсуін байқаймыз. Гегельге мына сөздер тәрізді: «Ақылдының бәрін біз қатар мистикалық деп санауымыз қажет, себебі, ол ақылға симайтын және жетілмейтін болғандықтан емес ақыл-парасаттың шегінен шығатындығы». Поппер айытқандай, Гегель ақылдың табиғатында өз-өзіне қайшылық жатыр дейді. Адам қабілеттері емес, рационалдылықтың өзінің мәні бізді қайшылықтар мен антиномиялармен жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Антиномиялылық, Гегельдің пікірінше, ол ақыл арқылы дамып жатқан тәсіл.
Қазіргі жағдайда рационалдылықтың мәселесін талқылау қиын жағдайға жатады, себебі, рационалды бағытталған теориялар басқа табиғаты бар элементтерді кіргізеді – рационалдылықтан тыс, құңдылық, идеологиялық, экзистенциалды, стохастикалық – бәрі әлеуметтік детерминацияға бағынады.
М. Вебердің анализіне бағынып отырып, бюрократияны да қоғамды меңгерудің рационалды тәсілі. Өзінің мақсаты бойынша ол заң әріптеріне бағыну мен ұстануды міндет етеді. Ал заң рационалдылықтың бірінші белгісі. Бірақта, сыншыл рационализм сонша рационалды деп аталады, себебі, ол тек ақыл деңгейіне жетпеген түрлерді сынау емес, сонымен қатар нақты жағдайдағы мақсаттылық пен және қосымша сферадағы ақылмен шек қою.
Ақылдың сыншыл потенциалының қосымша сферасы ретінде институциналдылықты қарастыруға болады, яғни, бұған әлеуметтік реттілікті қалыптастыратың қоғамдық институттар жатады. Сыншыл ақылдың компетенциясына тек персоналармен және доктриналармен пікірталас емес, тағы да әлеуметтік институттардың қызметіне белсенді өзгеріс кіргізу – «жабық қоғамдағы» «бағыну» принципі және рефлексияланбай бағыну. Поппердің айтуынша, ақылға бағынып, сынау қабілетті қолдана бастағанда, біз өзіміздің тұлғалық жауапкершілік үнімізді сездік, сонымен бірге білім прогесіне ықпал ететін жауапкершілікғ біз алғашқы тайпалық магияға бағынатын қоғамға қайтарылып келе алмаймыз. Біз артқа бұрылсақ – тағы барлық өтілген жолды қайталау мәжбүрміз – яғни хауан деңгейіне».
Бірақ бұл эпистемологиямен әлеуметтік танымның кездесуінде жалғыз оқиға емес. Эпистемологияда Поппермен ұсынылған демаркация идеясы – рационалды мен иррационалдықты, ғылым мен ғылым еместі бөлу ғылыми танымның шегінен шықты. Демаркацияны универсалдандыруға себеп пайда болды – яғни, ашық және жабық қоғамдар аралығында демаркациялық сызық өткізу – бірақ олардың бәріне ортақ тарихи даму процесске қатыстарын ұмытпай.
К. Поппердің эпистемологиясындағы орталық идея қоғамдық организмден де өзіндік коррекция сүрауға мәжбүр болды. Фальсификация идеясы әлеуметтік анализдеуге қосымша қоғамдық біртұтастыққа өзіндік коррекция үшін маңызды бағыттарды ашады.
Әр социумдағы қабылданған идеялар сыннан өткізу қажет, сонда қана ақылдылар сақталады, ал ақылсыздар тасталып, жаңа әлеуметтік стратегияны ұсынады. Осыны кіші өзгерістің түрі деп айтуға болады. Сынау өзгеріске әкелетін рационалды және эффективті әсершіл құралдары.
Имре Лакатос Карл Поппердің замандасы оның теориясына скептикалық тұрғыдан қарайды. Келешек саяси философтар мен ағартышу қызметкерлеріне талай сұрақтарға жауап іздеу жұмысы дайын. Мәнгі сұрақтарға жауаптар әлі де тек жорамал жағдайында қалады.
Ғылыми танымның стратегиясына айналған сынау рационализм принципіне келесі тежеулер қойылады: Бірінші тежеу – мақсатқа жетудің қажеттілігі.
Екінші тежеу – тек керекті салдардың шығуы, сонымен қатар, тікелей бақылаудан өткендерде.
Үшінші тежеу – салдардың зиянсыздығы, жағымдысы.
Төртінші – білу мен болжау мүмкіндігі.
Және ғылымның дамуына әсер беретіндеріне – мистикалық инсайт – тұлғалық, индивидуалдық шығармашылық.
Попперден үш әлемді ажырату сыншыл-рефлексивтік процесстің сызықтарын анықтайды. Үш әлем – 1. шектелген физикалық жағдайлар әлде объектілер; 2. сана, ойлау ментальдық жағдайлар, қызметке қатысты диспозициялар; 3. ойлаудың объективтік мазмұны – ғылыми иедялардың мазмұны, поэтикалық ойлар мен өнер шығармаларының мазмұны. Яғни теориялық идеялар, концепциялар, мәселелер, қиын оқиғалар – сынау пікірлер, сыншыл пікір-таластар және олардың жағдайлары.